Тасымалданбайтын сөздерді теріп жазу
Сабақтың тақырыбы: «Біздің ту»
Сабақтың мақсаты
- Өлеңнің мазмұнымен таныстыру, мемлекеттік рәміз — Ту туралы мәлімет беру.
- Ойын түрлері арқылы оқушылардың ізденімпаздық қабілетін, мәнерлеп және сауатты оқу дағдыларын дамыту.
- Елін, жерін сүюге, қорғауға, Қазақстанның рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
- Сабақтың әдісі
- Түсіндіру, сұрақ-жауап.
- Сабақтың көрнекілігі
- Тудың суреті, тірек сызбалар.
- Сабақтың түрі
- Жарыс сабақ.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушыларды сабаққа дайындау.
- Оқушыларды 2 топқа бөлу.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын бекіту.
3) Жаңа сабаққа кіріспе (тірек сызбамен жұмыс)
Оқушылармен «Отан» тақырыбы аясында ой қозғау жүргізіледі. Топтастыру әдісі арқылы төмендегі сұрақтар қойылады:
- «Отан» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Біздің еліміз қалай аталады?
- Астанамыз қай қала?
4) Оқулықпен жұмыс: «Біздің ту» өлеңі
Авторы
Тұманбай Молдағалиев (1935 ж. 20 наурыз) — Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жарсу совхозында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы, ақын.
Кіріспе ой
Әлемдегі әрбір мемлекеттің өзіне тән мемлекеттік рәміздері бар. Тәуелсіз елдің ең айрықша белгілері — Елтаңба, Ту, Әнұран. Тарихта тудан айырылу елден айырылумен тең саналатын кезеңдер болған.
Қазақстан Республикасының Туы туралы мәлімет
- Автор
- Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков (Алматы қаласының бас суретшісі).
- Қабылданған күні
- 1992 жыл, 4 маусым.
- Негізгі түсі
- Көгілдір түс — кеңдікті, ашық аспанды, бірлікті білдіреді.
- Ортасындағы күн
- Алтын күн — нұр мен берекенің нышаны.
- Қыран құс
- Қырағылықты, биіктікті, еркіндікті білдіреді.
- Ұлттық өрнек
- Тудың жиегіндегі өрнек — ұлттық нақыштың белгісі.
Өлшемі
Ені — 1 м, ұзындығы — 2 м.
Өлеңмен жұмыс
- Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқып береді.
- Оқушылар өлеңді тізбектей оқиды.
Ережемен жұмыс: тасымал
Тасымалдауға болмайтын сөздер
1) Бір буынды сөздер
Мысалдар: от, сүт, қант.
2) Бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер
Мысалдар: о-рақ, ө-зен, а-ю, ұ-я, қи-я.
Тасымалданбайтын екі буынды сөздер
- 1-топ: аю, ою, ұя, иә.
- 2-топ: ата, әже, екі, оқу, өсу.
- 3-топ: іні, ине, аяқ, оян.
Себебі: бір дауысты дыбыстан жасалған буынға негізделген сөздер тасымалданбайды.
Дәптермен жұмыс
- Күннің жадын жазу.
- Көркем жазу: «Отан — оттан да ыстық.»
- 76-жаттығу.
Терме диктант
- Тасымалданбайтын сөздерді теріп жазу.
- Бір буынды сөздердің астын бір рет, бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздердің астын екі рет сызу.
- Түсіндіру: бір дауысты дыбыстан жасалған сөз тасымалданбайды (мысалы: от, сүт, қант).
Дидактикалық ойын: «Бәйге»
Оқушылар тасымал мен буын туралы өткен білімін «Бәйге» ойыны арқылы бекітеді. Екі топқа түрлі түсті таңдаулар ұсынылады. Оқушылар таңдаған түсіне сәйкес сұраққа жауап береді.
1-сұрақ
Сөйлем неден құралады?
2-сұрақ
Сөз неден құралады?
3-сұрақ
Дыбыс деген не?
4-сұрақ
Әріп деген не?
5-сұрақ
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
6-сұрақ
Жуан дауыстыларды ата.
7-сұрақ
Тасымал деген не?
8-сұрақ
Жіңішке дауыстыларды ата.
9-сұрақ
Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды ата.
Қорытынды бөлім
Бүгін нені білдік, нені үйрендік?
- Тасымал және буын ұғымдары.
- Бір буынды сөздер.
- Бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер.
- Тасымалданбайтын екі буынды сөздер (мысалдар келтіру).
Рәміздерге қатысты бекіту сұрақтары
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата.
- Туымыздың түсі қандай?
- Тудың авторы кім?
Қазақстан Туымен — тұғырлы, Елтаңбасымен — еңселі, Әнұранымен — айбатты. Еліміздің болашағы — сендер. Отанды сүюге, қорғауға әрқашан дайын болыңдар.
Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
«Біздің ту» өлеңін мәнерлеп оқу.
Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен белсенділігіне қарай бағалау.