Танитын ағаштарыңды ата
Дүниетану пәні (2-сынып). Авторы: Мырзағалиева С. Д., бастауыш сынып мұғалімі.
Сабақ тақырыбы: «Өсімдік — тірі ағза»
Сабақ мақсаты
-
1
Өсімдік — тірі ағза екенін, оның тұқымнан өсіп, жер бетіне шығу үдерісі туралы түсінік қалыптастыру.
-
2
Оқушылардың өсімдіктер әлеміне деген сүйіспеншілігін ояту, оларды қорғауға тәрбиелеу.
-
3
Оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Қажетті ресурстар
Көрнекіліктер
Схемалар, суреттер, тест тапсырмалары.
Сабақ түрі
Дәріс сабағы (модульдік оқыту технологиясы).
Жұмыс форматы
Сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, талдау, дәптер жұмысы.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Сабаққа дайындық: сыныптың жұмысқа жұмылдырылуы, оқу құралдарын реттеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру (тест)
-
Адам өміріне тыныс алу үшін не қажет?
- а) топырақ
- ә) ауа
- б) су
-
Жағымсыз іске адам не істейді?
- а) күледі
- ә) қуанады
- б) ренжиді
-
Аспан мен жердің астасқан жерінен ойша сызық жүргізсек, оны қалай атаймыз?
- а) дөңгелек сызық
- ә) көкжиек сызығы
- б) бағдар сызығы
-
Көкжиек тұстарын анықтайтын арнайы құрал қалай аталады?
- а) термометр
- ә) сызғыш
- б) компас
-
Судың түсі қандай?
- а) қызыл
- ә) түссіз
- б) ақ
-
Жер бетінің өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ қабаты қалай аталады?
- а) көң
- ә) топырақ
- б) құм
-
Құнарлы топырақ деп қандай топырақты айтамыз?
- а) бойында сазы көп
- ә) бойында шіріндісі көп
- б) бойында құмы көп
Ескерту: тест қорытындысы бойынша қиындық тудырған сұрақтарға қысқаша түсіндірме беріледі.
III. Жаңа сабақ
Психологиялық дайындық (сұрақ-жауап)
- Өзің білетін шөптекті өсімдікті ата.
- Қандай бұталарды білесің?
- Танитын ағаштарыңды ата.
- Өсімдіктер қандай жерлерде өседі?
Негізгі ой
Өсімдік күн қуатынан және топырақтан қоректеніп өседі, гүлдейді, жеміс береді, әрі тұқым арқылы көбейеді. Өсімдік болмаса, тірі ағзалар өзіне қажетті қоректі таба алмайды.
Орман, шалғын, дала өсімдіктері — жануарлардың тіршілік ету ортасы. Адам өмірінде жасыл өсімдіктің маңызы зор: олар ауаны тазартады, шуды азайтады, шаңды бойына сіңіреді.
Өсімдіктерді топтау (схема)
Ағаш
түрлеріҚайың, тал, қарағай, емен, шырша.
Бұта
түрлеріТобылғы, жыңғыл, итмұрын, қараған.
Шөптекті
түрлеріСелеу, жусан, жоңышқа, бақбақ, шоғайна, бидайық, бетеге.
Оқулықпен жұмыс
- «Өсімдік қалай дүниеге келді?» бөлімін оқып, тұқымның бөртуі, одан тамыр мен өскіннің шығуы туралы ойды оқулықтағы суретпен байланыстырып түсіндіру. (1-сыныпта алған тұқым туралы білімдерін еске түсіру.)
- Оқулықтағы суреттер бойынша өсімдік бөліктерін талдау: өркен, сабақ, буын, жапырақ туралы түсінік қалыптастыру.
Дәптермен және жаңа сөздермен жұмыс
Дәптерге жазу:
Терминдердің анықтамасын ауызша айту. Үйде осы сөздерді қолданып сөйлем құрастыру.
IV. Қорытынды
Оқушылардың өсімдік туралы еркін сөйлеуіне жағдай жасалады. Олар өсімдіктің тұқымнан қалай өнетінін, қандай жағдай қажет екенін (жарық, жылу, су, топырақ) өз сөздерімен қорытындылайды.
Үй тапсырмасы
- Мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалу.
- Схеманы қолданып, өсімдіктерді топтап айта білу.