Тұсаукесер атты сөзжұмбық шешу

Тұсаукесер туралы жалпы мәлімет

Бүгінгі сабақта презентация құру және слайд жасау — ең өзекті дағдылардың бірі. Оқушылардың презентацияны құру және безендіру бойынша білімін жетілдіріп, пәнге қызығушылығын арттыру үшін сабақты сайыс түрінде ұйымдастырдым. Төменде осы сайыс сабағының өткізу жоспары ұсынылады.

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ

Сабақтың әдістері

Түсіндіру, демонстрация, топтық жұмыс, жеке жұмыс, сәйкестендіру

Көрнекіліктер

Компьютер, интербелсенді тақта, слайдтар, тапсырмалар

Сабақтың мақсаты

  • Компьютерлік бағдарламаларды меңгерту арқылы логикалық ойлау, есте сақтау, зейін және шығармашылық қабілеттерді дамыту.
  • Қосымша ақпарат арқылы білімді толықтыру.
  • Компьютермен жұмыс барысында ұқыптылыққа баулу.
  • Қауіпсіздік ережелерін сақтауға және сақтыққа үйрету.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Тренинг: «Шаттық шеңбері». Барлық оқушылар ортаға шығып, шеңбер құрып тұрады. Үнтаспа арқылы көңілді музыка тыңдап, бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Үй тапсырмасын тексеру (сұрақтар)

  1. Мәтіндік редакторда фигураларды қалай салуға болады?
  2. Нысанды қалай жылжытуға болады?
  3. Нысанды қалай жоямыз?
  4. Бірнеше нысанды бір мезетте ерекшелеуге бола ма?
  5. Құжатқа бірнеше сурет қосып, оларды бірінің үстіне бірін орналастырғыңыз келсе, қандай бұйрықты орындау қажет? Пішім → Реттеу → Алдыңғы сапқа немесе Пішім → Реттеу → Артқы сапқа

«Адасқан әріптер» кезеңі

Әр сөзге: 2 ұпай

Оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әріптерді орнына қою арқылы компьютер құрылғыларының атаулары мен информатикаға қатысты терминдерді табу қажет.

Сөздер Жауаптары
Ретьюмопк Компьютер
Демом Модем
Лайф Файл
Ротином Монитор
Нирперт Принтер
Красен Сканер
Шытқан Тышқан
Тиврсутиан Антивирус

Жаңа сабақты түсіндіру

Компьютерлік технологиялардың дамуымен слайдтар деп аталатын «электрондық плакаттарды» қолдану мүмкін болды. Тұсаукесер (лат. praesentatio) — жаңа, жақында пайда болған, жарияланған немесе жасалған дүниені көпшілікке таныстыру.

PowerPoint бағдарламасын іске қосу

Бастау → Барлық бағдарламалар → Microsoft Office → Microsoft PowerPoint

Формат

Тұсаукесер кез келген Microsoft Office құжаты сияқты сақталады. PowerPoint 2007 нұсқасында әдепкі пішім — .pptx.

Қарау режимдері (4 режим)

Әдеттегі Сұрыптағыш Слайдтарды көрсету Ескертпе беттері

Жаңа слайд қосу

Басты → Слайд құру бұйрығы арқылы қосылады. Слайдтың макетін таңдаңыз.

Макетті өзгерту

Басты → Макет бұйрығымен өзгертіледі.

Слайдты жою

Del пернесі немесе Басты → Слайдты жою бұйрығы арқылы орындалады.

«Өрмекші» ойыны

Дұрыс жауап: 2 ұпай

Өткен тақырып бойынша қойылған сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап берген топқа ұпай беріледі.

  1. Тұсаукесер ұғымы қандай мағына береді?
  2. PowerPoint бағдарламасын қалай іске қосамыз?
  3. Бағдарлама терезесі қандай элементтерден тұрады?
  4. PowerPoint-та неше бейнелеу режимі бар?
  5. Слайдта орындалатын объектілер қандай?
  6. Жаңа презентация жасаудың неше әдісі бар?
  7. PowerPoint-та үлгі түрдің (шаблонның) неше түрі бар?
  8. PowerPoint бағдарламасын қалай іске қосамыз?
  9. Тұсаукесермен жұмыс істеуге арналған неше қарау режимі бар? Атаңыз.
  10. Тұсаукесерге жаңа слайдты қалай қосамыз?
  11. Тұсаукесердің макетін қалай өзгертеміз?
  12. Тұсаукесердің шаблонын қайдан аламыз?

