Әдепті сөз мәтінінің мазмұнын айту, әдептілік туралы мақал - мәтел жинастыру

Сабақ тақырыбы

Ата тәлімі (С. Ақаев)

Мақсаты

  • Мәтін мазмұнын ашу және автор туралы мағлұмат беру.
  • Табиғатты қорғауға және үлкендерге көмектесуге тәрбиелеу.
  • Өзіндік пікір қалыптастыру.
  • Сөздік қорын, тіл байлығын және ой-өрісін дамыту.

Күтілетін нәтиже

  • Топпен жұмыс жасау дағдыларын меңгереді.
  • Пәнге қызығушылығы артады.
  • Тапсырманы түсініп, өз деңгейінде орындай алады.

Дереккөздер мен жабдықтар

  • Мультимедиялық проектор.
  • Флипчарт, фломастер, маркер.
  • Стикерлер және түрлі-түсті жетондар.

Негізгі идеялар мен міндеттер

  • Өткен материалды қайталау.
  • Тақырыпты игеру.
  • Оқушыларды тиянақтылыққа үйрету.
  • Шағын топтарда жұмыс арқылы бірін-бірі оқыту дағдысын қалыптастыру.
  • Тапсырмаларды орындауда өмірлік білім мен тәжірибеге сүйену.
  • Өз бетімен білім алу қабілетін дамыту.
  • Оқушылардың жетістігін формативті бағалау.

Сабақтың жүру барысы

I. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық: «Жүректен жүрекке»

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз —
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, қонақтар!

II. Өткен сабақты пысықтау

«Әдепті сөз» мәтінінің мазмұнын айту және әдептілік туралы мақал-мәтелдер жинастыру.

  1. 1. Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергені.

  2. 2. Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.

  3. 3. Әдепсіз бала — ауыздықтан атпен тең, ақылды қария — жазып қойған хатпен тең.