Аламан бәйге

Сабақ тақырыбы

Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы.

Сабақтың мақсаты

  • Ұлттық ойындар арқылы қызықты тапсырмалар мен жұмбақ есептер шығарту.
  • Логикалық ойлау қабілетін дамыту, тез ойлауға және шапшаң есептеуге үйрету.
  • Ұжымшылдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
  • Әдет-ғұрып, ойын-сауық және ұлттық ойындар арқылы ауызбірлік пен достықты нығайту.

Сабақтың ресурстары

Асықтар Ақсүйектер Кубик Кеспе әріптер Теңге Орамал

Сабақтың әдістері

Түсіндіру, есептеу, құрастыру, ой қозғау, ұлттық ойындар.

Пәнаралық байланыс

Тіл дамыту, сауат ашу, экология, логика.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Алдымен ұлттық ойындар туралы қысқаша түсінік беріледі.

Аламан бәйге (таныстыру)

Аламан бәйгеде жүйрік, жарыс аттар 25–100 шақырымдық қашықтыққа шабады. Жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белес сияқты кедергілер болуы мүмкін. Мұндай бәйге үлкен тойларда, ас беруде, торқалы жиындар мен ірі мерекелерде жарияланады.

Мақсат қою

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәлім, тәрбие табар ма?

Бұл бәйге — ойдың бәйгесі:

Кім жүйрік ойға — сол алда.

Сабақ жарыс түрінде ұйымдастырылады.

Топтарға бөлу

Тапқырлар Білгірлер Ойшылдар

1-тапсырма: Математикалық жұмбақ есептер

Логика • Есептеу

1) Тал басында тізіліп, он жапырақ тұр еді. Жел соқты да үзіліп, ұшып кетті біреуі. Ізінше оның жұлынып, түсті тағы бесеуі. Тұр әлі де ілініп, жапырақтың нешеуі?

Жауабы: 4

2) Аулада 3 үйрек, қорада 1 үйрек. 1 үйрек тығылды, 1 үйрек жығылды. Қалғаны неше үйрек?

Жауабы: 2

3) Табақта 5 алма, қолымда 2 алма. Қоссақ, барлығы неше алма болады?

Жауабы: 7

2-тапсырма: «Ханталапай» ойыны

Санау • Салыстыру

Өлең жолдары:
Талапай-ау, талапай,
Табылды ойын — алақай!
Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз!

Мұғалім асықты шашады. Оқушылар шашылған асықты жинап, әрқайсысы өзіндегі асықты топпен бірге санайды. Санап болған соң, топтар арасында салыстыру жұмысы жүргізіледі.

3-тапсырма: «Ақсүйек» ойыны

Сандар • Сөйлеу

Тақтаға ақсүйектер жапсырылады. Бір оқушы көзін жұмады да ақсүйектің біреуін алады. Артында жазылған санға байланысты санамақ айтады.

4-тапсырма: «Орамал тастамақ» ойыны

Көрші сандар

Берілген санның алдыңғы және артқы көршісін табу керек. Дұрыс тапқан оқушы келесі баланың алдына орамал тастайды.

5-тапсырма: «Теңге ілу» ойыны

Тіл • Ырғақ

Тақтаға теңге ілінеді. Теңгені алу үшін оқушы бір жаңылтпаш айтып береді.

6-тапсырма: «Неше аяқ?» ойыны

Қосу • Талдау

Мараттың үйінде әкесі, шешесі, бір інісі, апасы және Мараттың өзі бар. Барлығының аяқтарының саны нешеу?

7-тапсырма: «Кубизм» әдісімен ой қозғау

Сұрақ-жауап

Кубик лақтыру арқылы сұрақтарға жауап беріледі. 1–5 сандары ашылғанда «БІЛІМ» сөзі құралады.

Сұрақтар

  • Қол не үшін керек?
  • Қазақстанның тұңғыш президенті кім?
  • Кітап не үшін керек?
  • «Қызыл кітапқа» не жазылады?
  • Тірі табиғатты ата.

Нәтиже

Оқушылардың ойлау жылдамдығы, сөйлеу дағдысы және қоршаған орта туралы түсінігі бекітіледі.

Кілт сөз

БІЛІМ

Қорытынды

Оқушылар мадақталады. Кеспе әріптер арқылы «Жарайсыңдар» сөзін құрастырып, сабақ қорытындыланады.