Тышқан қасиеттерін баптау

Сабақтың параметрлері

Тақырыбы

Операциялық жүйелер дегеніміз не?

Мақсаты

Операциялық жүйе ұғымын меңгерту.

Күтілетін нәтиже

  • Операциялық жүйе туралы біледі.
  • Операциялық жүйелерді бір-бірінен ажырата алады.

Міндеттері

  • Операциялық жүйелер туралы ізденуге ықпал ету.
  • Операциялық жүйелер туралы өз ойын сауатты жеткізуге үйрету.

Әдістер мен тәсілдер

АКТ, СТО, топтық жұмыс, көшбасшылық, талантты және дарынды оқушыларды анықтау. Оқушылар компьютерде жеке жұмыс орындай алады.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру және топқа бөлу

Оқушылар арнайы қорапқа салынған қағаз парақшаларын таңдап алады. Парақшаларда компьютер құрылғыларының атаулары жазылған. Сол атаулар бойынша оқушылар топтарға бірігеді.

Негізгі құрылғылар

  • Монитор
  • Тінтуір
  • Пернетақта

Қосалқы құрылғылар

  • Принтер
  • Мәтіналғы (сканер)
  • Колонка

Жүйелік блок құрамдары

  • Аналық тақша
  • Қатқыл диск
  • Дисковод

Кері байланыс парағы оқылады.

Үй тапсырмасын тексеру (кубик лақтыру әдісі)

Оқушылар кубик арқылы түскен сұраққа жауап береді:

  1. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.
  2. Аналық тақша дегеніміз не?
  3. Жүйелік блоктың құрамын ата.
  4. Процессордың қызметі қандай?
  5. Ішкі жад дегеніміз не?
  6. Сыртқы жад дегеніміз не?

Жаңа сабақ: Операциялық жүйе

Операциялық жүйе — компьютерді және есептеу процестерін басқаратын, пайдаланушы мен аппараттық құралдардың арасын байланыстыратын бағдарламалар жиынтығы.

Негізгі идея

ОЖ — «пайдаланушы ↔ компьютер» байланысын жеңілдететін басқару қабаты.

Қызметі

  • Компьютер ресурстарын және есептеу процестерін басқарады (диск, жад, тінтуір, принтер және т.б.).
  • Пайдаланушы мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
  • Пайдаланушы интерфейсін қолдап, басқаруды ыңғайлы етеді.

Құрылымы (3 негізгі бөлік)

Ядро

Жүйенің негізгі бөлігі: командаларды орындайды, бағдарламалар мен аппараттық деңгей арасындағы өзара әрекетті ұйымдастырады.

Драйвер

Компьютер құрамындағы әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы бағдарламалар.

Интерфейс

Пайдаланушының компьютермен қарым-қатынасын жеңілдететін ыңғайлы қабық. Ол ядро жұмысын пайдаланушыға түсінікті әрі тартымды түрде ұсынады.

Практикалық жұмыс: тінтуір параметрлерін баптау (5.1 тапсырма)

Оқулықтың 37-бетіндегі тапсырманы орындаңыз.

  1. Қасиеттер (Свойства) диалогтік терезесін ашыңыз: Пуск → Настройка → Панель управления → Мышь
  2. Қос шерту жылдамдығының (Скорость двойного нажатия) жүгірткісін ең оң жақ шетке жылжытыңыз.
  3. Екі шерту арасындағы интервал өте қысқа болғанда қос шертуді орындаудың қиын екенін байқап көріңіз.
  4. Жүгірткіні өзіңізге ыңғайлы деңгейге қойыңыз.
  5. Указатель бөлімінде тінтуір көрсеткішін өзгертіп, көрсеткіш көлеңкесін қосыңыз.
  6. Кез келген көрсеткіш үлгісін таңдап көріңіз.
  7. Тінтуір (Мышь) қасиеттері терезесін жабыңыз.

Топтық жұмыс

Ребус құрастыру

Информатика терминдерін қолданып ребус құрастырыңыз.

Сөзжұмбақ құрастыру

Информатика терминдерін қолданып сөзжұмбақ құрастырыңыз.

Ертегі құрастыру

Информатика құрылғыларын кейіпкер етіп, шағын ертегі құрастырыңыз.

Бағалау

Оқушыларға критерийлік бағалау парағы беріледі.