Рәсімдеу залы

Астана – әсем қала

Мақсаты

Астана қаласының көрікті жерлерін таныстыру және оқушылар бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру.

Дамытушылық

Астана жылнамасын құрастыру және жаттау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту; Астана тарихын насихаттау арқылы тіл байлығын, сөз саптауын, ойды жүйелі жеткізу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік

Астананың мәдени жетістіктерін таныта отырып, оқушыларды отансүйгіштікке, әсемдікке және салауатты өмір салтына баулу.

Түрі

Сыныптан тыс іс-шара.

Көрнекілігі

Плакаттар, оқушылар шығармашылығынан алынған суреттер, макеттер.

Әдісі

Саяхат сабағы.

Кіріспе

Сарыарқа төсіндегі бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қаласы 1997 жылдан бері астана мәртебесіне ие. Бүгінде қалада 1 миллионға жуық адам тұрады. 1998 жылы 10 шілдеде Астананың халықаралық тұсаукесері өтті. Сол жылы ЮНЕСКО шешімімен Астанаға «Бейбітшілік қаласы» атағы берілді.

Ерке Есілдің жағасында бой көтерген жаңа астана аз уақыт ішінде-ақ айрықша келбет қалыптастырып, күннен күнге құлпыра түсті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл бастамасымен өмірге келген тәуелсіз еліміздің бас қаласы бүгінде әлемге танымал астаналардың қатарынан берік орын алды. Астана — тәуелсіз Қазақстанның тірегі мен жүрегіне айналған, қайталанбас сәулеттік нысандарымен жұртты таңдандырған қала.

Енді елорданың ең көрнекті ғимараттарымен танысайық.

Елорданың сәулеттік нышандары

Бәйтерек

Бірегей сәулет туындысы, елорданың символына айналған архитектуралық кешен.

Негізгі деректер

  • Металл, әйнек және бетоннан тұрғызылған.
  • Металл қаңқасының биіктігі — 105 м.
  • Салмағы — 1000 тоннадан асады.
  • Бес жүзге жуық қадаға бекітілген.

Өлшемдері

  • Көрініс алаңы орналасқан биіктік — 97 м (1997 жылға ишара).
  • Шар диаметрі — 22 м.
  • Шар салмағы — шамамен 300 тонна.
  • Кіреберіс сатысы жер бетінен 4,8 м биік.

Мағынасы

  • Үш бөліктен тұрады: жер асты бөлігі — тамыр, жоғарысы — өркендеу нышаны.
  • Ең жоғары бөлігінде «Аялы алақан» композициясы орналасқан.
  • Түске құбылатын «хамелеон» әйнекті шар — рекордтық инженерлік шешім.

Ақ Орда резиденциясы

Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы, елорданың жаңа әкімшілік орталығындағы басты нысандардың бірі.

Тарихы және өлшемдері

  • Құрылысы 2001 жылдың қыркүйегінде басталды.
  • Ресми тұсаукесері — 2004 жылғы 24 желтоқсан.
  • Жалпы көлемі — 36 720 м².
  • Күмбезімен қоса биіктігі — 80 м.
  • Қасбеті 20–40 см итальян мәрмәрымен қапталған.

Қабаттары мен залдары

  • Жер үстінде 5, жер астында 2 қабат.
  • 1-қабатта гранит еденді салтанатты хол (1800 м²) орналасқан.
  • 3-қабат: киіз үйге ұқсас Шығыс залы, Алтын зал, камин залы және мәжіліс бөлмелері.
  • 4-қабат: Саммиттің Үлкен залы, кітапхана және кіші Шығыс залы.

Ғимарат монолит құйматастан салынып, әлемдік өндірушілердің озық инженерлік жабдықтарымен жарақтандырылған. Залдары сәнді әрленіп, едендерге мәрмәр, гранит және көркем паркет төселген.

Бейбітшілік пен келісім сарайы

Пирамида пішініндегі кешен — рухани келісім мен диалогтың символына айналған мәдени орталық.

Орналасуы

Сарай Астана қаласындағы қолдан жасалған жота үстінде орналасқан. Кіреберісі ауа райының құбылмалы болуын ескере отырып, жер астына орналастырылған.

Құрылысы

  • Салтанатты ашылуы — 2006 жылғы 2 қыркүйек.
  • Табан қабырғасының ұзындығы — 62 м.
  • Ауданы — 25,5 мың м².
  • Жобалаушы — ағылшын сәулетшісі Норман Фостер.

Ішкі кеңістігі

  • Қазақстан халқы Ассамблеясы мен келісім орталығы.
  • Мұражай, университет.
  • 1500 орындық опера залы.
  • Атриум және қысқы бақ.

Экстерьері — пирамида, ал орталық күмбезді залы Нью-Йорктегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің холлына ұқсас шешіммен салынған.

Тәуелсіздік сарайы

Мемлекеттік деңгейдегі ресми іс-шаралар, форумдар, мәжілістер мен кездесулер өтетін көпфункциялы кешен.

Техникалық жабдықталуы мен жайлылығы халықаралық деңгейдегі іс-шараларды жоғары сапада өткізуге мүмкіндік береді. Ресми жиындармен қатар концерттер, көрмелер және мерекелік басқосулар ұйымдастыруға қолайлы.

Құрылымы

  • Конгресс-зал
  • Рәсімдеу залы
  • Пресс-орталық
  • Қолөнер және этнография, археология және антропология галереялары
  • Қазіргі заман галереясы
  • Астана тарихы мұражайы
  • 4D кинотеатры
  • 360° кинотеатры
  • Электронды кітапхана

Қабаттар бойынша

1-қабат

Ұлттық және заманауи стильдің үйлесімі. 3082 орындық Конгресс-зал, 268 орындық Рәсімдеу залы, 220 орындық Пресс-орталық және 678 адамға арналған, сахнасы мен дыбыс аппаратурасы бар мейрамхана орналасқан.

2-қабат

Қолөнер және этнография, археология және антропология галереялары. Археология залында Алтын адам, Сармат батыры, Берел аттары, құпия жазулары бар тастар сияқты сирек экспонаттар ұсынылған.

3-қабат

Астана қаласы тарихының мұражайы және «Астана 2030» макет залы. Бұл залда елорданың 2030 жылға дейінгі даму көріністері көрсетіледі.

Экспозициялар арасында әйел әшекейлері, өңірлік ұлттық киімдер, батырлардың қару-жарақтары, музыкалық аспаптар, қолдан тоқылған кілемдер, аңшылық көріністері және әсерлі қыз ұзату композициялары бар. 18–19 ғасырлардан қалған мұралармен қатар, қазіргі заман шеберлерінің жұмыстары да қамтылған. Көшпенді өркениеттің ұлы жетістігі саналатын қазақ киіз үйі де заманауи шеберлікпен қайта жасақталып, көрермен назарына ұсынылады.

Қорытынды ой

Астана — тәуелсіздіктің тұғыры, ел рухын айшықтайтын сәулет пен мәдениеттің тоғысқан мекені. Елорда нысандарын танып-білу — тарихты құрметтеу, отанға сүйіспеншілікті нығайту және көркемдік талғамды дамытуға бастайтын маңызды қадам.

Келісілді (тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары):

О. Салыбеков