Щетка түрлерін сөйлету
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Оқушыларды Ц дыбысы мен әрпімен таныстыру.
- Ц дыбысына қатысты жаңа сөздермен жұмыс жасау.
- Дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы білімін толықтыру.
- Сызба арқылы сөз бен сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру; сөз сызбасымен буын санын анықтауға үйрету.
- Тақырыптық суреттер бойынша әңгіме құрастыруға баулу.
Дамытушылық
- Сауатты, мәнерлі, әсерлі сөйлеуге бағыттау.
- Сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.
- Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету; ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік
- Өнер мен білімге қызығушылығын арттыру, спортқа баулу.
- Достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа дайындығын тексеру, оқу құралдарын реттеу.
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау, Біз сабақты бастаймыз. Жаңа білім алуға, Алға қадам бастаймыз.
Логикалық кіріспе (геометриялық фигуралар)
Дөңгелек пішіндерді көрсетіп, «Неге ұқсатуға болады?» деген сұрақ қойылады. Күтілетін жауап: аққала жасауға болады.
II. Үй тапсырмасын тексеру (өткенді қайталау)
Өткен сабақтағы Щ дыбысы еске түсіріледі: дыбысты дұрыс айту, мысал сөздер келтіру, тапсырмаларды кезең-кезеңімен орындау.
Аққаланы құрастыру арқылы қайталау
- 1 Үлкен бөлігін құрастыру: Щ дыбысын «сөйлету», сөздер айту.
- 2 Кіші бөлігін құрастыру: сөз жазу, мәтінді оқу, сұрақтарға жауап беру.
- 3 Басын құрастыру: жаңылтпаш/тақпақ айту.
- 4 Қол-аяғын құрастыру: щетка түрлері туралы айту.
- 5 Бас киімін кигізу: үй тапсырмасын қорытындылау.
Талдау тапсырмасы
«Щетка» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
III. Жаңа сабақ: Ц дыбысы мен әрпі
Сюжеттік кіріспе (саяхат)
Бүгін аққаламен бірге поезбен саяхатқа шығамыз. Жолда биік таулардың арасымен жүріп, «адасып қалған» құстарды, аңдарды және әріптерді вагондарға мінгіземіз. Вагондар қызыл және көк түсті болады.
Жұмбақ арқылы жаңа дыбысты табу
Аяғын жерге тірей қалып, Шеңбер сызды шыр айналып.
Жауабы: циркуль. Оқушылармен бірге дыбыстату: Ц, Ц, Ц.
Электрондық оқулықпен жұмыс
- Ц — дауыссыз дыбыс.
- Сөздерді буынға бөліп, буын санын анықтау.
- Дыбыстың сөз басында және сөз ортасында келуіне мысалдар келтіру.
Оқулықпен жұмыс: жаңа сөздер
Сөздерді оқып, мағынасын түсіндіру:
Цех
Өндірістегі бөлім, жұмыс орны.
Цирк
Өнер көрсететін орын.
Концерт
Музыкалық қойылым.
Цифр
Сан таңбасы.
Дәптермен жұмыс
Электрондық оқулықтағы үлгі бойынша Ц әрпін жазу, сөздерді көшіріп жазу, буынға бөлу.
Сергіту сәті
«Циркке барамыз»: әріптер «циркке» алдын ала барып қойған. Сайқымазақтың бил қимылдары әріптерге ұқсайды — әріпті атап, тану тапсырмасы (слайд).
Мәтінмен жұмыс: «Цирк»
- Мәтінді буындап оқу.
- Тізбектей оқыту.
- Мәнерлеп оқу.
- Мазмұнын айту.
Ойын: «Жоғалған әріпті тап»
Электрондық оқулық бойынша сөздердегі түсіп қалған әріпті тауып, дұрыс нұсқасын құрастыру. Мақсат — Ц дыбысының сөздегі орнын аңғарту.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Жазылым тапсырмасы
Ц дыбысы кездесетін сөздерді жазғызу, буынға бөлу, дыбыстық құрамын талдау.
Топтастыру
Дыбыстарды дауысты және дауыссыз деп ажыратып, «тиісті киіз үйге» орналастыру тапсырмасы.
Негізгі сұрақ: Ц қандай дыбыс? Дауысты ма, әлде дауыссыз ба?
V. Қорытындылау және бағалау
Қорытынды сұрақтар
- Бүгін қандай жаңа дыбыспен таныстық?
- Ц дыбысы бар сөздерге мысал келтір.
- Ц дыбысын дұрыс айтып көр (артикуляцияға көңіл бөлу).
Рефлексия
«Біз не білдік?» тақырыбында талқылау жүргізіледі. Оқушының білімі мен белсенділігіне қарай бағалау жасалады.
Қорытынды тапсырма
«Буындар сыйлығы»: берілген буындардан сөз құрап, Ц дыбысының орнын анықтау.
Үй тапсырмасы
Ц дыбысы бар сөздерге 5 мысал жазу, оларды буынға бөлу және 1–2 сөйлем құрастыру.