Зерттеушілер тобына

Қазақ әдебиеті · 5-сынып

Сабақ тақырыбы: Сапарғали Бегалин — «Бала Шоқан» әңгімесі

Оқу мақсаты

Оқушыларға қазақтың ұлы ғалымы, зерттеушісі, этнографы әрі жазушысы Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беру; оның өмірбаянына тоқталу және бұрынғы білімдерін тереңдету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады

Балалар жазушысы С. Бегалиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін еске түсіріп, «Бала Шоқан» шығармасының мазмұнымен танысады және мәтінге талдау жасайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

Оқушының дүниетанымы кеңейеді, шығармашылық қабілеттері дамиды, азаматтық ұстанымы айқындалады.

Кейбір оқушылар орындай алады

Оқушылар өз бетімен қорытынды жасайды, ізденеді, ойын ашық жеткізеді. Белсенділік пен көшбасшылық қабілеттері көрінеді.

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер

  • күзек
  • аға сұлтан
  • қаршығаның аяқбауы
  • арлан
  • пәуеске арба
  • мүсін
  • кездеме
  • әбдіре
  • қотан
  • тұғыр

Диалогқа арналған тілдік бірліктер

«Балалар, бұл шығарманың авторы кім? Жазушының айтпақ ойы қандай?»

«Шығарма қай тұлғаның балалық шағына арналған?»

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Сіз неліктен ... екенін түсіндіре аласыз ба?
  • Сіз неліктен Мұхаммедханафия Уәлихановтың Шоқан атанғанын айта аласыз ба?
  • Шоқан қай ханның ұрпағынан тарайтынын айта аласыз ба?

Тыңдалым мен оқылымға ұсынылатын сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

2 минут
  • Сәлемдесу.
  • Сынып ішінде түстердің үйлесімділігі арқылы жағымды атмосфера қалыптастыру.
  • Сыныпты 3 топқа біріктіру: Әдебиетшілер, Зерттеушілер, Шоқантанушылар.

II. Ой қозғау

2 минут

«Балалар, сендер бастауыш сыныпта Шоқан туралы қандай шығарманы оқыдыңдар?»

III. «Зымыран сұрақтар» әдісі

жедел сұрақ-жауап

Шоқан туралы білімді жинақтау мақсатында әр топқа 4 сұрақ қойылады. Оқушылар ойланбастан, жылдам жауап береді.

I топ: Әдебиетшілер

  1. С. Бегалин қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
  2. Шоқан кім? Ол туралы не білесің?
  3. Шоқан Мысықпен қай жерде кездесті?
  4. Шоқанның досы Мысықтың негізгі ермегі қандай?

II топ: Зерттеушілер

  1. Мысықтың жасаған мүсіндерін Шоқан қалай бағалады?
  2. Мүсін дегеніміз не?
  3. Мысық жасаған мүсіндерін неге Шоқанға бергісі келмеді?
  4. Шығармадағы Жақып кім? Мінездеме бер.

III топ: Шоқантанушылар

  1. Мысық не үшін бақырып жылап жіберді?
  2. Әкесімен қатар шыққан Шоқан неге бөлініп кетті?
  3. Шоқанның Мысықты үйіне ертіп келуінің екі себебі қандай?
  4. Шоқан Мысықпен қалай қоштасты?

IV. Мағынаны тану (еркін жауап әдісі)

10 минут

Оқушылар топпен жұмыс істеп, түрлі тәсілдер арқылы С. Бегалиннің «Бала Шоқан» шығармасын талдайды.

I топ: RAFT стратегиясы

  • R — Рөл: шығарма кейіпкерлері.
  • A — Аудитория: шығарма кімге арналған, қандай оқиғалар суреттелген?
  • F — Форма: берілу формасы қандай? Өлең түрінде ме? Неше бөлімнен тұрады?
  • T — Тақырып: шығарма тақырыбы не? Жазушы кім туралы айтқысы келді?

II топ: Құрылымдық талдау

Шығарманың аты: ________
Авторы: ________
Басталуы: ________
Дамуы: ________
Байланысуы: ________
Шиеленісуі: ________
Шарықтау шегі: ________
Шешімі: ________

III топ: Тұжырымдамалық карта

Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына байланысты негізгі деректерді жинақтап, «ұлы тұлға» бейнесін ашады.

Нұсқау: уақыт, орын, қызметі, еңбектері, мінез-құлқы, тарихи маңызы, шығармадағы көрінісі.