Тәрбиеші аквариумдағы балықтарды көрсете отырып

Шалқар қаласы • №6 орта мектеп

Ашық сабақ • Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Айналамен таныстыру

Сабақтың тақырыбы: Балықты күту және баптау

Сабақтың мақсаты

  • Аквариумдегі балықтармен және олардың тіршілігімен таныстыру.
  • Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.

Әдіс-тәсілдер

Әңгімелесу Түсіндіру

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

Дайындық

Жұмбақ шешу және өткенді қайталау

  • Өткен тақырыпты еске түсіру, қайталау.
  • Жыл мезгілдерін атап, ретімен айту.
  • Биылғы жылдың қай жыл екенін анықтау.

Сергіту сәті

«Қоңыз ұшады»

Топта қоңыз ұшады, Ж-ж-ж-ж әнге басады. Оңға қарай ұшады, Солға қарай ұшады. Алақанды жаямыз, Алақанға қоңызды қондырамыз, «У-ф-ф-ф» деп қоңызды ұшырамыз.

Ойын: «Аққаланың мұрнын тап»

Түйсік

Мақсаты: сипап-сезу қабілетін жетілдіру.

Барысы: балалар көздерін жұмып, тақтаға ілінген аққаланың пластилиннен жасалған мұрнын дұрыс орнына қояды.

2) Жаңа сабақ

Тәжірибе

Әңгімелесу сұрақтары

Тәрбиеші балалармен балық туралы әңгіме өрбітеді:

  • Балық туралы не білесіңдер?
  • Балық қайда өмір сүреді?
  • Басқа жануарлардан қандай ерекшелігі бар?
  • Өздерің білетін балық түрлерін атаңдар.

Аквариумдағы балықтарды таныстыру

Тәрбиеші аквариумдағы балықтарды көрсете отырып, бүгінгі сабақта аквариум балықтарымен танысып, оларды қалай күтіп-баптау керектігін үйренетіндерін түсіндіреді.

Күту және баптау қадамдары

  1. 1 Алдымен таза суы бар ыдыс дайындаймыз.
  2. 2 Балықтарды сүзгімен абайлап ұстап, таза суға ауыстырамыз.
  3. 3 Аквариумды жуып, тазалап, қажет болса суды алмастырамыз.
  4. 4 Балықтарды қайтадан орнына салып, жем береміз.

Қоректенуі

Аквариумдағы балықтар ұсақ жәндіктердің қалдықтарымен де қоректенуі мүмкін. Сабақ барысында тәрбиеші жемді ұнтақтап, балықтарға сеуіп көрсетеді. Балалар да кезекпен жем сеуіп көреді.

Балалардың түсінгенін бекіту

Балалар өз түсініктері бойынша аквариум балықтарын күтіп-баптау жолдарын айтып береді:

  • Сұрақ: Балықтың суын қалай алмастырамыз?
  • Сұрақ: Оған тамақты қалай береміз?
  • Сұрақ: Оның жемі қандай?
  • Сұрақ: Ол немен қоректенеді?

Шығармашылық жұмыс

Балаларға ұсынылған парақтардағы балық суреттерін өз қалаулары бойынша бояу тапсырмасы беріледі.

3) Қорытынды

Нәтиже
  • Сабақ мазмұны бойынша қорытынды жасалады.
  • Балалар мадақталады.
  • Боялған балық суреттерінен көрме ұйымдастырылады.
  • Ең ұқыпты, ең сәтті жұмыстар ерекше атап өтіледі.