Алты аға бірігіп әке болмас, Алты жеңге бірігіп ана болмас

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға жеті санының киелі мәнін ұғындыру.

Дамытушылық

Сөздік қорын байытып, ойлау және сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Ата-баба мұрасын құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Түгелдеу.
  • Сабаққа назарын аудару, мақсатты хабарлау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Еңбек пен адамгершілік туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтқызу.

III. Жаңа сабақ: «Жеті ата»

Сұрақ: Бір аптада неше күн бар?

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі — барлығы жеті күн. Осыдан сабақтың тақырыбы 7 саны ұғымымен байланысатыны айқындалады.

Қазақтың дәстүрлі салт-санасында жеті атаны білу — ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын тәрбие. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы және әрі қарай жеті атаға дейінгі туыстық тарауды, мүмкіндігінше, нақты есімдерімен жаттап өседі.

  • Бір атадан тараған ұрпақ өзара ағайын саналады.
  • Жеті атаға толмай қыз алыспау — туыстық тәртіптің маңызды қағидасы.
  • Туыстар арасында сыйластық, бауырмалдылық, бірлік нығаяды.

Тақтаға күннің жадын және сабақ тақырыбын жазу арқылы оқушылардың назарын жинақтау.

Сергіту сәті

«Қара жорға» биін бейнеролик арқылы орындату.

IV. Оқулықпен жұмыс

Берілген мәтінді оқушыларға кезекпен оқыту, мазмұнын талдату.

V. Сөздік жұмысы

Қазақша Орысша түсіндірме
Ата дедушка
Әже бабушка
Нағашы родственники по линии матери
Жиен племянник, племянница по женской линии
Немере внук
Шөбере правнук
Туыстар родственники

VI. Шығармашылық жұмыс: «Ғажайып жетілік»

1–7 дейінгі сандардың артына сұрақтар жасырылып беріледі. Оқушылар кезекпен таңдап, жауап береді.

Мысал сұрақ 1

7 саны туралы не білесің? 7 ата, 7 жоқ, 7 қазына, 7 қат, 7 күн сияқты ұғымдармен байланысты екенін айту.

Мысал сұрақ 2

Киелі санды ата. 7 саны киелі сан екені туралы ой бөлісу.

Мақал-мәтелдер

  • Ағайын — туыс.
  • Алты аға бірігіп әке болмас, алты жеңге бірігіп ана болмас.
  • Аға — бордан, іні — зордан.
  • Ағайын ала болса, ауыздағысынан айырылады.
  • Ағасы ақылдының ауылы азбайды, жеңгесі шебердің тоны тозбайды.
  • Ағайын бір өліде, бір тіріде керек.

VII. Үй тапсырмасы

Өз жеті атаңды жазып келу.

VIII. Бағалау

Сабаққа қатысу белсенділігіне, мәтінді түсінуіне, сұрақтарға жауап беруіне және шығармашылық жұмыс нәтижесіне қарай бағалау.