Отбасы дәстүрлері

Топтамадағы сабақтар тізімі

  • 1) Қасым Аманжолов — «Көктем»

  • 2) Мен және менің отбасым

Тақырыбы: Мен және менің отбасым

Бұл тәрбие сағаты отбасы құндылықтарын дәріптеуге, мейірім мен сүйіспеншіліктің бастауы — үй ішіндегі сыйластық екенін ұғындыруға бағытталған.

Мақсаты

  1. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың орны ерекше екенін түсіндіру.
  2. Ұлт тәлімі мен тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әженің өнегесімен, атаның ақылымен берілетінін жеткізу; ұлттық құндылықтарды балалардың бойына дарыту.
  3. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық пен қайырымды қарым-қатынасты қалыптастыру.

Көрнекілігі

  • Оқушылар салған суреттер
  • Отбасы туралы мақал-мәтелдер
  • Шарлар

Өткізу әдісі

Сайыс түрінде, топтық жұмыс арқылы ұйымдастырылады.

Тәрбие сағатының барысы

Жарыс форматы • Топтық жұмыс

I. Ұйымдастыру

Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!

«Адамға ең алдымен білім емес, рухани тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім — адамның қас жауы. Ол келешекте оның бүкіл өміріне апат әкеледі», — әл-Фараби.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы — «Мен және менің отбасым». Сабақ барысында отбасы туралы, адамға ең қымбат әрі ең жақын жандар туралы ой бөлісеміз. Адамдар арасындағы мейірімділік пен сүйіспеншілік жайында сөйлесеміз.

Ал сүйіспеншілік, мейірім мен қайырымдылық қайдан басталады?

II. Топқа бөлу және қонақтар

Бүгінгі сабаққа ата-аналар қонақ ретінде қатысады. Біз топпен жұмыс істейміз.

1-топ

«Шаңырақ» тобы

2-топ

«Қуаныш» тобы

Екі топтың ұпайын бағалайтын әділқазылар алқасын сайлаймыз.

III. Сайыс кезеңдері

1) «Кім жылдам?» (жұмбақтар)

Ойлан • Жауап бер

Маған да, саған да,
Жақын туыс — бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы —
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұратың,
Айтшы, қане, кім атын?

Жауабы: апа, ата, ана, іні, аға

Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкеңнің әкесі ол,
Білер оны сұраған.
Ол кім?

Жауабы: атаң

«Бала, бала, бала» деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Бесікті түнде тербеткен.
Ол кім?

Жауабы: ана

Атаңның баласы,
Кей кезде таласып,
Қаласың әжеге,
Білгенің асады кәдеге.
Ол кім?

Жауабы: әкең

2) «Мақалды тез жалғастыр»

Жалғастыр
  • Отбасы
  • Отан
  • Әке
  • Аға
  • Іні
  • Ана

3) Ана туралы өлең шығару

Шығармашылық

Топтар «Ана» тақырыбында қысқа өлең құрастырады.

4) Оқушылардың ана туралы тақпақтары

Көркем оқу

Оқушылар анаға арналған жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

5) Отбасы дәстүрлері

Таныстырылым

Әр топ өз отбасындағы дәстүрлерді таныстырады және қысқаша көрініс көрсетуі мүмкін.

6) «Аялы алақан» ойыны

Ойын

«Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі — бала» қағидасын негізге ала отырып, жылулық пен қолдауды дәріптейтін ойын ойнатылады.

7) «Менің отбасым» (сурет арқылы табу)

Тапқырлық

Ата-аналар оқушылар салған суреттердің ішінен өз баласының жұмысын табады.

8) «Мейірім» (жылы сөздер)

Қарым-қатынас

Қатысушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, ізгі тілек білдіреді.

9) Бағалау

Қорытынды ұпай

Әділқазылар алқасы топтардың жұмысын бағалап, нәтижесін жариялайды.

IV. Қорытынды — «Тілек шамы»

Міне, қоштасатын да сәт жетті.

Отбасы — ұшқан ұя, жылылықтың мекені. «Отбасы» сөзінің мәніне тереңірек үңілсек, «от» ұғымының маңызы айқын сезіледі. Сондықтан отбасымыздың оты өшпей, ошағымыздың түтіні түзу шығуы үшін «Тілек шамын» бір-бірімізге ұсынып, жүректен шыққан жақсы тілектер айтайық.

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан алған әсер: мейірім, сыйластық, бірлік, жауапкершілік.