Бұрыс бөлшек тобының сұрақтары
Сабақтың тақырыбы: Аралас сандарды қосу
Сабақтың мақсаты
- Аралас сандарды қосу тақырыбы бойынша оқушылардың білімін жүйелеу.
- Ойлау қабілетін дамыту арқылы интеллектуалдық дағдыларын қалыптастыру.
- Өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен құралдар
- Таблицалар
- Дидактикалық материалдар
- Тест тапсырмалары
- Бағалау парағы
- Флипчарт
- ActiveVote тестілеу құрылғысы
- Презентация
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру және кіріспе
Өткен сабақта біз аралас сандарды қосу тақырыбын өтіп, есептер шығардық. Үй тапсырмасы ретінде жұмысты екі параққа көшіріп жазып келу тапсырылған. Қазір сол парақтарды жинап аламын; сабақ барысында тексеріп, қайта таратып беремін.
Сабағымызды бастамас бұрын, алда қандай мереке келе жатқанын еске түсірейік. Дұрыс, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл. Осы мерекеге байланысты еліміздің патриоттары ретінде орнымыздан тұрып, Әнұранның бір шумағын орындаймыз.
Әнұран орындалады.
Бүгінгі сабағымыз математикалық ойын түрінде өтеді. Ойын барысында жай бөлшек, дұрыс және бұрыс бөлшек, аралас сан ұғымдарын және олардың ережелерін қайталап, білімімізді бекітеміз.
Топтарға бөлу
Сабақ ойын түрінде өтетіндіктен, оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топ өз эмблемасын, ұранын және қысқаша таныстыруын айтады:
-
1-топ
Дұрыс бөлшек
-
2-топ
Бұрыс бөлшек
-
3-топ
Аралас сан
Ойын ережесі және бағалау
Дұрыс жауап
5 ұпай
Белгісі: бес бұрыш
Толық емес жауап
3 ұпай
Белгісі: үшбұрыш
Қате жауап
0 ұпай
Ұпай берілмейді
Ойын соңында жиналған ұпайлар есептеліп, жеңімпаз анықталады. Сол нәтижеге сәйкес оқушылар бағаланады.
Ескерту:
Ойын 5 бөлімнен тұрады.
I бөлім: «Кім жылдам?»
Әр топқа 5 сұрақтан беріледі. Мақсат — сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беру.
Дұрыс бөлшек тобының сұрақтары
- Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
- Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қалай салыстырамыз?
- Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз?
Бұрыс бөлшек тобының сұрақтары
- Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
- Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қалай қосамыз?
- Әріптердің көмегімен бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу ережесін жазып көрсет.