Ашық сабақ. Сабақтың тәсілі

Ашық сабақ · География · 10-сынып

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Сабақ тақырыбы: Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері, су айналымы.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: гидросфераның құрамдас бөліктері, құрамы және су айналымы туралы түсінікті кеңейту.
  • Дамытушылық: гидросфера туралы білімді тереңдету; географиялық ой-өрісті дамыту; жалпы оқу дағдыларын қалыптастыру; табиғат туралы көзқарасты кеңейту; пәнге және танымға қызығушылықты арттыру; географиялық ойлауды қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: өз ойын анық жеткізуге, қарым-қатынас жасауға үйрету; ұйымшылдыққа тәрбиелеу; адамгершілік қасиеттер мен географиялық мәдениетті қалыптастыру.

Ұйымдастыру және ресурстар

Көрнекілігі
Дүниежүзінің саяси картасы, атлас, кескін карта, кесте.
Сабақ түрі
Аралас сабақ.
Әдісі
Іздену.
Тәсілі
Топпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындық, сыныптың зейінін шоғырландыру, мақсатты нақтылау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тест: «Ауа райы, климат және олардың жіктелуі».

III. Жаңа сабақ

Тақырып: «Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері, су айналымы».

Қорытынды сұрақтар

  1. Ауа райының ең басты элементтеріне нелер жатады?
  2. Климаттың өзгеруіне әсер ететін қандай факторларды білесіңдер?

Қызығушылықты арттыру

«Гидросфера туралы не білесің?»

Сұрақ-жауап
  1. Су тек мұз түрінде ғана кездесетін ғаламшарды ата.
  2. Гидросферадағы судың 97%-ын қандай бөлік құрайды?
  3. «Су қабығы» дегеніміз не?
  4. Мантиядағы су мөлшері қанша км?
  5. Гидросферамен тығыз байланыста болатын қабықтардың бірі қайсы?
  6. Мұхиттардағы, атмосферадағы, өзендердегі, көлдердегі, мұздықтардағы және жер астындағы сулар үнемі қандай күйде болады?

Жаңа тақырыпты меңгерту

Көрнекілік

Гидросфера туралы бейнематериал

Негізгі ұғымдарды визуалды түрде бекіту.

Мағынаны тану

Оқушылар мәтінді оқып, негізгі ақпаратты талдайды.

Топтық жұмыс

  • 1-топ: гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері.
  • 2-топ: табиғаттағы су айналымы және оның маңызы.

Бекіту, рефлексия және бағалау

Сабақты бекіту

Сәйкестендіру тесті арқылы негізгі ұғымдар мен байланыстарды нығайту.

Рефлексия

  1. «Гидросфера» туралы мәліметтер ұнады ма?
  2. Қиын болған ақпараттар кездесті ме?

Бағалау

Бағалау парағы бойынша оқушылардың жұмысы бағаланады.

Үй тапсырмасы

  1. §11 — оқу және сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру (56-бет).
  2. «Су — тіршілік көзі» тақырыбына реферат жазып келу.

Қорытынды ой

Негізгі тұжырым

Гидросфера — Жердегі су қорының жиынтығы және тіршіліктің маңызды негізі. Жер шарында судың үлесі шамамен 79%, ал құрлықтың үлесі 21%.

Мектеп туралы мәлімет

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі

Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі ММ

Пән мұғалімі: Акатай Р. Е.

Материал: «Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері, су айналымы» (жүктеу).