Сабақтың уақыты
Теориялық аралас сабақтың әдістемелік әзірлемесі
Тақырыбы: Жер тарихы және оны зерттеу әдістері.
Сабақ форматы
- Түрі
- Аралас сабақ
- Ұзақтығы
- 90 минут (2 сағат)
- Әдістері
- Көрнекі, ауызша, жазбаша, түсіндірмелі
Оқу мақсаттары
- Білімділік: жер тарихының шежіресін; палеозой дәуіріндегі тіршіліктің дамуын; өсімдіктер эволюциясын меңгерту.
- Тәрбиелік: құрал-жабдықтар мен оқулықтарды таза ұстауға, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, белсенділікке және шапшаңдыққа тәрбиелеу; оқу орнын қадірлеуге баулу.
- Дамытушылық: алынған ақпаратты талдауға үйрету; биология бойынша ой-өрісті дамыту; ғылыми-оқу және анықтамалық әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс
Пәнішілік байланыс
П2: Мезозой және кайнозой дәуірлерінде тіршіліктің дамуы.
Пәнаралық байланыс
Медициналық биология және генетика; молекулалық биология және медициналық генетика; экология; тарих; химия.
Сабақтың жабдықталуы
Материалдық
- Биология оқулығы
- Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- Оқу жұмыс бағдарламасы
- Әдістемелік әзірлеме
- I–II нұсқалы тесттер
- Плакат
- Фронталь сұрақтар
Техникалық-программалық
- CD-диск
- Компьютер
- Интерактивті тақта
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі
Биология: Р. Сәтімбеков, Р. Алімқұлова.
Қосымша
Мухамеджанова К., Қасымбаева Т. Жалпы биология. Хрестоматия. Алматы: Мектеп.
Оқушы білуі тиіс
- Жер тарихының шежіресін.
- Палеозой дәуіріндегі тіршіліктің даму ерекшеліктерін.
- Өсімдіктер эволюциясының негізгі кезеңдерін.
Сабақтың хронокартасы
1) Ұйымдастыру кезеңі
5 минут
2) Білімді тексеру
30 минут
3) Жаңа тақырыпты түсіндіру
35 минут
4) Пысықтау
15 минут
5) Қорытындылау
3 минут
6) Үй тапсырмасы
2 минут
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)
Оқытушы оқу бөлмесінің тазалығына және оқушылардың киім үлгісіне назар аударады.
Оқушылардың сабаққа қатысуын және дайындығын тексеріп, сабақтың бағдарламасы мен мақсаттарын таныстырады.
II. Оқушылардың білімін тексеру (30 минут)
Дәріс сабағында өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап жүргізіледі. Оқушылардың білім деңгейі фронталь сұрақтар немесе тестілеу арқылы бағаланады.
Фронталь сұрақтар
- Дивергенция, конвергенция, параллелизм дегеніміз не?
- «Дивергенция» термині қай тілден шыққан және қандай мағына береді?
- Эволюция барысында бір бастапқы түрден бірнеше түрдің шығуын қалай атайды?
- «Конвергенция» термині қай тілден шыққан және қандай мағына білдіреді?
- Параллелизм дегеніміз не?
- «Параллелизм» термині қай тілден шыққан және қандай мағына береді?
- Конвергенция дегеніміз не?
- Дивергенция дегеніміз не?
Үлгі жауаптар
- 1) Тірі организмдердің жекелеген жүйелік топтарында байқалатын эволюциялық заңдылықтар.
- 2) Дивергенция (лат. divergo — «кері шегіну») — туыс формалардағы белгілердің ажырауы.
- 3) Ч. Дарвин бұл құбылысты белгілердің ажырауы, яғни дивергенция деп атаған.
- 4) Конвергенция (лат. convergo — «ұқсас болу»).
- 5) Параллелизм — туыстық жағынан өте жақын организмдерде ұқсас белгілердің бір-біріне тәуелсіз дамуы.
- 6) Грек. parallelos — «қатар жүру».
- 7) Конвергенция — туыстық жағынан алыс организмдердің тіршілік ортасы ұқсас болған жағдайда сыртқы пішінінің және кейбір белгілерінің ұқсас болуы.
- 8) Дивергенция — табиғатта үздіксіз жүретін процесс; туыс формалардағы белгілердің ажырауы.
Келесі бөлім: «Жер тарихы және оны зерттеу әдістері» тақырыбын меңгерту және бекіту.