Тышқан алақанға толығымен сиятын кішкентай қорап түріндегі құрылғы

Информатика пәні мұғалімі: Индира Алимханова

Тақырып: Компьютер құрылғылары

Бұл материалда үстел үсті компьютерінің (desktop) негізгі құрылғылары және олардың атқаратын қызметтері қысқаша әрі түсінікті түрде беріледі.

Стол үсті компьютерінің негізгі бөліктері

Жүйелік блок

Компьютердің негізгі түйіндері орналасатын бөлік.

Монитор

Ақпаратты экранға шығару үшін қолданылады.

Пернетақта

Мәтін енгізу және басқару командаларын беру үшін қажет.

Тышқан

Курсорды басқару және интерфейсте әрекет жасау үшін қолданылады.

Дыбыс колонкалары

Дыбысты шығару үшін пайдаланылады.

Принтер

Ақпаратты қағазға басып шығару үшін қолданылады.

Сканер

Суреттерді және құжаттарды компьютерге енгізу үшін қажет.

Негізгі құрылғыларға қысқаша түсініктеме

Монитор

Шығару құрылғысы

Монитор — ақпараттың визуалды бейнесі көрсетілетін құрылғы. Экранда мәтін, кесте, сурет және басқа да мәліметтер көрінеді.

Пернетақта

Енгізу құрылғысы

Пернетақта компьютерге ақпарат енгізу және басқару сигналдарын беру үшін қолданылады. Ол пернелердің стандартты жиынтығынан тұрады:

  • әріптік-сандық пернелер;
  • басқарушы және функционалдық пернелер;
  • курсорды басқару пернелері;
  • қосымша кіші сандық (numpad) пернелер.

Тышқан

Басқару құрылғысы

Тышқан — алақанға толық сыятын шағын құрылғы. Ол компьютерге кабель арқылы немесе сымсыз байланыс арқылы қосылады.

Тышқанның қозғалысы экрандағы курсордың қозғалысына сәйкес келеді. Құрылғының үстіңгі бөлігінде басқару батырмалары орналасады (әдетте үшеу). Олар әрекетті бастау мен аяқтауға, мәзірден таңдау жасауға және нысандарды басқаруға көмектеседі.