Кесілмеген тұсауы нәрестедей, Кездескеннің бәрінен құлай берем
Мұқағали Мақатаев
Бәріне де түсінем,
Бәрін білем,
Бірақ білмейім өзімнің әлімді мен.
Пайдам да жоқ ешкімге, зияным да,
Ұялтуға қақым жоқ, ұялуға.
Жаяулатып жүріп - ақ, дәмем күшті,
Құрық салам құланға қиялымда.
Қалқасында жүріп - ақ қалтарыстың,
Күшім бар деп, күшіндей Алпамыстың,
Келсін шамам келмесін, шаруам жоқ,
Геркулеспен келеді арпалысқым.
Олай көрем өзімді, бұлай көрем.
Өзімді - өзім патша, құдай көрем.
Кесілмеген тұсауы нәрестедей,
Кездескеннің бәрінен құлай берем.
Шабыт, ашу, шаттық, мұң, ұят қалып,
Жүрген жай бар, осылай күй атқарып.
Билей алмай жүрмін мен бір басымды,
Роботы ойлардың сияқтанып.
Бәріне де түсінем,
Бәрін білем,
Бірақ білмейім өзімнің әлімді мен...
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ САЛАСЫ
Әжелер өнегесі
ЫРЫС АЛДЫ - ЫНТЫМАҚ
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халқының cалт-дәстүрлерімен таныстыру
Сәбилерге арналған салт өлеңдер
Ж. Аймауытов - Ақбілек романы
С.Торайғыровтың шығармалары
Жастар тәрбиесінде халық педагогикасының элементтерін пайдалану
Қазақ күресінің тарихы
Трансактілі талдау теориясы
Қыпшақ Ізбасты би, он жасар күнінде көш үстінде көп адаммен бір түлкі қуысып, бәрінен бұрын жетіп түлкіні соғып алды
Сәлем берем ұстаздарға, Сәлем берем бәріңе
Барған соң қара ауызды қоя берем
Ақтиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды
Мұқағали МақатаевЕң бірінші бақытым - Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін
Досым үшін жіберемғұмырымды құрбан ғып
Білімді болу - бәрінен бұрын адам болу деген сөз