Тоқылдақтың суреті

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мұғалім

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Ауталипова Гулняз Капсалямқызы.

Тақырып

Білімді тиянақтау (қайталау, пысықтау, экологиялық ертегі сабақ).

Мақсаты (білімділік)

  • Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру.
  • Сөздік қорын молайту.
  • Өз пікірін сенімді айтуға, ортаға салуға үйрету.

Мақсаты (дамытушылық)

  • Шапшаң ойлау қабілетін дамыту.
  • Шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беру.

Мақсаты (тәрбиелік)

  • Экологиялық тәрбие беру.

Көрнекіліктер

Суреттер, қима әріптер, табиғат көрінісі, құстардың суреттері.

Әдіс-тәсілдер

Әңгімелесу, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.

1) Ұйымдастыру кезеңі

Назарды сабаққа аудару

Оқушылардың зейінін шоғырландырып, сабақтың мақсаты мен барысын қысқаша хабарлау.

Психологиялық дайындық

  • Мен ақылдымын.
  • Қиындықтан қорықпаймын.
  • Мен жаспын, мен әдемімін.
  • Мен ұзақ өмір сүремін.
  • Менің қолымнан көптеген жақсылық келеді.
  • Мен барлық туыстарымды жақсы көремін.

2) Қызығушылықты ояту: суретпен жұмыс

Сұрақ

Нелерді көріп тұрсыңдар?

Күтілетін жауап: аңдар, құстар.

Сөздік жұмыс

Аңдар мен құстардың аттарын атау.

Мысал: қасқыр, түлкі, қоян, торғай, аққу, тиін.

Ойлан

Бұлар қайда мекендейді?

Күтілетін жауап: орманда, тоғайда.

3) Экологиялық ертегі: тыңдалым және талқылау

Сабаққа кіріспе

Бүгін ана тілі пәні бойынша экологиялық ертегі сабағын өткіземіз. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн мен айды жазыңдар.

Ертегі мәтіні (қысқартылып, стильдік тұрғыда өңделген нұсқа)

Ерте, ерте, ертеде жапан түздегі сиреп қалған орманның ішінде бір тоқылдақ өмір сүріпті. Ол таңның атысы, күннің батысы ағаштарды тұмсығымен шоқып, тоқылдатумен болыпты.

Қатты дыбыстан мезі болған ормандағы аңдар мен құстар оны орманнан қуып жібереді. Тоқылдақ кеткен соң аз күнде ағаштардың діңіне құрт-құмырсқа түсіп, ағаштар шіри бастайды. Ауруға шалдыққан ағаштар күндіз-түні көмек сұрап, зарлайды.

Бір күні бұл дауысты естіген көгершін ұшып келеді. Мән-жайды түсінген соң: «Дәрігердің кім екенін білмеймін, бірақ іздеп көрейін», — деп жолға шығады.

Мұғалімнің сұрағы

Ағаштарға көмектескіміз келе ме? Олай болса, көгершінмен бірге «дәрігер» іздеп жолға шығайық.

Жедел сұрақ-жауап

Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар?
40 дыбыс, 42 әріп.
Дыбыс пен әріптің айырмасы қандай?
Дыбысты естиміз және айтамыз, әріпті көреміз және жазамыз.

Ойын: әріптерден сөз құра

Тақтада қызыл және көк түсті әріптер беріледі: қызыл — дауысты, көк — дауыссыз. Дыбыстардан буын, буыннан сөз құрастырамыз.

а-на а-та ша-на ба-ла қо-ян да-ла

4) Ертегі жалғасы: кейіпкерлер арқылы тапсырма орындау

Бұлбұлмен кездесу

Көгершін қалың тоғайға жақындағанда құйқылжыта ән салып отырған бұлбұлды көреді де, ағаштарға көмектесуін өтінеді. Бірақ бұлбұл: «Менің уақытым жоқ. Әнімді аң-құс қана емес, адамдар да жақсы көреді. Көмекті адамдардан сұра», — дейді.

Сергіту сәті

Ұзын мұртты құмырсқа, Келе жатып жұмысқа, Алды допты қолына, Қойды допты алдына, Алға қарады, артқа қарады, Үлкен тау деп ойлады.

1-тапсырма

Сурет бойынша сөзді буынға бөлу және дыбыстық талдау жасау.

Мысал: ал-ма — 2 буын, 4 дыбыс, 4 әріп.

2-тапсырма

Осы сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру.

Аққумен кездесу

Көгершін айдын көлде жүзіп жүрген аққуға келеді. Аққу: «Мен киелі құспын, бұл жерден кете алмаймын. Бірақ тоғайда үнсіз жүретін, жұмысы жоқ құстар бар — солардың бірін тап. Мүмкін, көмектесер», — деп ақыл айтады.

Ойын: ұйқасын тап

  • 1) Өзінше ноян, қорқақ кім? қоян
  • 2) Алмастан тыным, шабады... құлын
  • 3) Бата алмас түлкі, үсті тікен... кірпі
  • 4) Айбат шегер алыстан, аң патшасы... арыстан

Қосымша тапсырма

Жаңылтпаш айту.

Проблемалық сұрақ: орманның «дәрігері» кім?

Көгершін орманды аралап жүріп, бос жүрген құстардың біріне жолығады. Сол құс ағаштарды құрт ауруынан емдеп, орманды сақтап қалады екен.

Сұрақ: Ол қандай құс болуы мүмкін? Жауап: тоқылдақ.

Сергіту сәті

Орманның біз емшісіміз, Тоқ-тоқ-тоқ. Құрт біткенді жоқ етеміз, Жоқ, жоқ, жоқ. Тоқ-тоқ-тоқ.

Түйін

Ағаштар тоқылдақтың пайдасын бірден түсінбей, оны орманнан қуып жібереді. Ал тоқылдақ кетісімен орманға зиянкес түсіп, ағаштар әлсірейді. Кейін тоқылдақ қайта оралып, ағаштарды емдеп, орманды аман сақтайды. Орман қайтадан жайқалып өседі.

Ұсынылатын атау: «Тоқылдақ — орман дәрігері»

5) Қорытынды және бекіту

Сабақты қорыту

Жасыл ағаштар мен гүлденген өсімдіктердің пайдасы зор. Сондықтан табиғатты әрдайым қорғау — бәріміздің ортақ міндетіміз.

Бекіту сұрақтары

  • Бүгінгі сабақта қандай ертегімен таныстық?
  • Ертегі несімен ұнады?
  • Тоқылдақ құсының табиғатқа пайдасы қандай?
  • Табиғатқа зиян келтірмеу үшін не істейміз?

Қорытынды ой

Табиғаттағы әрбір құстың, әрбір жануардың өз орны бар. Бірін «керексіз» деп шеттету — тұтас экожүйеге әсер ететін қателік. Табиғатты қорғау — оны түсінуден және қадірлеуден басталады.

Мадақтау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталады.