Балаларды көлік түрлерімен таныстыру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Білім саласы
Қатынас
Бөлімі
Ағылшын тілі
Тақырыбы
Transport (Көліктер)
Мақсаты
- Балаларды көлік түрлерімен таныстыру.
- Көлік түрлерін атап, оларды сипаттауға үйрету.
Көрнекіліктер
Көліктер бейнеленген плакат.
Билингвиалдық компонент
Негізгі сөздерді екі тілде бекітуге арналған сөздік.
- A car көлік
- An airplane ұшақ
- A bus автобус
- A bicycle велосипед
- A ship кеме
- A train пойыз
Сабақ барысы
Мотивациялық-қызығушылық кезеңі
«Жылулық шеңбері»
Балалар шеңберге тұрып, жүрекшені (немесе символдық «жүректі») бір-бірінің қолына беріп, болашақта кім болғылары келетінін айтады.
Амандасу
- Мұғалім: “Good morning, children!”
- Мұғалім: “How are you?”
Іздену-ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе бөлім
Өткен сабақта балалар ыдыс-аяқ түрлерімен танысты. Мұғалім суреттерді көрсетіп, сұрақтарға жауап алынады:
Сұрақ: “What is it?”
Негізгі бөлім
Сұрақ: «Балалар, тақтаға қараңдаршы. Мұнда не көріп тұрсыңдар?»
Сұрақ: «Көлік бізге не үшін керек?»
Сұрақ: «Көліктер неше түрге бөлінеді?»
Талқылауда көліктерді жер, су, ауа көліктері ретінде жіктеуге бағыттау ұсынылады.
Айтылым (қайталату)
Мұғалімнің соңынан балалар хормен қайталайды:
- A car
- A bus
- A bicycle
- A train
- A ship
- An airplane
«Аудармашы» ойыны
Мұғалім балаларға доп береді де, көлік түрлерін қазақша айтады. Допты алған бала сөзді ағылшын тіліне аударады.
Қазақша
Пойыз
Қазақша
Ұшақ
Қазақша
Велосипед
Сергіту сәті
Step, step, clap, clap!
Step, step, clap, clap!
Turn yourself around
And then you clap, clap
Hands up! Clap, clap!
Turn yourself around
And then you clap, clap
Bend left! Clap, clap!
Bend right! Clap, clap!
Turn yourself around
And then you clap, clap.
«Жер, су, ауа» ойыны
Мұғалім сөз айтады, ал балалар сәйкес ортаға қатысты көліктерді атайды:
- Жер — “Land” (жерде жүретін көліктер)
- Су — “Water” (суда жүзетін көліктер)
- Ауа — “Air” (ауада ұшатын көліктер)
Ойын бірнеше айналыммен жалғаса береді.
“Yes / No” ойыны
Мұғалім сұрақ қояды, балалар “Yes” немесе “No” деп жауап береді:
“Is it an airplane?”
“Is it a bus?”
“Is it a car?”
Рефлексия және қорытынды
Бекіту
Суреттер арқылы “What is it?” сұрағы қойылып, жауаптары тыңдалады.
Қайталау сұрағы: «Көліктер неше түрге бөлінеді?»
Бағалау
Белсенді қатысқан балалардың жұмысы бағаланып, қолдау сөздері айтылады.
Мадақтау
Балалардың жауаптары мен белсенділігі мадақталады.