Шоқан өмірі туралы деректер
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Өтетін орны
- Қызылорда қаласы, №112 орта мектеп
- Пән
- Қазақ әдебиеті (5-сынып)
- Мұғалім
- Нұржанова Айнұр Зиядинқызы
- Тақырып
- С. Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
- Сабақтың типі
- Жаңа білімді жетілдіру
- Сабақтың түрі
- Ақпараттық, талдау сабағы
- Пәнаралық байланыс
- Тарих, бейнелеу өнері, география
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Шоқан Уәлихановтың балалық шағын және өмір сүрген ортасын тарихи деректермен байланыстыра отырып, тереңірек түсіндіру. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру.
Дамытушылық
Оқушылардың білім, білік, дағдысын дамыту; еркін ойлауын ояту; шығармашылық белсенділігін арттыру; сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, өздігінен білім алуға жетелеу.
Тәрбиелік
Шоқан өмірін үлгі ете отырып, оқушыларды адамгершілікке және саналылыққа тәрбиелеу. Патриоттық және этнографиялық білім беру.
Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Талдау
- Шығармашылық жұмыс
- Топтастыру
- Эвристикалық тәсіл
- СТО стратегиялары
Көрнекіліктер
- 1.Шоқан портреті
- 2.Шоқан салған суреттер
- 3.Шоқан жасаған карта
- 4.Шоқанның ата-тегі
- 5.Семантикалық карта
- 6.Шоқан жайлы лебіздер кітапшасы
- 7.Шоқан туралы кітаптар көрмесі
Сабақтың құрылымы
-
1-кезең Ұйымдастыру
Сәлемдесу, оқушыларды топқа бөлу.
-
2-кезең Үй тапсырмасы
Өткен тақырып бойынша сұрау және тексеру.
-
3-кезең Жаңа сабақ
Мәтінді талдау, идеяны ашу, тарихи деректермен байланыстыру.
-
4–7 Қорытынды
Бекіту, үй тапсырмасы, бағалау, қорытындылау.
Топтық жұмыс: тапсырмалар мен рөлдер
I топ — Зерттеушілер
- Шоқан Уәлихановтың өмірі туралы деректер (тарихи мәліметтермен негіздеу).
- Шоқанның қалыптасуына әсер еткен орта туралы деректер.
- Шоқан еңбектері туралы шолу.
II топ — Сарапшылар
Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беріп, дәлелді мысалдармен негіздеу.
Шоқан
Қайырымды, әділ, уәдеге берік, өнерді құрметтейтін бала. Ол Мысықты үйіне ертіп әкеліп тамақтандырады, киім береді, тентек інісінен қорғайды және өнерін жоғары бағалайды.
Мысық
Өнерлі әрі зерек. Балшықтан мүсін жасайды: түйе, қой, құс, пәуеске. Зеректігі — көргенін ұмытпай, есте сақтай білуінен байқалады.
Жақып
Тентек, сотқар. Үйге келген баланы келемеждеп, Мысық жасаған мүсіндерді сындырып тастайды.
III топ — Шығармашыл топ
Сахналық көрініс қою: әңгіме желісі бойынша рөлмен ойнау (I бөлім: Бала Шоқан, Мысық, Жақып).
Көрініс үзіндісі (диалог)
Шоқан: Ей, Мысық, аманбысың? Мына ойыншықтарды кім жасады?
Мысық: Өзім жасадым.
Шоқан: Көрсетші. Бересің бе?
Мысық: Жоқ, бермеймін.
Шоқан: Неге сонша қорқасың? Алмаймын, тек көрейін.
Мысық: Сенің құнаның бар, алып қашып кетесің. Мен жаяумын. Кеше бір тентек бала мені сабап кетті. Сен тимейсің бе?
Шоқан: Жоқ, мен алып қашпаймын. Тек көремін.
Мысық: Рас айтасың ба?
Шоқан: Сен мені жатырқап қалғансың ба? Ақысына не аласың? Маған ана балшық атыңды берші.
Мысық: Не бересің: бауырсақ бересің бе, қант бересің бе?