Жорға сайысы
Сабақтан тыс іс-шара: «Ойлы бала озар»
Интеллектуалдық сайыс сценарийі (бастауыш сынып)
Мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Сайысты қызықты әрі мазмұнды ұйымдастыру, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
Міндеттері
-
1
Негізгі пәндер бойынша алған білімдерін тереңдету; тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу; ой-өрісін кеңейтіп, тіл мәдениетіне сүйіспеншілігін арттыру.
-
2
Елін, жерін, салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу; халқымыздың болашағын көркейтетін тәрбиелі, білімді азамат болып өсуіне ықпал ету.
-
3
Білімді, дарынды, озық болуға ынталандыру және пәндерге деген қызығушылығын ояту.
Түрі мен көрнекілігі
Түрі
Сайыс
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, слайдтар
Сайыстың барысы
Жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Кіріспе сөз
- Қатысушыларды таныстыру
II. Сайыс шарттары
- Бәйге
- Тіл-өнер
- Төрт жұмбақ
- Жорға
III. Қорытынды
- Қазылар алқасының шешімі
- Марапаттау
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Бүгінгі сайыс барысында оқушыларымыздың ой-өрісін, білімін және ептілігін сарапқа саламыз.
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады, Ренжімей тараса, озбағандар жарады. Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау, Озат болу шарты сол — еңбектену, жалықпау.
Ендеше ерінбей, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды ортаға шақырайық.
Асыл тастан, өнер жастан Шығады деп дарынды. Халық айтса, қалт айтпайды, Әрқашанда нанымды.
Сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар.
1-кезең: «Бәйге»
Бұл кезеңде 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді. Егер жауап дұрыс болмаса, келесі ойыншыға мүмкіндік беріледі. Екі жауап та дұрыс болмаған жағдайда, дұрыс жауапты жүргізуші айтады.
Білім деген биік шың Бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың Қиындықтан өткізер.
-
1-сұрақ
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі қай жылы жарияланды? (1991 ж.)
-
2-сұрақ
Көкжиек тұстарын тұсбағарсыз қандай жұлдызға қарап бағдарлауға болады? (Темірқазық жұлдызы)
-
3-сұрақ
Амалдардың орындалу тәртібін айт. (Жақшасыз өрнекте алдымен солдан оңға қарай көбейту мен бөлу, содан кейін солдан оңға қарай қосу мен азайту орындалады. Жақшалы өрнектерде алдымен жақшаның ішіндегі амалдар орындалады.)
-
4-сұрақ
Теңдеу дегеніміз не? (Құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік)
-
5-сұрақ
«Ғалым болмай немене…» өлеңінің авторы кім? (Абай)
-
6-сұрақ
1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)
-
7-сұрақ
Сөйлем мүшелерін ата. (Бастауыш, баяндауыш, тұрлаусыз мүшелер)
-
8-сұрақ
Бауыржан Момышұлының туғанына биыл неше жыл болды? (100 жыл)
-
9-сұрақ
Астана қаласының әкімі. (Иманғали Тасмағамбетов)
-
10-сұрақ
Қазақстанның жер көлемі қанша? (2 млн 724 мың шаршы км)
2-кезең: «Тіл-өнер»
Бұл кезеңде мақал-мәтелдің немесе жұмбақтың шешімін тауып, сол сөздің орысша және ағылшынша аудармасын дұрыс айтса — 20 ұпай. Тек орысша немесе тек ағылшынша аударма үшін — 10 ұпай.
Ойланайық азырақ, уақытты үнемдеп, Кім шығады қанеки, жауабын мен білем деп.
Мақал-мәтелдер
-
Кімнің баласы болма, адамның баласы бол.
Ата — дедушка — grandfather
-
Кім басыңа қарайды, дұшпан аяғыңа қарайды.
Дос — друг — friend
-
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Алтау — шесть — six
-
Адам болатын бала алысқа қарайды.
Бала — мальчик — boy
-
Ас атасы — нан.
Нан — хлеб — bread
Жұмбақтар
-
Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде.
Қаламсап — ручка — pen
-
Қабат-қабат қатталған, асыл сөзбен апталған. Парағы бар сөйлейтін, ол қазына өлмейтін.
