Қазақстан Республикасының Елордасы қай қала

Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметі

Өтпелі тақырып

Менің Қазақстаным

Білім беру салалары

Таным, Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Жаратылыстану, сурет салу

Тақырып

Менің елім – Қазақстан. Көк ту

Саусақпен сурет салу әдісі

Мақсаты

  • Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту.
  • Сұқ саусақты бір түсті бояуға батырып, қағазға түсіргеннен кейін саусақты ыдыстағы суға жуып, қағаз сүлгімен немесе ылғал шүберекпен сүрту керектігін түсіндіру.
  • Қазақстан жалауын әшекейлеуге, лайықты бояу таңдай білуге үйрету.
  • Қиялын, көркемдік талғамын дамыту және бояу түстерін тиімді пайдалануға дағдыландыру.
  • Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Отанға сүйіспеншілікті арттыруға, туған жері мен елін сүюге және қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, әңгімелеу, ойын, мақал-мәтел, сурет салу.

Сөздік жұмыс

Отан, туған жер, Елорда — Астана.

Билингвальды компонент

Отан
Родина
Туған жер
Родная земля

Технологиялық қамтамасыз ету

  • Қазақстан Республикасының рәміздері.
  • Қазақстан Республикасының картасы (слайд).
  • Еліміздің жерінің молшылығын бейнелейтін бейнетаспа.
  • Жер шарының шағын макеті (глобус).

Оқу қызметінің барысы

Кіріспе

Балалар залға «Көк тудың желбірегені» әнімен кіреді. Әнұран орындалады. Экраннан Қазақстан Республикасының рәміздері мен көрікті жерлері көрсетіледі.

Сәлемдесу

Тәрбиеші: Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Тәрбиеші: Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Тәрбиеші: Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...

Балалар: Сәлем!

Тәрбиеші: Кел, қосылып айтайық бір-бірімізге...

Балалар: Сәлем! Хэллоу!

Балалар: Еліміз, жеріміз аман болсын!

Тәрбиеші: Тілектерің қабыл болсын.

Сұрақ-жауап

Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Балалардың жауабы: Қазақстанда.
Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Балалардың жауабы: Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
Балалардың жауабы: Астана қаласы.
Қазақстан Республикасының неше мемлекеттік рәмізі бар?
Балалардың жауабы: Әнұран, Елтаңба, Ту.

Ғажайып сәт: пошташының хаты

Пошташы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бұл «Еркемай» балабақшасының «Жұлдыз» тобы ма?

Балалар: Сәлеметсіз бе, апай.

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, иә, бұл «Жұлдыз» тобының балалары.

Пошташы: Жарайсыңдар, балалар. Мен пошташымын, сендерге хат әкелдім.

Тәрбиеші (хаттың мазмұны):

Бұл хатты бізге көрші мемлекет — Ресейден жіберіпті. Ресейдің балалары хатты орыс тілінде жазған, мен сендерге аударып беремін.

«Сәлеметсіздер ме, Қазақстандағы қымбатты балалар! Сіздерге Ресейдің балалары хат жазып отыр. Біз сіздермен дос болғымыз келеді. Өзіңіз туралы жазыңыздар, өз Отанымыз туралы әңгімелеп беріңіздер. Біз сіздерге ұлттық киімдегі суреттерімізді жолдаймыз. Хаттарыңызды күтеміз.»

Тәрбиеші: Балалар, хатта көрші елдің балалары бізбен танысып, дос болғылары келетінін жазыпты. Олар Қазақстан туралы не білетінімізді айтып беруді сұрайды.

Балалардың жауаптары

Амина: Наша родина — Казахстан. Наш президент — Нурсултан Назарбаев. Казахстан — моя родная земля.

Назерке: Отан деген — еліміз, жеріміз, отбасымыз. Отан — Қазақстан Республикасы. Отан — Астанамыз, қаламыз, балабақшамыз, табиғатымыз, көліміз, тауларымыз.

Тақпақтар: Отанға сүйіспеншілік

Али

Отан — сенің ата-анаң,
Отан — досың, бауырың.
Отан — өлкең, астанаң,
Отан — аудан, ауылың.
Отан — тарих, Отан — тіл,
Жасаған елің, өз халқың.

Мұса

Отан — өлең, Отан — жер,
Көтерген көкке ел даңқын.
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
Отан деп өсіп жас жаның,
Оны ардақтап сүйе біл.
Отанды біз Атамекен
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.

Айназ

Отанды жас, кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
Отан деген — атамекен,
Отан деген — туған жер.
Отан — Ана, Отан — үлкен,
Қазақстан — туған ел.

Қорытынды ақпарат

Атырау қаласы, №25 «Еркемай» балабақшасының II санатты тәрбиешісі: Ундағанова Айслу Хамитовна.

Тақырып: «Менің елім – Қазақстан. Көк ту (саусақпен сурет салу әдісі)».