Компьютер сөзінің қазақша атауы
Кеш тақырыбы
«Біз және Интернет»
Мақсаты
Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, білім деңгейін саралау және сыныптан тыс жұмыстардың сапасын жақсарту.
Өткізу форматы және қатысушылар
- Өткізу түрі
- Сайыс
- Қатысушылар
- 8-сынып оқушылары
- Жүргізушілер
- 11-сынып оқушылары
- Әділ қазылар
- 9-сынып оқушылары
Жоспар
- 1 Баяндама: «Біз және Интернет»
- 2 Білім сайысы: «Білгірлер, тапқырлар»
- 3 Қорытынды: марапаттау
Кештің ашылуы (жүргізушілер сөзі)
1-жүргізуші
Уа, жарандар, жарандар,
Мына бізге қараңдар.
Кәнеки, залда тыныштық,
Естілмесін бір дыбыс.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың жаңасы —
Информатика жайында
Кешімізді бастаймыз.
2-жүргізуші
Жан достарым, мұны жақсы ұғайық,
Информатика — құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың бәрін де
Компьютерсіз түсіну мүмкін емес.
Бағдарлама — дүние кілті әлі де,
Үйреніңдер: қажетті пән бүгінде.
Кеңесеміз, айтарымыз — бәріңе.
Сайыс кезеңдері
«Өзіміз туралы»
1-жүргізуші
Демейін заман сөздері,
Тап бүгін өзгерді.
Бағыңды сынап сайыста,
Көрінетін кез келді.
Тапсырма: әр топ таныстыру арқылы топтың атауын, ұранын, формасын және мақсатын қорғайды.
«Сәттілік кезеңі» (жылдам сұрақтар)
2-жүргізуші
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпаздары болады.
Ереже: әр топ мүмкіндігінше аз уақытта 10 сұраққа жауап береді.
1-топқа сұрақтар
- Бір бөлмеде орналасқан компьютерлер арасындағы байланыс? (Жергілікті желі)
- «Компьютер» сөзінің қазақша атауы. (Есептегіш)
- Қолданушы мен ғаламтор арасындағы қызметті қамтамасыз ететін бағдарлама. (Браузер)
- Электронды пошта жәшігі неден тұрады? (Логин — жеке атау, пароль — құпия сөз)
- Гипермәтіндік құжаттарды іздеу және қарастыру қызметі. (WWW — World Wide Web)
- Ғаламторда электронды поштамен қатар қандай қызмет түрлері бар?
- Провайдер деген не? (Ғаламтор ресурстарына қатынас құруды ұсынатын ұйым)
- Орналасу жағдайына қарай желілердің қандай түрлері бар?
- Web-беттерден тұратын ақпараттық ресурс. (Web-сайт)
- Желілік торапты басқарумен жұмыс істейтін ресурстар тобы. (Домен)
2-топқа сұрақтар
- Дүние жүзінде орналасқан компьютерлер арасындағы байланыс? (Интернет желісі)
- «Windows» сөзінің қазақша атауы. (Терезе)
- Электронды мәліметтер беру қызметі қалай аталады? (Электронды пошта)
- Қазіргі қолданыстағы браузерлерді атаңдар. (Internet Explorer, Mozilla Firefox, Opera, Google Chrome т.б.)
- Телефон арқылы ғаламторға қосу құралы. (Модем)
- Ғаламторда электронды поштамен қатар қандай қызмет түрлері бар?
- Сервер деген не? (Желідегі басқа компьютерлерге өз ресурсын ұсынатын компьютер)
- Орналасу жағдайына қарай желілердің қандай түрлері бар?
- Ақпараттық алмасуды қамтамасыз ететін компьютерлер мен құрылғылар жиынтығы. (Компьютерлік желі)
- Желідегі басқа компьютерлердің жергілікті ресурстарын қолданатын компьютер. (Клиент)
«Сөз жасырынбақ»
1-жүргізуші
Орындары ауыстырылып жазылған компьютерлік терминдерді 1 минут ішінде тауып, дұрыс жазу керек.
Терминдер
- ЛАМҒАТОР
- ЗЕРРАУБ
- ТРОНЭЛЕКДЫ ТАПОШ
- ТЕРКОМЮПЬ
- ЙТАС
- ВЕСЕРР
«Түсін мені»
2-жүргізуші
Информатика пәнінен
Көрсетіңдер батырлық.
Ой толғайық жүйелі,
Таңдайымызға татырлық.
Тапсырма: адам мүшелері мен компьютер құрылғыларының ұқсастығын ескере отырып, берілген сурет бойынша компьютер бөліктерін атаңдар.
Қорытынды және марапаттау
Сайыс нәтижелері қорытындыланып, үздік командалар мен белсенді қатысушылар марапатталады.