Әдеби ертегілер
Сабақ жоспары
Тақырып: Әдеби ертегілер. Әбділдә Тәжібаев. «Толағай»
Мерзімі
______________
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға ертегінің бір түрі — әдеби ертегі туралы, Әбділдә Тәжібаевтың өмір жолы және «Толағай» шығармасы жөнінде түсінік беру. «Толағайдың» әдеби ертегі жанрына жататынын меңгерту.
Дамытушылық
Оқушылардың ойын жүйелі жеткізуін, шапшаңдығын, сөздік қорын байытуын қолдау. Пәнге қызығушылығын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылық пен ержүректілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер
Әдіс-тәсілдер
- Слайдтар
- Active Studio дыбыстық жүйесі
- Түсіндіру
- Жекелей оқыту
- Хронологиялық кесте
- Венн диаграммасы
- Сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
- Тірек сызбалар
- Ә. Тәжібаевтың портреті
- Интерактивті тақтамен жұмыс
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1Сәлемдесу
- 2Түгендеу
- 3Оқушылардың зейінін пәнге аудару
II. Жаңа материалға даярлық
Бүгін біз Ә. Тәжібаевтың өмір жолымен және әдеби ертегі жанрына жататын «Толағай» шығармасымен танысамыз. Сонымен бірге ертегідегі Толағайдың елі мен жері үшін жасаған ерлігін талдаймыз.
III. Жаңа материалды түсіндіру
Әдебиет түрлері
Ауыз әдебиетінің түрлері
- Тұрмыс-салт жырлары
- Мақал-мәтелдер
- Жұмбақтар
- Жаңылтпаштар
- Ертегілер
- Батырлар жыры
- Ғашықтық жырлар
- Айтыс өлеңдері
- Аңыз әңгімелер
Әдеби ертегі дегеніміз не?
Ертегілердің бір саласы — әдеби ертегі. Авторын нақты білуге болатындықтан, ол әдеби ертегі деп аталады. Әдеби ертегілер көбіне халық арасында ауызша айтылып келген аңыз-әңгімелердің негізінде туындайды.
Әдеби ертегілер еңбек адамын қадірлеуді, туған елді сүюді, биік адамгершілікті, шыншылдық пен әділдікті уағыздайды.
Әбділдә Тәжібаевтың «Толағай» шығармасы — әдеби ертегі. Ертегіге Толағай атты батыр бала туралы және оның атымен аталған Толағай тауы жөніндегі халық аңызы арқау болған.
Ә. Тәжібаев: өмірі мен шығармашылығы
- 1909 жылы 4 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
- 1995 жылы 23 қыркүйекте дүниеден өткен.
- Ақын, драматург, әдебиет зерттеуші; Қазақстанның халық жазушысы; филология ғылымдарының докторы, профессор.
- Тұңғыш жинағы «Жаңа ырғақ» 1933 жылы жарық көрген.
- Елуге жуық кітаптың авторы.
- «Толағай» әдеби ертегісі 1978 жылы жазылған.
- «Жамбыл» кинофильмінің сценарийін жазған.
- Марапаттары: Октябрь революциясы ордені, «Еңбек Қызыл Ту» ордені (екі рет), «Құрмет белгісі» ордені және медальдар.
Әбділдә Тәжібаев «Күй атасы», «Ақын», «Портреттер» дастандарын жазған, балалар тақырыбына да қалам тартқан.
Мәтінмен жұмыс: «Толағай» (ерлік туралы аңыз)
Оқушылар шығарманы жекелей оқиды. Төменде поэманың мазмұндық өзегін айқындайтын негізгі үзінді ұсынылады.
Үзінді
Оқу үшінЕл аузында ертеректен, ертек болған қызық көптен — бір әңгіме есімде бар. Айтып соны баяндайын, ерінбейін, аянбайын: тыңдау үшін кел, балалар.
Сонау Ертіс жағасында Саржан атты мерген өмір сүріпті. Жұбайы Айсұлу — ақ маралдай. Ел қуанып, сәби дүниеге келіп, ақсақалдар бата беріп, оған Толағай деп ат қойыпты.
Толағай ерекше күш иесі болып өседі: жеті жасында садақ тартып, мергендігімен, батырлығымен жұртты таңырқатады. Бір аңшылықта ол әкесіне тап берген жолбарысты жеңіп, қауіптің бетін қайтарады.
