Ұяшықтарды таңдау
Тақырыбы: «Көңілді тапқырлар сайысы»
Мақсаты
- Жыл бойы алған білімдерін бекіту.
- Тапсырмаларды тиянақты орындауға дағдыландыру.
- Логикалық ойлауды дамыту.
- Ұйымшылдыққа, достыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбер
Балалар «Көктем мезгілі маған ұнайды, себебі…» деп бастап, көктемнің ерекшеліктерін айтады.
Негізгі ой
Өз ойын анық айту, табиғат құбылыстарын байқау және сөйлеу мәдениетін дамыту.
Кіріспе көрініс: Торғай мен түлкі
Торғай: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бізге көмектесіңдерші. Мына шелектегі бидайды бөлісе алмай жатырмыз.
Түлкі: Мен бидайды көбірек алуым керек, себебі мен аспанды тіреп ұстап тұрдым.
Торғай: Жоқ-жоқ, ең ауыр жұмысты мен істедім. Егіз жегіп, астық басып еңбек еттім.
Түлкі: Менің атқарған жұмысым астық басқаннан да ауыр.
Балалар: «Жарайды, түлкі мен торғай, таласпайық. Біз сендерге көмектесеміз!»
Командалар таныстыру
1-команда: «Алғырлар»
Дайын біздің команда, шығыңдар, кәне, жарысқа.
Кімдер епті, кім алғыр — озып шығар сайыста.
2-команда: «Тапқырлар»
Шетінен-ақ тапқырмыз, біз команда құрамыз.
Не үйрендік, не білдік — сайыста жеңіп шығамыз.
Ереже
Ұяшықтарды таңдаймыз: әр ұяшықта сан белгіленген. Әр команда өз қалаған ұяшығын таңдап, тапсырманы орындайды.
Тапсырмалар
1-тапсырма: «Қандай ертегі білеміз?»
- «Торғай мен түлкі»
- «Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай»
- «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
- «Қарлығаш пен дәуіт»
- «Кім күшті?»
- «Бес ешкі»
- «Мақта қыз бен мысық»
Д.О: «Қай ертегіден үзінді?»
«Кеш жарық…» деп кіріп барады. Бұлар жылдам екен: «кеш» дегенді айтып болғанша, қолдарындағыларын жасыра қойып, отыра қалады.
Ұлыған боран, үскірік аяздан бүрсең қағып, тасжарғанның бүршігін күрт-күрт шайнап, тұра береді.
Бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барғалы бара жатырмын, уақытым жоқ, — дейді көкек.
Қазақтың көне жерінде, асқар таудың бұйрат белінде күшсіздерді жалмапты, тілсіздерді талай қан қақсатты.
2-тапсырма: «Мына ақындарды білесіңдер ме?»
Ақындар
- А. Құнанбаев
- Ы. Алтынсарин
- М. Әлімбаев
- Т. Молдағалиев
- О. Әубәкіров
- С. Қалиев
Осы ақындардың қандай әңгімелерін білесіңдер?
- «Әке мен бала»
- «Нан қайдан шығады?»
- «Жеті шал»
- «Қамқорлық»
- «Кімнің тоны жылы?»
- «Қайтпай қалған қарлығаш»
Сұрақ: Жыл мезгілдеріне байланысты қай ақын өлең жазған?
Жауап: А. Құнанбаев — «Жазғытұры».
3-тапсырма: «Түсіп қалған әріп»
Т...лкі, А...на, Қ...й, к...кек, ин.., т...й, та...ақ, қ...ян, т...с.
Балалар, алдарыңда сөзжұмбақ: тігінен торкөз ішінде бір сөз жасырылған. Сол сөзді тапқыларың келе ме?
Балалар: Иә!
Жұмбақтың шешуін дұрыс тауып, қатесіз жазсаңдар, жасырынған сөз шығады. Ол үшін сөздерді көлденеңінен жазамыз.
- Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (Күн)
- Үсті толы ине, бірақ іс тігіп, қадамайды түйме. (Кірпі)
- Сайқымазақ, қулығы бар; барған жерде ұрлығы бар. (Түлкі)
- Көкпеңбек еді көктемде, қызарды күзге жеткенде. (Алма)
- Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады. (Пияз)
4-тапсырма: Криптограмма және анаграмма
Криптограмма
Н П А СА------Қ З А------ ЫСЫБД ------ТРӨТ -------РАҚА -------ЛЫАУ
5 3 4 2 1 -----1 3 2 -------4 5 2 3 1 ------1 3 2 4 ------3 2 1 4 ------4 3 1 4
Анаграмма
«Қ» әрпінен басталатын сөздерге жауап беру арқылы торкөздерді толтырамыз.
Бұл тапсырма зейін, логика және тілдік қорды қатар дамытады.
Сергіту сәті
Алға қарай шығамыз, ойынды біз бастаймыз.
Біздің ойынды біліп қой, балаларға оңай ол.
Қолмен шапалақ, аяқпен топылдат.
Секіреміз алға бір, секіреміз артқа бір.
5-тапсырма: Логикалық есептер
Шығармақ боп кеше есеп, жиналды жиырма есек. Оның бесеуі ұйықтап қалды. Ынталысы неше есек?
Жауабы: 15
Жаңа ғана шалғында он бес бұзау жүр еді. Шаршап қалды ма, жатып қалды біреуі. Енді нешеуі жайылып жүр?
Жауабы: 14
Бес қоянда неше құлақ бар?
Жауабы: 10
Досым келе жатып 5 теңге тауып алды. Егер екеуіміз бірге болсақ, неше теңге тапқан болар едік?
Жауабы: 5
Менде 15 теңге бар. Сағыз 5 теңге тұрады. 15 теңгеге неше сағыз аламын?
Жауабы: 3
4 балаға бір алманы бәріне тең беру үшін алманы неше бөлікке бөлеміз?
Жауабы: 4
6-тапсырма: «Мен айтамын, сен жалғастыр»
- Еңбегі қатты болса — татқаның тәтті болар.
- Еңбек қылсаң ерінбей — тояды қарның тіленбей.
- Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.
- Еңбегі аздың — өнбегі аз.
- Еңбек — ердің көркі, еңбегімен ел таныр.
- Байлықтың атасы — еңбек, анасы — жер.
- Жаңбырменен жер көгерер, еңбекпенен ел көгерер.
Қорытынды: Татулық пен еңбек
Тәрбиеші: Балалар, біз түлкі мен торғайға бидайды тең бөлісуге көмектестік. «Еріншектің ертеңі таусылмайды» — әрқашан еңбек етіңдер, сонда еңбектің жемісін жейсіңдер. «Ырыс алды — ынтымақ» дегендей, бір-біріңе адал дос болыңдар.
Түлкі: Рахмет сендерге, балалар. Сендердің арқаларыңда еңбектің не екенін түсіндім. Бұдан былай адал еңбек етуге уәде беремін.
Торғай: Рахмет сендерге, балалар. Түлкі екеуміз сендерге алып келген тосын сыйымыз бар: бұл — ақылды кітап және зерек қалам. Сендер де ақылды, зерек, тапқыр болыңдар.
Тосын сый: Наубайшының тартуы
Наубайшы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерге ризамын. Нағыз алғыр, тапқыр екенсіңдер. «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» демекші — еңбек еткен торғайдың жемісі мол. Түлкі, торғай, сендер әрқашан татулық пен еңбекқорлықты серік етіңдер.
Мына дәмді тоқашты сендерге тарту етемін.