Балаларды мейірімділікке, ананың өлшеусіз еңбегін бағалауға үйрету
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылы • МКҚК «Балауса» балабақшасы
Әдіскер: Изжанова Мөлдір Нәбидоллақызы
«Ана — асыл қазынам»
Мақсаты
- Балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, ананың өлшеусіз еңбегін бағалауға үйрету.
- Анаға деген балалық махаббатты өз шығармаларында жеткізе білуге баулу.
- Дүниедегі жақсылықтың бастауы — күннің нұры мен ананың мейірімі екенін түсіндіру.
Негізгі ой
Бақытты алысқа іздемей, ең жақыннан — ана жүрегінен табу. Ананың мейірімі мен шапағаты — отбасының жылуы, баланың тыныштығы, өмірдің берекесі.
Көрініс барысы
Кіріспе диалог
Айбар
Мерекеде келіп қалды, бізде бәрі дайын ба? Қазір қыздар келеді, сазайыңды береді.
Серікболсын
Айттым ғой мен сендерге: «Үлгермейміз қазір», — деп. Бәріне қыздар кінәлі, өлең айтып болғаны.
С. Данияр
Ұлдар, ұлдар, ұрыспаңдар! Әне, өздері де келіп тұр. Көңілдірек қарсы алайық — біздің қыздар келіп тұр!
Жүргізушінің сөзі
Армысыздар, құрметті қонақтар! Армысыздар, әжелерім, аналарым! Мейірбан, аппақ көңіл даналарым. Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен құттықтайды сіздерді балаларыңыз!
Міне, көктемнің гүлімен, жұпар лебімен, анамыздай аймалап, көктем мерекесі де келді. Көктемнің алғашқы күндерімен бірге аналарымыздың да мерекесі келді.
Бақытты іздеу
Қыз
Сәлем бәріңе. Сендер кімсіңдер?
Балалар
Біз — «Балдырған» тобының балаларымыз.
Қыз
Сендер бақыттың қайда екенін білесіңдер ме?
Жалқаубек
Сәлем бердік бәріңе, мен — Жалқаубекпін. Бақытты несіне іздеп жүрсің? Кел, бізге қосыл. Бізбен бірге ұрлық жасайсың, тонайсың — алтындарың көп болады. Ақшаң көп болса, бақытты боласың: тоясың, билейсің — міне, саған бақыт.
Жүргізуші
Балалар, Жалқаубектің айтып тұрғаны дұрыс па?
Балалар
Дұрыс емес.
Ұсыныс
Жүргізуші Жалқаубекті балалармен бірге болуға шақырады: бақыттың не екенін бірге түсінейік. Жалқаубек бақытты әннен, биден іздеп көреді.
Ән
«Аяулы ана»
Жалқаубек: «Керемет ән екен. Бірақ ән айтқанда да бақытты көре алмадым…»
Би
Вальс
Жалқаубек: «Көңілді би екен. Бірақ бақытты тағы да көре алмадым…»
Сахналық көрініс: «Әжесі мен немересі»
Әжесі
Жүрегім кім менің?
Тірегім кім менің?
Сәнім кім менің?
Ботақаным, сүйіктім, қозым! Не деген тәтті баласың өзің! Ой, қарғам менің!
Немересі
Мен, әже.
Мен, әже.
Мен, әже.
Жоқ, әже, «қарғаң» мен емес. Жоқ, жоқ, қарға болмаймын. Керегі жоқ ондайдың: қарға «қарқ-қарқ» етеді, алысқа ұшып кетеді. Қасыңда болып әрдайым, мен ешқайда бармаймын.
Ойын
«Кім шапшаң?»
Шығармашылық жұмыс
Балалар аналарына арнап сыйлыққа гүл жапсырады. Жалқаубек балалардың жұмысына сүйсініп, олардың өнерлі, тапқыр, ақылды екенін айтады.
Тапсырма
«Гүл жапсыру»
Шарықтау сәті: Бақыттың жауабы
Анасы
Қызым, мен сені іздемеген жерім жоқ. Қайда жүрсің? Ботақаным, қошақаным, құлыным…
(Анасы қызын құшақтайды.)
Қызы
Мен бақытты әр жерден іздедім, таба алмадым. Сізді көріп қатты қуандым. Анашым, сіз — менің бақытымсыз.
Жалқаубек
Балалар, мен түсіндім: бақыт деген — біздің анамыз екен. Біз тек анамыздың қасында бақыттымыз. Енді мен анама барайын: қуантайын, сағынышын басайын. Мен анамды жақсы көремін. Ал сендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме?
Балалар
Біз анамызды жақсы көреміз.
Жалқаубек: Мен анамды мерекесімен құттықтауға кеттім. Сау болыңдар. Рақмет сендерге!
Қорытынды
Жүргізуші
Уақытпен ешкім жарыса алмайды, ал қиял қияға қарыштайды. Балғындар шын жүректен тебірентіп, аналарға әндерін арнайды.
Ән
«Әке, ана» (Айбек, Жанерке)
Ана, сен бақыттысың — менмін ғой бақшаңдағы бақыт құсың.
Қазірден бөбек болсам да, өсіре бер,
Ақ сүтіңді ақтаймын, уақыты туса.
Ана туралы
Ана — өмірдің бәйтерегі.
Ана — көңілдің қуанышы.
Ана — әрбір үйдің жылуы.
Ана — гүлге тұнған өмірдің шуағы.
Құттықтау
Құрметті ата-аналар, мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемдей құлпырып, әрқашан жарқырап жүріңіздер. Дендеріңіз сау болсын!