Жылдар өте елді қуаңшылық қысады: жауын тамбай, шөп қурап, егін шықпай, жұрт күйзеліске түседі. Толағай елін ойлап, жауын-шашын үзілмейтін Тарбағатай өңіріндегі асқар тауға жол тартады.
Ол бір шоқынып тұрған тау бөлігін қарымен, орман-тасымен қоса жұлып алып, арқасына салып, ауылына қарай алып жүреді. Тау жақындаған сайын бұлт үйіріліп, жаңбыр құйып, жер бусанып, ел қуанышқа бөленеді.
Алайда соңғы сәтте Толағай қажып, сүрініп құлайды. «Апа!» деген бір ауыз сөз айтады. Тау да шөгіп, батыр бала Отаны үшін жанын береді. Сол тау содан бері Толағай аталыпты.
IV. Түсінгендерін тексеру
Сөздікпен жұмыс
- Отыз күндік мереке
- Қазақта ұзақ уақыт тойлау дәстүрі. «Отыз күн ойын, қырық күн той» деген сөз содан қалған.
- Жай оты
- Найзағай.
- Сұсы басты
- Айбатынан сескендірді.
- Еткен еңбек ұшты желге
- Пайдасы болмады, зая кетті.
- Егілмеген
- Жыламаған.
Хронологиялық кесте (тапсырма)
Ә. Тәжібаевтың өмір жолын жылдармен сәйкестендіріп, кестені толтырыңдар.
| Жыл | Оқиға |
|---|---|
| 1909 | 4 ақпан — Қызылорда қаласында дүниеге келді. |
| 1933 | Тұңғыш жинағы «Жаңа ырғақ» жарық көрді. |
| 1978 | «Толағай» әдеби ертегісі жазылды. |
| 1995 | 23 қыркүйек — дүниеден өтті. |
Қосымша тапсырмалар
- «Толағай» ертегісіндегі теңеулерді тауып, теріп жазыңдар: ақ маралдай, аймен тең, ақ меруерттей, жұлдыздай, өрттей, аждаһадай, анасындай.
- Поэманы сатылай кешенді талдау: авторы, тақырыбы, жанр түрі, идеясы, құрылысы (шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас), көркемдік ерекшелігі (эпитет, метафора, риторикалық сұрақ).
V. Сабақты қорытындылау
Қорытынды сұрақтар
- 1Ертегі-дастанға қандай оқиға арқау болған?
- 2Толағайдың елге жанашырлық, сүйіспеншілік сезімдері сенің бойыңнан табыла ма?
- 3Шығарманың мазмұнын өз сөзіңмен қысқаша баянда.
- 4Ертегіні бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қой.
- 5Ертегінің қысқаша мазмұн-жоспарын құр.
- 6Толағайды әдеби кейіпкер ретінде сипатта (дүниеге ерекше келуі, мінезі, ерлік істері, ел есінде қалуы).
- 7Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме? Егер жұрт күйзелсе, сен не істер едің?
- 8Толағайды бұрын оқыған кейіпкерлермен салыстыр (Венн диаграммасы: «Керқұла атты Кендебай» — «Толағай»).
Негізгі ой
Толағай — халық арманынан туған кейіпкер. Шығарманың идеясы — ел үшін, Отан үшін жанын аямайтын ерлер туса деген тілек.
Талқылау
Сұрақ: Толағайдың тауды көтеруі мүмкін бе?
Жауап: Жоқ, әрине. Бұл — көркемдік әсірелеу арқылы берілген халық қиялы мен үміті.
Сұрақ: Бүгінгі ертегі ұнады ма?
Жауап: Иә.
Сөзжұмбақ (ұсыныс)
- Ауыз әдебиетінің бір түрі
- Ә. Тәжібаев дүниеге келген қала
- Ислам ұғымындағы күллі ғаламды жаратушы
- Адам ата жасаған ең алғашқы адамның аты
- Жаңбыр үзілмейтін өңір
- Құранды жаттап, үнемі есінде сақтайтын адамдар
- Толағайдың анасының аты
VI. Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
- Ә. Тәжібаевтың өмір жолы мен «Толағай» ертегісін оқып, мазмұндау.
- Ертегіден ұнаған үзіндіні жаттау.
Бағалау
Қ. Мырзалиевтің сөзімен айтқанда: «Қазақ қонақ келсе көл-көсір, ат мінгізіп, жібек шапан жабатын». Бүгінгі «шапандарың» — сабақта алған бағаларың.