Түсті ажырату

Сабақтың тақырыбы

8 саны мен цифры

Сабақтың мақсаты

  • 8 санымен таныстыру; 1-ден 8-ге дейін ауызша санауды және есептеуді меңгерту.
  • Сандарды тура және кері санауға үйрету; артық, кем, тең ұғымдарын және белгілерін қолдандыру.
  • Ойын тәсілдері арқылы баланың ой-өрісін, логикалық ойлауын және математикалық тілін дамыту.
  • Еңбекке, ұқыптылыққа, сауатты және әдемі жазуға баулу.

Сабақтың түрі

«Ормандағы түлкі» желісіндегі сабақ.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, таныстыру, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу.

Көрнекіліктер

  • 1-ден 8-ге дейінгі тапсырмалар.
  • Түсті ажырату ойыны.
  • «Ормандағы түлкі»: 7 санының құрамы, 8 саны және салыстыру.
  • Қораптағы 8 таяқшаны құрастыру.
  • 1-ден 8-ге дейінгі «көңілді сандар» материалдары.
  • №1 жұмыс дәптері.

Пәнаралық байланыс

Көркем әдебиет Құрастыру

Сабақтың жүру барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық: жылы лебіздер айту.

Балалар:
Амандасу — үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал кәнеки бәріміз,
«Сәлем» дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

2) Өтілген сабақты тиянақтау

Алдыңғы тақырып бойынша сұрақ-жауап арқылы қайталау жүргізіледі.

3) Жаңа сабақ

Жетекші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем.

Жетекші: Көктем айларында неше ай бар?
Балалар: 3 ай — наурыз, сәуір, мамыр.

Жетекші балаларға көзді жұмып, «Ормандағы түлкіні» елестетуді ұсынады. Сол сәтте топқа түлкі келеді.

Түлкі: Сәлеметсіздер ме, апайлар! Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен орманнан келдім. Сендердің сандарыңды сиқырлап қойдым. Егер менің тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар, сандар үйлеріне қайтады.

Жетекші: Балалар, сандарға көмектесеміз бе?

1-тапсырма: Ауызша жұмбақ есептер

Бестен төртті алайық,
Қанша қалды қарайық.
Қарайық та санайық,
Санайық та табайық.

Баспайда бар бес іні,
Естайда бар екі іні.
Қоссақ бес пен екіні,
Қанша болар шешуі?

2-тапсырма: Түсті ажырату

Балалар тақтадағы ағаш, қызғалдақ және сәбіз суреттері бойынша түстерді ажыратып, сәйкес бөліктерін жапсырады: ағаштың жасыл жапырағы, қызғалдақтың гүлі. Бұл құбылыстардың бәрі көктем мезгілінде болатыны түсіндіріледі.

Көктем туралы тақпақ:

Көктем нұрын төккен,
Жер жылып кеткен.
Тал бүршік сепкен,
Көңілді көктем.

Жібектей леппен,
Алмадай бетпен,
Біздерді өпкен —
Көңілді көктем.

3-тапсырма: 7 санының құрамы

Дидактикалық ойын: «Саңырауқұлақ теру».
Анар орманға саңырауқұлақ теруге барады. Анасы оған 7 саңырауқұлақ әкелуді тапсырды. Анар 3 саңырауқұлақ жинады. Енді тағы неше саңырауқұлақ жинауы керек?

3 + 4 = 7

Жетекші: Балалар, біз өткен сабақтағы 7 санын қайталадық. Бүгінгі жаңа сабақта 8 санымен танысамыз.

Санау дағдысы

1-ден 8-ге дейін тура санау және 8-ден 1-ге дейін кері санау (тақтада көрсету).

Жазу дағдысы

8 санын ауада жазып көрсету және дәптерде бекіту.