Кітап — книга — book
-
Үстінде екі тауы бар, өзі үлкен жануар.
Түйе — верблюд — camel
Ескерту
1 және 2-сайыстың қорытындысы бойынша ұпайы ең аз 3 сайыскер ойыннан шығады. Қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталады.
Көркемсөз
А. Құнанбаев — «Ғылым таппай мақтанба»
3-кезең: «Төрт жұмбақ»
Бұл кезеңде 4 негізгі пән бойынша сұрақтар беріледі. Ұпайы аз ойыншы ұяшықты (сұрақты) таңдайды.
30 ұпай • Математика
Бір қариядан «Қанша балаңыз бар?» деп сұрағанда: «Ұл мен қыздарымның саны бірдей, әр ұлымның 3 қарындасы бар» деді. Қарияның неше ұлы, неше қызы бар? (3 ұл, 3 қыз)
30 ұпай • Дүниетану
Арал теңізіне құятын өзен. (Сырдария)
30 ұпай • Қазақ тілі
Құрамында жіңішке және жуан буын араласып келген сөз айт.
40 ұпай • Ана тілі
«Күлпаш» кімнің шығармасы? (Б. Майлин)
40 ұпай • Математика
Сарбаздар әр қатарға 5-тен бөлініп, 7 қатарға сап түзеп тұрғанда, соңғы қатарға 1 сарбаз жетпей қалды. Барлық сарбаз нешеу болған? (34)
40 ұпай • Дүниетану
Картаға тура қарап тұрғанда, оның жоғарғы жағы қай тұсты көрсетеді? (Солтүстік)
50 ұпай • Қазақ тілі
Мәтін дегеніміз не? (Екі немесе одан да көп өзара байланысқан сөйлем)
50 ұпай • Математика
Петя шоколад плиткасын бөлді: ағасына 5 кішкентай кесектен тұратын бір жолақ, әпкесіне 7 кішкентай кесектен тұратын бір жолақ берді. Бүтін шоколад плиткасы неше кішкентай кесектен тұрған? (40)
50 ұпай • Дүниетану
Физикалық картада қыратты қандай түспен бейнелейді? (Сары)
60 ұпай • Дүниетану
Александрия шамшырағы қайда орналасқан? (Ніл өзенінің сағасында, Фарос аралында)
Ереже
Сайыс ережесіне сәйкес, осы кезең соңында ұпайы аз 3 оқушымен қоштасамыз. Қатысқаны үшін алғыс хатпен марапаттаймыз.
Көркемсөз
А. Құнанбаев — «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
4-кезең: «Жорға»
Ақырғы айналым — жылдам сұрақтар. Барлығы 15 сұрақ. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.
-
Жоңғар хандығына елшілік, мәмілегерлік жолмен 3 рет барған би. (Қазыбек би)
-
Ой тікелей білдірілмей, тұспалдап, жанамалап айтылатын шығарма. (Мәтел)
-
42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (Әліпби)
-
Жалқы есім айт.
-
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша. (Жалғау)
-
Күрделі етістік айт.
-
Денені не қаптап тұрады? (Тері)
-
Адам, жануарлар және өсімдіктердің өміріне не қажет? (Қорек, су, ауа, жарық, жылу)
-
Өкпеден сыртқа шыққан ауада не көп болады? (Көмірқышқыл газ)
-
Қанның ағзаны аралап қозғалуы дегеніміз не? (Қан айналымы)
-
3 санының кубы нешеге тең? (27)
-
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін айт.
-
59 : 8 = 7 бөліндісінде қанша қалдық қалады? (3)
-
Бір ғасырдың оннан бір бөлігі қанша? (10 жыл)
-
Хеопс пирамидасы қай жерде орналасқан? (Мысырда, Каир қаласының оңтүстігінде)
Қорытынды сөз
Міне, «мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан озық ойлы оқушымызды анықтайтын сәт те келді. Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. (Жеңімпаз оқушы анықталады.)
Келешек білімді ұрпақтың қолында екені туралы Елбасымыз халыққа Жолдауында атап көрсеткен. Еліміздің ертеңі — Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын алға бастайтын білімді, ойлы ұрпақ.
Алдағы уақытта да тек биіктерден көріне берсін деген ізгі ниетпен сайысымызды аяқтаймыз.