Рефлективті байланыс

Сабақтың мерзімі

Көрсетілмеген

Сыныбы

7 «а»

Сілтеме

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық: СТО — 48-бет, «Диалогтік оқытудың маңыздылығы» — 38-бет.

Сабақтың тақырыбы

Сөздердің байланысу түрлері

Жалпы мақсат

Оқушылардың сөз тіркесінің байланысу түрлері бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру және кеңейту. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмалар арқылы сөз тіркестері жөніндегі білімін тереңдету.

Интерактивті өзара әрекет арқылы топтық жұмысты ұйымдастырып, бірлесіп үйренуге мүмкіндік беру.

І. Индукция кезеңі

Психологиялық дайындық

Алақанмен айналаға Шуақ нұрын шашайық. Сәттілік тілеп, күлімдеп, Біз сабақты бастайық.

Түстерді таңдату арқылы үш топқа бөлу: қызыл, сары, ақ.

Қызығушылықты ояту (ротация әдісі)

  • Сөз тіркесі дегеніміз не?
  • Сөздердің байланысу тәсілдері: жалғаулар арқылы, шылаулар арқылы, сөздердің орын тәртібі арқылы, интонация арқылы.
  • Сөздердің байланысу түрлері: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.

Топтық талдау тапсырмасы

Әр топ бір-біріне дайындаған сөйлемдер бойынша талдау ұсынады.

1-топ сөйлемдері

  1. Көкбай қалам алып, өлең жаза бастайды.
  2. Қажымұқан бала кезінде жалшылықта жүрген.
  3. Құрмаш бұл сөзге көнбеді.

2-топ сөйлемдері

  1. Алдымызда үлкен адыр көрінеді.
  2. Оның күшіне ел таңғалады.
  3. Мұқағали жырлары бізбен мәңгі жасайды.

Үлгі талдау

  • қалам алып — етістікті меңгеру
  • жаза бастайды — жанасу
  • Құрмаш көнбеді — қиысу
  • Мұқағали жырлары — матасу
  • ел таңғалады — қиысу
  • бізбен жасайды — етістікті меңгеру

Мәтінмен жұмыс: «Кемпірқосақ»

Мәтінді оқып, сөз тіркестерін табу. Оларды түрлеріне және байланысу тәсілдеріне қарай талдау. Қай топ жылдам әрі қатесіз жауап беретінін ескеру.

ІІ. Ой қозғау стратегиясы

1) Тақырып пен негізгі ой

Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау. «Аспан әлемін, кемпірқосақты зерттеу үшін адамға не керек?» сұрағына жауап: білім.

2) Шағын шығарма

Тірек сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып «Ата-ана» тақырыбында шағын шығарма жазу:

Менің ата-анам өмір сыйлаған шыншыл бол ата-ананың рұқсатынсыз ақыл-кеңес қадірлеу еңбек сүйгіш адал қайырымды оқу озаты әдепті болу

ІІІ. Еркін жазу стратегиясы

Ата-ана, отбасы туралы мақал-мәтелдер

  1. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді.
  2. Баланың ұяты — әкеге, қыздың ұяты — шешеге.
  3. Әкесін сыйламаған кісіні, баласы сыйламайды.
  4. Ата — бәйтерек, бала — жапырақ.

V. Динамика кезеңі

Сергіту тренингі

Қысқа сергіту жаттығулары арқылы зейінді шоғырландыру.

Ребус шешу

Дұрыс шешсең, суреттегі зат атауларының алғашқы әріптерінен мақал шығады. Мақалды жазып, туынды сын есімнің астын сыз.

Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді.

VІ. Зерттеу кезеңі

«Кім жылдам?» ойыны

Ереже

1-топтан бір оқушы бір зат есімді айтады. 2-топ оқушылары оған сәйкес етістіктерді бөгелмей тіркеп айтады.

Мысал

1-топ (зат есімдер)

мал, қар, сабақ, ән, ертегі

2-топ (етістіктер)

жайылды, еріді, оқыды, тыңдады, айтты

Бекіту кезеңі

Сұрақтар

  1. Сөз тіркесінің байланысу түрлерінің ерекшелігі неде?
  2. Сөздердің байланысу тәсілдері қалай жасалады?
  3. Сөздердің қанша байланысу түрі бар?
  4. Матасу қандай байланыс? Мысал келтір.
  5. Меңгеріле байланысу қалай жасалады? Мысал келтір.
  6. Қабыса байланысу қалай жасалады? Мысал келтір.
  7. Жанасу қандай байланыс? Мысал келтір.
  8. Қиысудың басқа байланыс түрлерінен ерекшелігі неде?

Үй тапсырмасы

244-жаттығу.

Бағалау

Топ басшыларына берілген бағалау парағы бойынша бағаланады.

Рефлексия

«Инсерт» кестесі арқылы кері байланыс.