Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Мирас көпбейінді мектеп - гимназиясыҚазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғаліміКалмаганбетова Гулайым ТастановнаӘдебиет 8 сыныпСабақтың тақырыбы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, «Мирас» көпбейінді мектеп-гимназиясы. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі — Калмаганбетова Гулайым Тастановна.

Пән

Әдебиет

Сынып

8-сынып

Сабақ тақырыбы

Ахмет Иасауи — «Даналық кітабы»

Негізгі идея

Өмірі мен мұрасы арқылы ақынның рухани-адамгершілік ерекшелігін таныту

Мақсат

Ахмет Иасауидің өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы ақынның ерекшелігін ашу, «Даналық кітабының» мәнін талдатып, оқушылардың сыни ойлауын және бірлескен жұмыста қорытынды шығару дағдыларын дамыту.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Жеке, жұптық және топтық ізденіс жұмыстары
  • Венн диаграммасы
  • Тест
  • Эссе
  • «5 жолды өлең»
  • «Сырласу хат»
  • Пікірталас

Қолданылатын модульдер

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  • АКТ қолдану
  • Сыни тұрғыдан ойлау (СТО)
  • Диалогтік оқыту
  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Оқыту нәтижесі

Оқушылар Ахмет Иасауидің өмірі мен шығармаларының мәнін түсінеді және негізгі идеяларын ажырата алады.

Адами қарым-қатынас, рухани құндылық, тәрбиелік ойларды анықтап, олар туралы сыни пікір білдіреді.

Бірлесе жұмыс жасап, талдау нәтижесі бойынша тұжырым жасап, қорытынды шығарады.

Пәнаралық байланыс және ресурстар

Пәнаралық байланыс

Шешендік өнер, тарих.

Көрнекіліктер

  • Автордың портреті
  • Кітаптары
  • Нақыл сөздер
  • Үлестірме қағаздар
  • Сызбалар
  • Флипчарт

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1) Тренинг: «Шешен болмай немене»

Нақыл сөздер арқылы бір-біріне тілек айту. Оқушылардың еркін сөйлеуіне, жылы қарым-қатынас орнатуына жағдай жасалады.

2) Топқа бөлу: «Мозайка» әдісі

Құрастырмалы бөліктер арқылы оқушылар топтарға бөлінеді.

Сүйсіндірсін сіздерді,
Көркем сөйлер сөзіміз.
Біздің әдебиет сабағына,
Қош келдіңіз бәріңіз!

Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)

1-топ

Сәйкестендіру тест тапсырмаларын орындау.

2-топ

«Әлемнің екінші ұстазы» тақырыбында эссе жазу.

I. Қызығушылықты ояту (3 минут)

Топтастыру

«Даналық» ұғымын ашу: оқушылар ассоциация құрып, негізгі мағыналық өрісті анықтайды.

II. Мағынаны тану (3 минут)

Электронды оқулықпен жұмыс

Сөздік жұмысы: түсініксіз ұғымдарды анықтап, мәтін мазмұнын қабылдауды жеңілдету.

Топтық тапсырмалар

1-топ

Иасауидің өмірі мен шығармашылығын таныстыру (бейнематериал негізінде).

2-топ

«Хикметтерді» талдау: тақырып, идея, тәрбиелік мәнін анықтау.

3-топ

«Ұйқасын тап» тапсырмасы: өлең құрылымы мен ырғақты сезіну дағдысын дамыту.

Салыстырмалы талдау: Венн диаграммасы

«Даналық кітабы» мен Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін салыстырып, ортақ және ерекшелік белгілерін анықтау.

«Даналық кітабы»

Рухани тәрбие, имандылық, адам болмысының кемелденуі.

Ортақ тұстар

Адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, ой мен әрекетті түзеуге үндеу.

«Ғылым таппай мақтанба»

Білімге ұмтылу, мінез тәрбиесі, еңбек пен талап құдіреті.