Заттың пішінін басқа заттармен салыстыруды үйрету

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Білім беру саласы

Таным

Бөлімі

Қарапайым математика

Сабақ түрі

Саяхат

Мақсаттар

Білімділік

  • Шаршы, шеңбер (дөңгелек), үшбұрыш, тіктөртбұрыш, сопақша сияқты геометриялық пішіндермен таныстыру.
  • Заттың пішінін басқа заттармен салыстыруға үйрету.
  • Заттарды пішініне, көлеміне және түсіне қарай ажырату қабілетін қалыптастыру.

Дамытушылық

  • М. Монтессори әдісі негізінде қол мен саусақтың ұсақ моторикасын дамыту.
  • Шығармашылық жұмыс арқылы сөздік қорын, ой-өрісін және тілін дамыту.

Тәрбиелік

  • Балаларды ұйымшылдыққа және зеректікке баулу.
  • Шыдамды, сабырлы әрі шапшаң болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту сәті.

Қолданылатын технология

Ойын технологиясы.

Билингвальды компонент

Пішінфигура.

Пәнаралық байланыс

Әлеумет, коммуникация, қатынас.

Көрнекіліктер

Геометриялық пішіндер, бейнематериал, су, қағаз, желім, карточкалар, сурет үлгісі.

Сабақ барысы: «Ғажайып пішіндер әлеміне саяхат»

1) Жылулық шеңбері

Балалар жылулық шеңберіне тұрып, амандасады.

Міне қазақ баласы,
Сәлем — сөздің анасы.
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен
Сізге сәлем береміз.

2) Саяхатқа шақыру

Бүгін біз сиқырлы пішіндер әлеміне саяхатқа шығамыз.

Алдымызда қолдың бейнесі тұр. Бұл — жай ғана бейне емес, арман-тілекті орындайтын ғажайып алақан. Алақанға қолымызды қойып, көзімізді жұмып: «Бізді ғажайып пішіндер әлеміне апар», — деп іштей тілесек, арманымыз орындалады.

Ендеше, бәріміз орнымыздан тұрып, алақанға қолымызды қояйық.

Кейіпкердің сөзі: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Ғажайып пішіндер әлеміне қош келдіңдер!»

3) Геометриялық пішіндермен танысу

Шеңбер (дөңгелек)

Сұрақтар: «Неліктен шеңбер деп аталады?», «Шеңбердің бұрышы бар ма?» — жоқ.

Бұрышсыз

Мен шеңбермін, шеңбермін,
Осындаймын дөңгелек.
Айналамын күн сайын,
Барлығы үшін біз керек.

Мен — күнмін, мен — аймын,
Мен — қақпақпын қарасаң.
Көліктің мен дөңгелегімін,
Маған жер шары ұқсаған.

Үшбұрыш

Сұрақ: «Үшбұрыштың неше бұрышы бар?» — үш.

3 бұрыш

Мен үшбұрышпын,
Үш жағым бар,
Үш төбеден жасалған.

Үй төбесіне қарасаң,
Мен ғой сонда отырған.

Мен — сэндвич, мен — үтік,
Мен торғайдың тұмсығы.
Мен — желкен... Жоқ, күшік емес —
Әзілдедім, күл, досым!

Шаршы

Сұрақ: «Шаршының неше қабырғасы бар?» — төрт. Төрт бұрышы бар, барлық қабырғалары тең.

4 тең қабырға

Мен шаршымын,
Төрт жағым бар.
Төрт жағым менің бірдей.
Кел, ойнайық, балақай,
Би билейік біз бірге-ай!

Мен — суретпін, мен — терезе,
Мен — шахмат тақтасы.
Мен — теледидармын,
Мен — кішкентай жастықпын.

Сопақша

Сұрақ: «Сопақшада бұрыштар бола ма?» — жоқ.

Бұрышсыз

Мен сопақпын, мен сопақ —
Ұзартылған домалақ.
Соңым жоқ, басым жоқ,
Кейде ұқсаймын жапалақ.

Мен — жұмыртқамын,
Мен — айнамын,
Міне, осындай пішінмін.
Мен — қоңыз, мен — картоп,
Аяқпенен топ-топ-топ!

Тіктөртбұрыш

Сұрақ: «Тіктөртбұрыштың неше бұрышы болады?» — төрт. Қарама-қарсы қабырғалары тең.

4 бұрыш

Мен тіктөртбұрышпын, тіктөртбұрыш,
Қарама-қарсы жақтарым бірдей.
Көңілдімін мен өзім,
Кел, билейміз досым!

Мені сиқыр көресің:
Мен — тақта, мен — экран.
Мен — рюкзакпын, мен — қақпа.
Тез үйренеміз, қорықпа!

Жұлдызша

Сұрақ: «Жұлдызшада неше бұрыш бар?» — бес.

5 бұрыш

Мен жұлдыз боп жанып тұрам,
Түнгі аспанға қарасаң.
Бесік жырын айтамын,
Айтшы өлеңді менімен, жан.

Қар бүршігі — ол да мен,
Мұхит түбінде де мен.
Сен де жаттап ал, достым,
Жұлдыз туралы жыр өлең!

Кейіпкердің қорытынды сөзі: «Пішіндер туралы көп нәрсе білетіндеріңе қуандым. Енді белсенділік орталықтарындағы жұмыстарыңды тамашалаймын.»

4) Белсенділік орталықтары

Балалар орталықтарда тапсырмалар орындайды. Белгі арқылы топтарға бөлінеді.

Тіл дамыту орталығы

Сурет бойынша пішіндерге ұқсас заттарды табу.

Өнер орталығы

Пішіндерден торғайдың бейнесін жапсыру.

Су орталығы

Желкенді қайық жасау.

Үстел үсті орталығы

Карточкамен жұмыс: сәйкес пішіндерді дұрыс орналастыру.

Құрылыс орталығы

Конструктор арқылы теміржол вокзалын құрастыру.

5) Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық,
Қолдан шеңбер құрайық.
Дөңгелектей дөңгелеп,
Шыр айналып тұрайық.

Қолды аспанға созайық,
Түзу болып тұрайық.
Бір-біріне қосылып,
Үшбұрышты құрайық.

Қорытынды және бекіту

Сұрақ-жауап

  • Біз қайда бардық? — Ғажайып пішіндер әлеміне.
  • Қандай пішіндер туралы айттық? — Үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы, сопақша, шеңбер.

Жарайсыңдар, балалар!

Орысша атаулары

Шеңбер
круг
Үшбұрыш
треугольник
Сопақша
овал
Шаршы
квадрат
Тіктөртбұрыш
прямоугольник

Сендер өте тамаша жауап бердіңдер. Көп рахмет!

Автор туралы мәлімет

ШҚО, Аягөз қаласы, №2 бөбекжай-балабақша тәрбиешісі
Мустафина Қаламқас Сатыбалдиновна