Моногибридті будандастыру

Сабақтың барысы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі.
  2. 2 Үй тапсырмасын тексеру.
  3. 3 Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. 4 Өзіндік жұмыс және есептер.
  5. 5 Бекіту, қорытынды тест, бағалау, үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын тексеру

Бөлім: «Нақтырақ ойлан!»

Түсінік сұрақтары

  1. 1. Генетика ғылымы нені зерттейді?
  2. 2. Тұқымқуалаушылық дегеніміз не?
  3. 3. «Генетика» терминін енгізген ғалым кім?
  4. 4. Тұқымқуалаушылық заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізін кім қалады?

Мендель тәжірибесіне қатысты

  1. 5. Мендель зерттеулеріне не себепті асбұршақты таңдады?
  2. 6. Мендель 22 іріктемені таңдап алып, өсімдіктің негізгі 7 белгісін зерттеді. Ол қандай белгілер?
  3. 7. «Гибридология» сөзі қандай мағына береді?
  4. 8. Гибридологиялық әдістің ерекшелігі неде?

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жоспар

  1. 1. Моногибридті будандастыруға қатысты Мендель тәжірибесі.
  2. 2. Мендельдің I және II заңдары.

Моногибридті будандастыру — ата-аналары бір жұп белгі бойынша айырмашылық жасайтын дараларды будандастыру.

Мендель тәжірибесінің нәтижесі

Будандастыру нәтижесінде бірінші ұрпақта (F1) алынған будан өсімдіктердің тұқымдарының барлығы сары түсті болып, жасыл түс байқалмаған. Демек, ата-аналық іріктемелердің біреуінің ғана белгісі сыртқа шыққан.

Көрінген белгі

Доминантты

Бұл тәжірибеде: тұқымның сары түсі.

Көрінбей қалған белгі

Рецессивті

Бұл тәжірибеде: тұқымның жасыл түсі.

F1 ұрпақта әр жұп белгінің тек біреуі ғана көрініс береді. Бұл құбылыс Біркелкілік ережесі немесе Мендельдің I заңы деп аталады.

Екінші ұрпақтағы ажырау (F2)

Мендель тәжірибені жалғастырып, F1-дің сары тұқымдарын келесі жылы егіп, оларға өздігінен тозаңдану жүргізген. Күзде пісіп-жетілген F2 ұрпақтан барлығы 8023 тұқым жиналған: 6022 — сары, 2001 — жасыл.

Барлығы

8023

Сары

6022

Жасыл

2001

Нәтижесінде тұқымдардың арақатынасы шамамен 3:1 (сары : жасыл) болды. Бірінші ұрпақта көрінбеген жасыл түс жасырын күйде сақталып, екінші ұрпақта қайта көрінді. Бұл құбылыс Мендельдің II заңы немесе белгілердің ажырау заңы деп аталады.

Өзіндік жұмыс

Оқулықтағы 1-кестені пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер:

  1. 1. Асбұршақтың 8 іріктемесінің ерекше белгілерін жазыңдар.
  2. 2. F1 будандарының фенотипіне қарап, доминантты және рецессивті белгілерді көрсетіңдер.
  3. 3. F2 будандарының арақатынасын жазыңдар.

Логикалық есептер

Есеп №1

Көк көзді жігіттің ата-анасы қара көзді. Ол қара көзді қызға үйленеді. Егер қара көзді белгі көк көздіге қарағанда доминантты болса, бұл отбасында қандай ұрпақ күтуге болады?

Жауабы

Балалары қара көзді болады.

Есеп №2

Адамда оңқайлық белгі солақайлыққа қарағанда басым (доминантты). Шешесі солақай, өзі оңқай жігіт оңқай қызға үйленеді. Осы отбасында балалары солақай болуы мүмкін бе?

Жауабы

Балалары оңқай да, солақай да болуы мүмкін.

Бекіту сұрақтары

  1. 1. Моногибридті будандастыру дегеніміз не?
  2. 2. Біркелкілік заңы (Мендельдің I заңы) нені білдіреді?
  3. 3. Қандай белгіні доминантты, ал қандай белгіні рецессивті деп атайды?
  4. 4. Мендельдің II заңын (ажырау заңын) қалай түсіндіресің?

Қорытынды: тест

10 сұрақ

Сұрақтар

  1. 1. Тұқымқуалаушылық заңдылықтарын зерттегенде Г. Мендель қандай тәсіл қолданды?

    • A) гибридологиялық
    • B) биохимиялық
    • C) цитологиялық
  2. 2. Мендель бұршақтың 34 сортынан белгілері айқын неше сортын таңдады?

    • A) 21
    • B) 22
    • C) 30
  3. 3. Мендель өз еңбегін қай жылы жариялады?

    • A) 1862
    • B) 1863
    • C) 1865
  4. 4. «Генетика» терминін кім ұсынды?

    • A) Г. Мендель
    • B) У. Бэтсон
    • C) Н. Вавилов
  5. 5. Генетика ғылымы нені зерттейді?

    • A) сұрыптауды
    • B) эволюцияны
    • C) тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті

Жалғасы

  1. 6. Мендельдің II заңы қалай аталады?

    • A) тәуелсіз ажырау заңы
    • B) ажырау заңы
    • C) біркелкілік заңы
  2. 7. Басым белгі қалай аталады?

    • A) рецессивті
    • B) доминантты
    • C) басыңқы
  3. 8. Мендель қандай өсімдікке тәжірибе жүргізді?

    • A) бұршақ
    • B) қызан
    • C) намазшамгүл
  4. 9. Мендельдің I заңы қалай аталады?

    • A) тәуелсіз ажырау заңы
    • B) біркелкілік заңы
    • C) ажырау заңы
  5. 10. Көрінбей қалған белгі қалай аталады?

    • A) рецессивті
    • B) доминантты
    • C) аллельді

Тест жауаптары

1 — A, 2 — B, 3 — C, 4 — B, 5 — C, 6 — B, 7 — B, 8 — A, 9 — B, 10 — A.

Бағалау және үйге тапсырма

Бағалау

Оқушылардың жауаптары, өзіндік жұмыс нәтижелері және тест қорытындысы бойынша бағаланады.

Үйге тапсырма

§33 — мазмұндау.