Эпизодтық жады

Мұғалім: Роза Асылбек

Сілтеме: МАН, 79–83-беттер

Құжат түрі: әдістемелік нұсқау

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Жалпы мақсат

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуды метатаным арқылы анықтауға үйрету және метасананы оқыту жолдары туралы түсінік қалыптастыру.

Оқыту нәтижесі

Мұғалімдер оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сөйлеу, жады, шығармашылық және метасана үдерістерін негізге алып оқытуды меңгереді.

Түйінді идея

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу метатаным арқылы айқындалады.

Ұйымдастыру және жұмыс форматы

Жаттығу-тренинг

Сергітуге арналған тесттік жаттығу.

Топқа бөлу

Қатысушылар кофе, шай, кола және алма сусыны арқылы 4 топқа бөлінеді.

Бағалау

Әр топтан бір бағалаушы белгіленеді. Бағалаушының міндеті — топ идеясын қорғаушыларды және топ жұмысының сапасын бағалау.

жақсы түсінікті түсініксіз керемет

Кіріспе тапсырмалар

  1. «Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» ұғымын қалай түсінесіз?
  2. Осы уақытқа дейін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қандай дағдыларын ескердіңіз?
  3. Оқушылардың жас ерекшеліктерін қалай жіктеп көрсетер едіңіз?
  4. Адам жасының атауларын білесіз бе?

Есте сақтау: қысқа және ұзақ мерзімді жады

Қысқа мерзімді жады

Қысқа мерзімді жады — жұмыс жадысы.

Ұзақ мерзімді жады

Ұзақ мерзімді жады үш компоненттен тұрады:

  • Рәсімдік жады — іс-әрекеттерді қалай орындау керегін үйрену және соны есте сақтау.
  • Эпизодтық жады — көзбен көрген және сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді есте сақтау.
  • Семантикалық жады — идеялар, пікірлер, жалпы түсініктер мен білімді (өмірлік тәжірибедегі оқиғалармен байланыса отырып) сақтау және қолдану.