С. Аманбайұлы атындағы орта мектептіңтарих пәні мұғалімі Алмагул ЖетписбаеваТарих 5 сыныпСабақтың тақырыбы
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Мектеп
С. Аманбайұлы атындағы орта мектеп
Пән мұғалімі
Алмагүл Жетписбаева, тарих пәні мұғалімі
Сынып
5-сынып
Сабақтың тақырыбы
Қазақ хандары мен билері
Оқу мақсаты мен күтілетін нәтижелер
Сабақтың оқу мақсаты
Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын түсіндіру және хандар мен билердің ел тарихындағы ерлік істері туралы ұғым қалыптастыру.
Барлық оқушылар
Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын біледі, хандар мен билерді таниды.
Оқушылардың басым бөлігі
Ізденімпаздық қабілеті дамиды; тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырып, өз ойын еркін жеткізе алады.
Кейбір оқушылар
Мәтінмен жүйелі жұмыс істейді, деректерді өз бетінше іздейді, тарихи оқиғаларды салыстырып, пікірін ашық білдіреді.
Алдыңғы білімді белсендіру
Үй тапсырмасын тексеру
- Үй тапсырмасын қадағалау.
- «Сандар сөйлейді» ойыны арқылы сұрау: 1465 − x = 550, 550 + x = 2015.
- Теңдеулерді шешу арқылы оқушыларды сөйлету.
«Сөйлем құрастыр» ойыны
Керекті сөздер:
Бағалау: оқушы өзін-өзі бағалайды.
Сабақ барысы
Басталуы
- 1 «Тұлғалар сөйлейді»: билер мен хандардың суреттері ілінеді. Оқушы таныған тұлға туралы суретіне қарап қысқаша әңгімелейді. Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатын нақтылайды.
- 2 Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сергіту сәті ұйымдастырылады.
- 3 Жаңа ұғымдарға байланысты топқа бөлу: «Билеушілер» және «Атқарушылар».
Ортасы
Топтық жұмыс: постер құрастыру
Топтар постер құрастырады, талдайды және қорғайды.
Хандар
- Жошы
- Орда Ежен
- Жәнібек пен Керей
- Бұрындық
- Хақназар
- Тәуекел
- Есім
- Жәңгір
- Тәуке
- Абылай
- Кенесары
Билер
- Төле би
- Қазыбек би
- Әйтеке би
Жұптық жұмыс: «Мен саған, сен маған»
Оқушылар тақырып бойынша бір-біріне 2 сұрақтан қойып, жауап береді.
Ұсынылатын құрылым
- 1-сұрақ: дерекке сүйеніп түсіндіру
- 2-сұрақ: салыстыру немесе қорытынды жасау
Аяқталуы
«Венн диаграммасы»: салыстыру
Оқушыларға суреттер таратылады. Ұқсастықтарына қарай қайта топтасып, екі кезеңді салыстырады:
1465–1466 жылдар
Қазақ хандығының құрылуы кезеңі
1991–2015 жылдар
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы
Тақырыптық тірек: «Қазақстан Республикасы — менің елім!»
Тапсырма: салыстыра отырып, өздері білетін оқиғаларды ауызша айтып шығады.
Бағалау және кері байланыс
Өзін-өзі бағалау
Оқушылар өз жұмысына қысқаша баға береді: белсенділік, дәлел келтіру, топтағы үлесі.
Кері байланыс
Не ұнады?
........................................................
Не қиын болды?
........................................................
Тілегім
........................................................
Ескерту: қажет болған жағдайда материалдың толық нұсқасын жүктеуге болады.