Шырша туралы мәтінін құрастыру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың атауы

Ә. Дүйсенбиев. «Шырша жыры»

Сабақтың тақырыбы

«Шырша жыры»

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсіл

Топпен жұмыс

Сабақтың мақсаты

  • Мәтіннің мазмұнын меңгерту, негізгі идеясын ашу.
  • Балалар жазушысы М. Төрежанов туралы қысқаша мәлімет беру.
  • «Шырша жыры» әнін әуенімен айтуға жаттықтыру.
  • Сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту.
  • Сыйластыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Түсіну

Мәтін мазмұнын айтып береді, негізгі ойды анықтайды.

Қолдану

Топпен жұмыс арқылы мәтін, тақпақ, жұмбақ құрастырады және ұсынады.

Коммуникация

Сөйлеу мәдениетін сақтап, бір-біріне қолдау білдіреді, пікірін дәлелдейді.

Психологиялық ахуал

Ширату өлеңі

Тату-тәтті достармыз біз,

Ынталы да талапты.

Көп білуге құштармыз біз,

Жақсы оқимыз сабақты.

Мағынаны тану

Сөйлеу тілін дамыту

Оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру мақсатында жаттығу ретінде жаңылтпаш жатқа айтылады.

Ұжымдық жұмыс: сөзжұмбақ

Сөзжұмбақты шешкеннен кейін шыршаның суреті шығады. Осы арқылы оқушылар алда «Шырша жыры» әнін орындайтынын бірден табады.

Сөзжұмбақ сұрақтары

  1. Адам аты.
  2. Аяз атаның серігі.
  3. Соңғы жыл атауы.
  4. Жаңа жыл көркі.
  5. Жыл атауы.
  6. Жыл басы.
  7. Аяз ата дорбасындағы зат.

Ой қозғау

«Жаңа жылға дайындығың қандай?» — оқушылардың ой-пікірі тыңдалады.

Аяз атаның тапсырмалары

5-тапсырма: ән авторлары және орындау

  • Сөзін жазған: Ә. Дүйсенбиев
  • Әуенін жазған: Л. Хамиди

«Шырша жыры» әнін әуенімен айтуға жаттығу жүргізіледі: әр топ бір шумақтан орындайды. Топ басшысы ұпай беріп, әр топқа жұлдызша табыстайды.

6-тапсырма: топтық жұмыс

«Алғырлар» тобы

Шырша туралы мәтін құрастыру.

«Білгірлер» тобы

Шырша туралы қандай тақпақ білесің?

«Тапқырлар» тобы

Шырша туралы қандай жұмбақ білесің?

Жауап берген оқушыларға топ басшысы ұпай береді, әр топ жұлдызша алады.

Сабақты бекіту

Қорытынды сұрақтар

  • Мәтіннің авторы кім?
  • Қандай шығармамен таныстық?
  • Мәтіннің негізгі түйіні қандай?

Негізгі түйін

Біреуге жасаған жақсылығыңды, қамқорлығыңды өзің емес, ел айтсын.

Сыныптық ықпалдастық

Бір-біріңе жақсы тілек айтып, жылы сөзбен қолдау көрсетіңдер.