Өнердің түрлері Сабақтың мақсаты
Сынып: 10
Тақырыбы: Өнердің түрлері
Бұл сабақта оқушылар өнердің мәнін түсініп, театр мен кино туралы ой қорытады, сонымен бірге етістік және етістіктің райлары тақырыптарын қайталайды.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Ауызша және жазбаша талдау жұмыстарын жүргізу арқылы теориялық білімді бекіту; етістік және етістіктің райлары тақырыптарын меңгерту.
Тәрбиелік
Қазақ тілін құрметтеуге баулу; тілдегі асыл сөздердің мәнін ұғындырып, сүйіспеншілік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру; өнерлі болуға ынталандыру.
Дамытушылық
Ойды толық әрі нақты жеткізе білуін дамыту; ойлау қабілетін жетілдіру; тапқырлық пен ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I кезең
Қызығушылықты ояту
- Сәлемдесу.
- Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Үй тапсырмасын тексеру.
«Күтім ағашы»: күтілетін нәтижелер
Өткен грамматикалық тақырыптарды қайталау
Жаңа сөздермен танысу
Мәтіннің мазмұнын ашу
Фонетикалық және синтаксистік талдау жасау
Оқу-танымдық ойындар арқылы ой-өрісті дамыту
II кезең
Миға шабуыл
Театр және кино өнері туралы пікір алмасу: оқушылар өз ойларын айтады, мысалдар келтіреді.
Хронологиялық кесте
Берілген жылдарға сәйкес оқиғаларды толықтыру
1926–1930
.......................
1933
.......................
1937
.......................
1938
.......................
1941
.......................
III кезең
Жаңа мағынаны түсіндіру
Өнер ұғымы
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін және жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сананың әрі адам танымының формасы.
Өнердің ерекшелігі
Өнер өмірдегі оқиғаларды қаз-қалпында көшірмей, оларды өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы эстетикалық мәні бар туындыға айналдырады.
Өнер түрлері
Жаңа сөздер
Опера, балет, театр ұғымдарын түсіндірмелі сөздік арқылы талдау.
Қосымша тапсырма: жаңа сөздер бойынша фонетикалық талдау жасау.
IV кезең
Бекіту жұмыстары
Оқулықпен жұмыс: «Опера және балет театры»
- Мәтінді түсініп оқу және мазмұндау.
- Мәтіндегі тірек сөйлемді анықтау.
- Мазмұны бойынша сұрақ-жауап жүргізу.
Оқу-танымдық ойын: «Кім жылдам?»
Етістіктің рай категориясы бойынша білімді жедел тексеру, мысал келтіру және талдау жасау.
Жаттығу жұмыстары
№1
Етістіктің рай категорияларын ажырату.
№2
Сөйлем құрастыру және синтаксистік талдау жасау.
№3
Сөздік диктант.
№4
Мақал-мәтелдердің мазмұнын ашу.
V кезең
Қорытынды
Қорытындылау
Өнердің түрлері мен мәні бойынша негізгі ұғымдарды жүйелеу, сабақтағы жұмыстарды қорытындылау.
Бағалау
Оқушының белсенділігі, жауаптарының дәлдігі және талдау сапасы бойынша бағалау.
Үй тапсырмасы
Етістіктің рай категориясына байланысты сөйлемдер құрастыру.