Оқушылардың бата жайлы алған білімдерін толықтыру

Ана тілі (1-сынып)

Тақырыбы: «Ақсақалдың ақ батасы» (презентациямен)

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

  • Оқушылардың бата туралы білімін толықтыру.
  • Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев туралы түсінік беру, өлеңнің негізгі идеясын ашып, мағынасын түсіндіру.
  • Жуан және жіңішке жұп дауысты дыбыстарды ажырата білуге үйрету.
  • Қала атауларын жаттату.

2) Дамытушылық

  • Тақырып бойынша жүйелі ізденуге бағыттау.
  • Бата түрлерін ажыратып, қосымша материал жинау арқылы ойлау қабілетін дамыту.
  • Белсенділігін арттырып, қызығушылығын ояту.

3) Тәрбиелік

  • Батаны өмірде қолдануға және бата беріп үйренуге баулу.
  • Имандылыққа тәрбиелеп, салт-дәстүрді дәріптеу.

Сабақтың құрылымы

  1. 1

    Ұйымдастыру

    Саяхатқа дайындық.

  2. 2

    Психологиялық дайындық

    Жағымды көңіл күй қалыптастыру.

  3. 3

    Ой ашар: жаңа білімді хабарлау

    • Интерактивті тақтамен жұмыс.
    • Проблемалық-ізденушілік тапсырмалар.
  4. 4

    Ой қозғау

    Дәптермен жұмыс.

  5. 5

    Ой толғаныс

    Топпен жұмыс.

  6. 6

    Сабақты қорытындылау

    Рефлексия.

  7. 7

    Бағалау

    Оқушылардың жұмысын саралау және кері байланыс беру.

  8. 8

    Үй тапсырмасы

    Тақырыпты бекітуге бағытталған тапсырма беру.