Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өтетін аймақтық - 5 - ші Жарқын болашақ байқауының сценарийіМақсаты

Іс-шара туралы

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өтетін аймақтық «Жарқын болашақ» байқауының (5-ші) сценарийі.

Өтетін орны

Қазақ-түрік лицей-интернатының жиын залы

Өтетін уақыты

9 ақпан 2013 жыл, сағат 10:00

Атмосфера

Қазақтың әсем ұлттық әуені ойнап тұрады. Сахна безендіріліп, баннер ілінеді.

Мақсаты

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Тіл туралы» заңдарын іске асыру.
  • Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан–2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты туралы Жолдауын жүзеге асыру.
  • Бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу.
  • Оқушылардың мемлекеттік тілге, қазақ халқының әдебиеті, мәдениеті, өнері мен ұлттық құндылықтарына сүйіспеншілігін арттырып, оны қастерлеуге баулу.

Салтанатты ашылу

Сахналық белгі

Фанфара. Екі жүргізуші сахнаға шығады.

1-жүргізуші

Қош келдіңіздер, құрметті әдебиетті, өнерді, тілді сүйетін қауым, аяулы ұстаздар мен ардақты оқушылар! Бүгінгі оқушылардың өнерін тамашалауға келген ата-аналар мен жанкүйерлерге де ыстық ықыласымызды білдіреміз!

2-жүргізуші

KATEV халықаралық қоғамдық қорының бастамасымен, облыстық білім басқармасының қолдауымен және Жезқазған қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатының ұйымдастыруымен өтетін жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы «Жарқын болашақ» 5-ші республикалық қазақ тілі олимпиадасына қош келдіңіздер!

Қатысушылар туралы

«Жарқын болашақ» 5-ші республикалық қазақ тілі олимпиадасының аймақтық кезеңіне Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданы мектептерінен 100-ден астам оқушы қатысып, өнер додасында бақ сынады.

Бүгінгі аймақтық байқауда аудандық және қалалық мектептерден іріктелген, жүзден — жүйрік, мыңнан — тұлпар шыққан 24 оқушы өнер көрсетеді.

Ресми бастау

«Жарқын болашақ» 5-ші республикалық қазақ тілі олимпиадасының аймақтық кезеңін ашық деп жариялаймыз.

Сахналық белгі

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Ана тілі туралы тебіреніс

1-жүргізуші

Дауға салса алмастай қиған,

Сезімге салса қырандай қалқыған,

Ойға салса қорғасындай балқыған

Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?!

Бұл жанды тіл — менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Бірлік, достық, татулық жүрегі боп

Жасай бер, Ана тілім — Қазақ тілім!

2-жүргізуші

Жанын сап, халқын сүйіп баққан тілім,

Жалықпай құпиялар ашқан тілім!

Жаһанның төрт бұрышы түгел танып,

Жат жұрттан да достарын тапқан тілім!