Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету
Сабақ тақырыбы
«Бауырсақ» ертегісі
Мақсаты
- Ертегі әлеміне қызығушылық қалыптастыру.
- Сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету.
- Кейіпкерлердің сөз мәнері мен қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауды дамыту.
- Сөздерді анық айтуға дағдыландыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
Әңгімелесу және амандасу
Тәрбиеші балаларға бүгін ерекше күн екенін, топқа қонақтар келгенін айтып, қонақтармен сәлемдесуді ұсынады.
Амандасу өлеңі
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге —
Тәрбиенің басы ғой!
Ал, қанекей, бәріміз
Сәлем дейік үлкенге.
Балалардың жауабы
«Сәлеметсіздер ме, апайлар!»
Жылы сөздер шеңбері
Тәрбиеші балаларға бір-біріне жақсы сөздер айтуды ұсынады. Балалар шеңберге тұрып, алақандары арқылы жылы лебіздерін жеткізеді.
Тәрбиеші: «Ботақандарым, жарайсыңдар!»
Содан кейін балалар орындарына отырады.
Ертегі әлеміне саяхат
Кіріспе сұрақ
Тәрбиеші: «Ертегілердің басы қалай басталады?»
- «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде…»
- «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір тұрыпты…»
- «Ерте-ерте, ертеде кіп-кішкентай маса дүниеге келіпті…»
Жолға шығайық
Тәрбиеші: «Ертегілер әлеміне қалай барамыз?»
Балалар: «Пойызбен барайық, тез жетеміз!»
(Пойыздың дыбысы естіледі. Балалар ертегі әлеміне «келіп», жайғасады.)
Жұмбақтар
Тәрбиеші бүгінгі ертегіні табу үшін жұмбақтар жасырады:
-
Өзі қу, жүрген жері айқай-шу.
Жауабы: Түлкі
-
Далада жүр шапқылап, керемет тым саққұлақ. Тек есектен басқада оған ұқсар жоқ құлақ.
Жауабы: Қоян
-
Ит сияқты пішіні, ұнатпайды ол кісіні.
Жауабы: Қасқыр
-
Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады.
Жауабы: Аю
-
Өзі қып-қызыл болып піседі, күнге ұқсас келеді.
Жауабы: Бауырсақ
Тәрбиеші: «Бұл кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі?»
Сахналау: «Бауырсақ»
Тәрбиеші балаларға «Бауырсақ» ертегісінің мазмұнын еске түсіруді ұсынады. Балалар ертегіні қысқаша айтып береді. Содан соң тәрбиеші ертегіні қуыршақ театры арқылы қоюды ұсынады. Балалар қуыршақтарын алып, кейіпкерлердің сөз мәнері мен қимыл-қозғалысын келтіре отырып сахналайды.
Рөлдер
Автор
Малика
Ата
Мансур
Әже
Айша
Бауырсақ
Айбар
Қоян
Ақмерей
Аю
Арсен
Түлкі
Жансая
Қорытынды және қоштасу
Балалар мадақталады, қонақтармен қоштасады және шеңбер құрып, жылы лебіздерін білдіреді.
Қоштасу өлеңі
Балалар, шеңбер құрайық,
Қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!