Тақырып таңдау
Сабақтың тақырыбы
Ежелгі Рим өнері
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Римдегі мектеп пен оқу жүйесі, әдеби шығармалар мен шешендік өнер, сондай-ақ құқықтың дамуы туралы тарихи мағлұмат беру.
Дамытушылық
Рим өнеріне басқа елдер мәдениетінің ықпалы, өнер түрлері, олардың ерекшеліктері мен даму жолдарын талдату.
Тәрбиелік
Тиянақты білім алуға құштарлықты арттыру, шешендік мұраларға құрмет сезімін қалыптастыру, поэзияны түсіне білуге және құқықты сақтауға баулу. Барлығын жалпыадамзаттық мұра әрі құндылық ретінде қабылдауға тәрбиелеу.
Психологиялық
Сыныпта қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.
Сабақ форматы
Сабақтың түрі
Дәстүрлі емес.
Сабақтың әдісі
СТО стратегияларын қолдану.
Көрнекілік
Карта, плакаттар, бейнетаспа.
Сабақтың барысы
Оқушылар алдын ала 4 топқа бөлінеді. Әр топқа үйде ізденуге арналған жеке тапсырма беріледі.
I. Қызығушылықты ояту
1-топ: тікелей сұхбат (интервью). Жоғарғы, орта және төменгі буын өкілдерінен интервью алынады.
- Ежелгі Рим туралы не білесіз?
- Ежелгі Рим мектебі туралы не айта аласыз?
- Ежелгі Рим қаласының негізі қашан қаланды және алғашқы патшасы кім?
- Әскери қолбасшы әрі шешен Гай Юлий Цезарь туралы қандай құнды мәлімет айта аласыз?
II. Мағынаны ашу
1) Тақырып таңдау
Оқушылар келесі бағыттардың бірін таңдайды:
- Рим мектебі
- Рим поэзиясы
- Шешендік өнер
- Құқық
Жұмыс алгоритмі
- Тақырыпты таңдайды
- Іштей оқиды
- Түсініп оқиды
- Ойланады
- Жауап береді
2) Тәуелсіз зерттеу
2-топ: үй тапсырмасы бойынша Вергилий, Гораций, Цицерон және Цезарь туралы қосымша мәлімет жинақтайды.
Оқушы әрекеті
- Ізденеді
- Оқиды
- Жазады
- Айтады
3) Қойылым (рольдік көрініс)
3-топ: Меценаттың ақындарға қамқорлығы және Горацийдің шығармашылық ұстанымы туралы көрініс дайындайды.
Басқарушы
Октовиан Августің Меценат атты бай досы болған. Ол ақындарға қамқорлық жасап жүрген. Ең атақты ақындардың бірі Гораций өте кедей еді.
Меценат
«Гай Юлий Цезарьдің мұрагері, императорымыз Октовиан Август билікті нығайту үшін ақындарды өз жағына тартып, өлең жаздыртып жүр. Сіздің жүзжылдық ойын мерекесінде үлкен хор орындайтын салтанатты әнұранның мәтінін жазғаныңызды білемін. Өнеріңізге тәнтімін! Бар күш-қуатыңызды шығармашылыққа арнауыңыз үшін сізге шағын имение (жер телімін) сыйлаймын».
Басқарушы
Гораций өз өлеңдерінің уақыт қысымына бағынбайтын ескерткіш болып қалатынын сезінген.
Гораций
«Мен өзіме ескерткіш орнаттым — ол мыстан да мәңгі, пирамидалардан да салтанатты. Оны жаңбыр тамшысы да, екпінді жел де, жылдардың шексіз айналымы да қирата алмайды. Жоқ, мен мүлде жоғалып кетпеймін: ең асыл бөлшегім жерге көмілмейді...»
Қорытынды
Меценат есімі жомарттықтың символына айналды. Қазіргі кезде де ақынға, суретшіге, әртіске және шығармашылық иелеріне қолдау көрсететін жандарды «меценат» деп атайды.
4) Жоба-плакат
4-топ: «Ежелгі Рим өнері» тақырыбында жоба-плакат әзірлейді және қорғайды.
Плакаттағы идеялар мен дәлелдер
- «Жүрек соғып тұрғанда, ұрпақ жалғастығы тоқтамайды» деген ойға сүйеніп, Ежелгі Рим өнерін жүрек тұсына орналастыру.
- «Сананы жетілдіру жолы — білім» қағидасын және «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» мақалын негізге алып, білімді жоғары қою.
- «Мың рет естігеннен бір рет көрген артық» дегенге сүйеніп, әрі құқық нормаларының орындалуын қадағалайтынын меңзеп, құқықты көзбен бейнелеу.
- Поэзияны құлаққа орналастыру: балалықтан естіп, құлаққа сіңіріп өсуге ықпал ететінін көрсету.
- Шешендік өнерді тілге орналастыру: «тілінен бал тамған» деген бейнелі теңеумен байланыстыру.
- Дінді мойынға орналастыру: діннің ерте кезеңнен бастау алып, бүгінге дейін адам өмірінде маңызды орын алатынын көрсету.
- Сәулет өнері мен мүсін өнерін қолға орналастыру: бұл өнер түрлері қол еңбегімен жасалатынын айқындау.
- Латын тілін аяққа орналастыру: б.з. V ғасырында Батыс Рим империясы құлағаннан кейін латын тілі француз, итальян, португал, румын және өзге тілдерге тарамдалғанымен, медицина сияқты салаларда халықаралық термин ретінде қолданылуын жалғастырғанын көрсету.
- Сондай-ақ Гай Юлий Цезарь енгізген күнтізбе дәстүрінің бүгінге дейін сақталғанын атап өту: ай атаулары әлі қолданыста. Мысалы, September — бастапқы санауда «жетінші», December — «оныншы» дегенді білдірген, өйткені римдіктер жылдың басын наурыздан есептеген. February айы өлім құдайы Феврус атымен байланыстырылып, 28 күндік әрі жылдың соңғы айы саналған. July — Цезарь құрметіне, August — император Октовиан (Август) құрметіне аталған.
Оқушылардың әрекеті
- Жоба-плакат жасайды
- Қорғайды
III. Ой толғаныс
РАФТ тапсырмасы
- Ойланады
- Жазады
- Айтады
- Рөлі:
- Ежелгі Рим халқы атынан
- Аудитория:
- 6 «А» сынып оқушылары
- Формасы:
- Хат
- Тақырыбы:
- Алғыс хат
Алғыс хат мәтіні
Құрметті 6 «А» сынып оқушылары!
Сіздердің Ежелгі Рим өнерін жақсы меңгергендеріңізге қуаныштымыз және шынайы алғысымызды білдіреміз!
Алдағы уақытта білім кемесімен талай белесті бағындырып, ұлттық рухы берік, парасатты азамат болып өсулеріңізге тілектеспіз.
Бағалау
Тапсырмаларды орындау сапасына, топтық жұмыстағы белсенділікке және дәлелді жауаптарға сүйене отырып бағаланады.
Үй тапсырмасы
Грек және Рим мектебін салыстыра отырып, аргументтік эссе жазу.