Өзіңді тексер

Тақырыпқа сай тест тапсырмаларын орындау және «Тұсаукесер» сөзжұмбағын шешу ұсынылады.

Сөзжұмбыққа арналған сұрақтар

  • Windows сөзінің қазақша аудармасы қандай?
  • Praesentatio латын тілінен аударғанда қандай мағынаны береді?
  • Қағаздағы кескінді түсіріп, дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы.
  • Жолақтың қай бөлігі слайдты безендіру үшін қолданылады?
  • Paint сөзінің қазақша аудармасы қандай?
  • Электронды есептеуіш машина.
  • Қаріптің мөлшері.
  • Компьютерді зақымдайтын бағдарлама.
  • Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас.
  • Бос орын қалдыру пернесі.

Бағалау

Бағалау парағы бойынша оқушылардың жұмысы бағаланады.

Үй тапсырмасы

27-параграф — оқып келу, түйінді ұғымдарды жаттау.

Өзіңді тексер! (Тест)

Төмендегі тест сұрақтары «Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер» тақырыбын бекітуге арналған.

1. Тұсаукесер құруға арналған бағдарлама қалай аталады?

  • A) Мәтіндік процессор
  • B) Графикалық редактор
  • C) Операциялық жүйе
  • D) Тұсаукесер құрушы конструктор

2. Microsoft PowerPoint бағдарламасын қалай іске қосамыз?

  • A) Бастау → Бағдарламалар → Microsoft Office
  • B) Бастау → Бағдарламалар → Стандарттық
  • C) Бастау → Бағдарламалар → Стандарттық → Қызметші
  • D) Бастау → Бағдарламалар → Microsoft Word

3. Әр слайдпен жеке жұмыс істейтін қарау режимін таңдаңдар:

  • A) Сұрыптағыш
  • B) Әдеттегі
  • C) Слайдтарды көрсету
  • D) Ескертпе беттері

4. Жолақтың қай тіркеме бетінде қарау режимдерін ауыстыру орындалады?

  • A) Басты
  • B) Түр
  • C) Дизайн
  • D) Кірістіру

5. Тұсаукесер қандай бұйрықтың көмегімен құрылады?

  • A) Office батырмасы → Құру
  • B) Басты → Құру
  • C) Басты → Бос тұсаукесерді құру
  • D) Басты → Бос тұсаукесерді шаблоннан құру

6. Тұсаукесерге жаңа слайдты қалай қосамыз?

  • A) Басты → Слайд құру
  • B) Дизайн → Слайд құру
  • C) Office батырмасы → Слайд құру
  • D) Басты → Макет

7. Жаңа тұсаукесердің бірінші слайды құрамына кіретін әдеттегі макет:

  • A) Тақырып және нысан
  • B) Титул (алғашқы бет)
  • C) Бөлімнің тақырыбы
  • D) Екі нысан

8. Ағымдағы слайдты жою бұйрығы:

  • A) Басты → Слайдты жою
  • B) Дизайн → Слайдты жою
  • C) Office батырмасы → Слайд жою
  • D) Басты → Макет → Слайдты жою

9. Жасырын слайд қалай жұмыс істейді?

  • A) Ол тұсаукесердің ешбір қарау режимінде көрінбейді
  • B) Тек сұрыптағыш режимінде көрінеді
  • C) Әдеттегі және сұрыптағыш режимінде көрінеді, бірақ көрсету (демонстрация) кезінде өткізіліп жіберіледі
  • D) Тек көрсету (демонстрация) режимінде көрінеді

10. Бірнеше іргелес слайдтарды қандай пернемен ерекшелейді?

  • A) Shift
  • B) Alt
  • C) Ctrl
  • D) Caps Lock