Оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарын аудару

Мектеп және мұғалім туралы мәлімет

Аймақ
ШҚО, Катонқарағай ауданы
Мектеп
Чернова орта мектебі КММ
Пән
Химия және биология
Мұғалім
Абильбаева Нұргүл Базарбековна
Сынып
9-сынып
Сабақ түрі
Жаңа сабақ

Сабақ тақырыбы

Кремний және оның қосылыстары. Силикат өнеркәсібі.

Кремний SiO₂ H₂SiO₃ Шыны • Цемент • Керамика

Сабақтың мақсаты

1) Білімді қорытындылау

Кремний қосылыстарының құрамы мен қасиеттері бойынша оқушылардың білімін жинақтау және жүйелеу.

2) Практикалық дағдыларды дамыту

Сапалық реакциялар көмегімен заттарды анықтау біліктерін жетілдіру, сондай-ақ адам қызметі мен табиғаттағы маңызын кеңейте түсіндіру.

3) Тәрбиелік бағыт

Кремнийдің адам өміріндегі пайдасын түсіндіру және табиғи ресурстарды қорғау мәдениетін қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар және ресурстар

Оқыту ресурстары

  • Электронды оқулық
  • Слайдтар және презентациялар
  • Кеспе қағаздар

Зертханалық және көрнекі құралдар

  • Стақан, кәрлен табақша
  • Кремнийден жасалған бұйымдар
  • CaCO3, ас содасы, құм, цемент, сазбалшық

Педагогикалық тәсілдер

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, жеке және топтық жұмыс.

Технология

Сын тұрғысынан ойлау.

Пәнаралық байланыс

География, технология, биология, информатика.

Қанатты сөз

«Әр істің өтуіне үш түрлі шарт керек: ниет ету, күш жұмсау, тәртіп

Сабақтың өту барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, сыныптың назарын сабаққа аудару және жұмыс ырғағын қалыптастыру.

2) Негізгі бөлім

Топқа бөлу және рөлдер

  • Сынып 3 топқа бөлінеді.
  • Топ басшысы, уақыт сақтаушы және бағалаушы сайланады.
  • Бағалау парақтары таратылады.

Қызығушылықты ояту

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша слайдтар арқылы презентация дайындап, өз жұмыстарын қорғайды.

I топ

Шыны

Кремнийге жалпы сипаттама: физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.

II топ

Цемент

Кремний диоксиді SiO2: физикалық-химиялық қасиеттері және қолданылуы.

III топ

Керамика (қыш)

Кремний қышқылы H2SiO3: физикалық-химиялық қасиеттері және қолданылуы.

3) «Зертте де зерделе» бөлімі

I топ: тәжірибе

Бір оқушы шыныны өндіру мен жасаудың қарапайым үлгісін тәжірибе жүзінде көрсетеді.

II топ: тәжірибе

Екі оқушы цемент өндірудің қарапайым тәсілін сыныпқа таныстырады.

III топ: таныстырылым

Үш оқушы керамика (қыш) өндіру және бұйым жасау жолдары туралы айтады; технология сабағында жасалған жұмыстарын көрсетеді.

Өзара тексеру және бағалау

Топ оқушылары жаңа тақырып бойынша түсініктерін қарама-қарсы сұрақтар арқылы тексереді. Бағалау парағы негізінде әр оқушы және әр топ жеке бағаланады.

4) Бекіту тапсырмасы

1-тапсырма: Мағынаны ашу

Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыз. Оқушылар теңдеулермен жұмыс жасайды.