Етістік қандай сөз табы. Сын есімді табу

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Жакупова Жұлдызай Сұлтанғалиевна

Дара және күрделі сын есім: білімді тиянақтау сабағы

Мақсаты

  • Сын есім туралы алған білімді пысықтау және түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы бекіту.
  • Ойлау қабілетін арттыру, сөздік қорды молайту, шығармашылықты дамыту.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың түрі:
Жаңа сабақтан алған білімді бекіту.
Әдіс-тәсілдері:
Сұрақ-жауап, талдау.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық жүргізіліп, оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру көзделеді.

I. Кіріспе бөлім

Бүгінгі қазақ тілі сабағында сын есім бойынша алған білімдеріңді жинақтап, бекітеміз. «Сын есім туралы не білдік?» деген сұраққа бүгінгі тапсырмаларды слайд арқылы орындай отырып жауап табамыз.

II. Негізгі бөлім

1-слайд

Жедел сұрақтар: білім мен жылдамдық

Тапсырманы орындай отырып, алғыр да білімді, тапқыр да жылдам оқушыны анықтаймыз.

Қайталау
  • Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
  • Зат есім дегеніміз не?
  • «Арал», «Талдықорған», «Айжан» қандай зат есім?
  • Жалқы есім дегеніміз не?
  • Етістік қандай сөз табы?
  • «Балалар сыныпқа кірді.» Етістік болып тұрған сөзді ата.
  • Етістіктің шақтары дегеніміз не?
  • Өткен шаққа мысал келтір.
  • Сын есім дегеніміз не?
  • Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не?
  • Дара және күрделі сын есім дегеніміз не?
  • Күрделі сын есімге мысал келтір.

2-слайд

Мақал-мәтелдерден сын есімді табу

Тілі тәтті, діні қатты.

Жақсы кісі жығылса, жаман адам табылар.

Сабыр түбі — сары алтын.

3-слайд

Жұмбақ шешу және сын есімді табу

Оқушылар жұмбақтың шешімін тауып, сол сөйлем ішіндегі сын есімді анықтайды.

Сергіту сәті

Мына мен тұра сала төсектен,
Жаттығатын спортшы деп есепте.
Бір, екі, үш —
Бұлшық етте, міне, күш!

Төрт, бес, алты —
Бүгілеміз, бүктелеміз бәкідей,
Созыламыз, керілеміз сәкідей.

4-слайд

Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер

Берілген сөйлемдерден тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді анықтап, сын есімдерді табу.

Бөлмеге ақшашты әже кірді.

Бізді ұзын бойлы адам қарсы алды.

Оның әкесі жылы жүзді кісі екен.

Мәтінмен жұмыс

455-жаттығу: сын есімдерді тап, олардың дара немесе күрделі екенін айт.

5-слайд

Жылдам жауап: бекіту сұрақтары

Қорытындылау

Денсаулық қандай байлық?

Жауабы: зор

Бір сөзден құралған сын есім қандай болады?

Жауабы: дара

Тәтті сөзі заттың нені білдіреді?

Жауабы: дәмін

Қандай бала арлы бала?

Жауабы: әдепті

Жақсы — жаман қандай сын есім?

Жауабы: қарсы мәндес сын есім

Әдемі сөзі қандай сын есім?

Жауабы: дара

Заттың сынын, сапасын, түрін, түсін, дәмін білдіретін сөз табы қайсы?

Жауабы: сын есім

Сын есімнің сұрақтары қандай?

Жауабы: қандай? қай?

Сын есімдер құрамына қарай қаншаға бөлінеді?

Жауабы: екіге

Тудың түсі қандай?

Жауабы: көгілдір

III. Қорытынды

Сонымен, балалар, біз «сын есім» сөз табын толық меңгердік деп ойлаймын. Бүгінгі сабақта көрсеткен белсенділіктерің, тапқырлықтарың және алғырлықтарың — соның айғағы.

IV. Оқушылар білімін бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.

V. Үйге тапсырма

453-жаттығу: берілген тапсырманы орындап келу.