Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасымен анықталатын физикалық шама

Сабақтың тақырыбы

Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль–Ленц заңы.

Сабақтың типі

Білімді жинақтау, жүйелеу және жаңа сабақ.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ–жауап
  • Практикалық жұмыс
  • Қайталау
  • СТО (сын тұрғысынан ойлау)

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Сұрақтар арқылы токтың жұмысы мен қуатының өрнектерін өздері қорытып шығаруға бағыттау. Джоуль–Ленц заңымен таныстырып, тәжірибелік тапсырмалар мен есептеулер арқылы білімді бекіту. Теориялық білімді практикада қолдануға дағдыландыру.

Дамытушылық

Ой-өрісті дамыту, белсенділікті арттыру, пікір алмасу арқылы өзіндік бағалау дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Электрлік қондырғылармен жұмыс барысында ұқыптылық пен жауапкершілікті күшейту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

Көрнекілік материалдар

Сабақ жоспарына сәйкес слайдтар.

Тәжірибелік құралдар

  • Амперметр
  • Вольтметр
  • Күнделікті тұрмыста қолданылатын электротехникалық құрылғылар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Сабақ құрылымымен таныстыру: оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа тақырыпқа қажет формулаларды өздері қорытып шығарады. Әр жауапты жауап парағына жазып, экрандағы нұсқамен салыстырады да (+) немесе (-) белгісін қояды. Сабақ соңында жиналған баллға сәйкес бағаланады.

II. Қызығушылықты ояту

Алдын ала білімді белсендіру үшін негізгі ұғымдар мен тізбектерді жалғау ережелері бойынша қысқаша сұрақ–жауап жүргізіледі.

Сұрақ–жауап (қайталау)

1) Алдарыңда қандай өлшеуіш құралдар тұр?

Амперметр және вольтметр.

2) Амперметр қандай физикалық шаманы өлшейді?

Ток күшін.

3) Амперметр тізбекке қалай жалғанады?

Тізбектей жалғанады.

4) Вольтметр қандай физикалық шаманы өлшейді?

Кернеуді.

5) Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?

Параллель жалғанады.

6) Өткізгіштерді жалғаудың қандай түрлері бар?

Тізбектей және параллель жалғау.

7) Тізбектей жалғауда қандай шама бірдей болады?

Ток күші: Iж = I1 = I2

8) Тізбектегі жалпы кернеу неге тең?

Uж = U1 + U2

9) Тізбектей жалғауда жалпы кедергі неге тең?

Rж = R1 + R2

10) Параллель жалғауда барлық бөлікте қандай шама бірдей болады?

Кернеу: Uж = U1 = U2

11) Параллель жалғауда жалпы ток күші неге тең?

Iж = I1 + I2

12) Параллель жалғауда жалпы кедергі қалай өрнектеледі?

Rж = (R1R2) / (R1 + R2)

13) Ток күші деген не?

Ток күші — өткізгіштің көлденең қимасы арқылы белгілі бір уақыт аралығында өтетін электр зарядының сол уақытқа қатынасымен анықталатын физикалық шама.

14) Электр кернеуі деп нені айтады?

Электр кернеуі — тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда электр өрісінің атқарған жұмысының сол зарядқа қатынасымен анықталатын физикалық шама.