Құрамында тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендіре білу
Сабақ тақырыбы
Құрамында тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендіру.
Оқу мақсаты
Құрамында тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендіру дағдысын қалыптастыру.
Сабақ мақсаттары
- Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді білу.
- Тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендіре білу.
Назар аударатын ой
«Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу.»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Жетістік критерийлері
- 1 Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді біледі.
- 2 Тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендіре алады.
Бастапқы білім
- Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер.
- Қос және жарты бұрыш формулалары.
- Қосындыны көбейтіндіге және көбейтіндіні қосындыға түрлендіру формулалары.
Құндылықтарды дарыту
«Мәңгілік ел» идеясының индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығын ескере отырып, алған білімін өндірісте және күнделікті өмірде қолдануға бағыттау.
Пәнаралық байланыстар
Қазақ әдебиеті, тарих.
АКТ дағдылары
Видеопроекторды қолдану.
Тілдік мақсаттар
Дағдылар
Оқушылар тригонометриялық өрнектерді дұрыс жаза алады және түсіндіріп айта алады.
Пәнге тән лексика мен терминология
Диалог пен жазу үшін пайдалы тіркестер
«Құрамында тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендіру дегеніміз — …»
Сабақ құрылымы
Сабақтың басы
7 минутІ. Ұйымдастыру (3 минут)
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Сабақ мақсатымен таныстыру және бағалау тәртібін түсіндіру.
- Сыныпты 1, 2, 3 деп санау арқылы топқа бөлу: «Синустар», «Косинустар», «Тангенстер».
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (4 минут)
Ашық сұрақтар арқылы өткен тақырыпты қайталау. Сұрақтар «Көкпар» ұлттық ойыны үлгісімен беріледі. Әр топтың оқушылары жауап берген сайын «қазандыққа» ұпай қосып отырады. Ауызша мадақтау жүргізіледі.
Қайталау сұрақтары
- 1) sin²α + cos²α = ?
- 2) Синус пен косинустың қатынасы нені білдіреді?
- 3) Құрамында тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендіру дегеніміз не?
- 4) 120 санының 10%-ы неше?
- 5) Ені 4, ұзындығы 7 болатын бөлменің ауданы неге тең?
- 6) Қандай жағдайда 2 санын 14 деп айтуға болады?
Сабақтың ортасы
25 минутШирату және топпен жұмыс
Оқушылар «Асық» ойыны арқылы есептерді таңдап алады. Тапсырмалар топ ішінде талқыланып, шешімі дәлелденеді.
Оқулықпен жұмыс
№493 тапсырма топтарға бөлініп орындалады:
- S «Синустар»: 1, 4, 7
- C «Косинустар»: 2, 5, 8
- T «Тангенстер»: 3, 6, 9
«Алтын сақина» арқылы тексеру
Оқушылар «Алтын сақина» ойыны үлгісімен есептердің шешімін тақтаға шығарып жазады және түсіндіреді.
Саралап оқыту
№495 тапсырма деңгейіне қарай беріледі: әр оқушы өз мүмкіндігіне сай есепті орындайды, мұғалім қажет жерде бағыт-бағдар береді.
Сабақтың соңы
7 минут1) Кері байланыс
- Құрамында тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендіру дегеніміз не?
- Бұл түрлендірулерді қандай есептерде қолдануға болады?
- Тригонометриялық функцияларды түрлендіру өмірде қандай пайда береді?
2) Бағалау
Бағалау парақшасындағы ұпайлар қосылып, нәтижесі бойынша арифметикалық орта есептеледі.
3) Рефлексия
Оқушылар стикерге бүгінгі сабақ туралы пікірін жазып, тақтаға іледі.
Үй тапсырмасы
2.1.4 тақырыбын оқу.