Менің ойыншықтарым

1

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалармен жылы қарым-қатынас орнатып, жақсы көңіл күй қалыптастыру.

«Жылулық шеңбері»

Қайырлы таң — көк аспан,

Қайырлы таң — жер ана.

Қайырлы таң — достарым,

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым бос.

Балалар, қане, мына тамаша әуенді тыңдап, бір-бірімізге күлімсірейік.

Бүгін күн ашық әрі жылы. Өйткені көктем келді. Қандай ғажайып күн!

2

Ұйымдастырушы-ізденушілік

Ойыншықтар арқылы сөздік қорын байыту, пішінін, түсін, қасиетін ажыратуға үйрету.

Балалар, бізге ойыншықтар елінен қонақтар келіпті. Бұлар кімдер екен?

Е. Өтетілеуұлы «Ойыншықтар» (өлең)

Аю, қоян, жолбарыс,

Арыстан мен піл, барыс —

Ойыншықтар, тұрыңдар,

Ойын-сауық құрыңдар.

Ғажайып сәт

Тәрбиеші шарға байланған аю ойыншығын көрсетеді.

Сұрақ-жауап

Балалар, мына шарға байланған не екен?

Өзі әдемі, бәрімізді таңғалдырып тұр. Қараңдаршы, шардың өзі де сиқырлы сияқты.

Хаттың мазмұны

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге Ойыншықтар елінен көптеген тапсырмалар жібердім. Егер осы тапсырмаларды орындасаңдар, сендерге сыйлық беремін.

Балалар, қараңдаршы, қандай әдемі ойыншықтар!

Қатты ойыншықтар

Машина, ұшақ, пойыз.

Жұмсақ ойыншықтар

Аю, түлкі.

Резеңке ойыншықтар

Қатты да, жұмсақ та болуы мүмкін.

Тапсырма: «Бұл қандай ойыншық?»

Менің қолымдағы қандай ойыншық?

Доп.

Доптың пішіні қандай?

Түсі қандай?

Допты ұрсақ не істейді?

Қимылды әрекет

Қане, барлығымыз допша секірейік.

Сергіту сәті

Көктем келді бүгін,

Күнін төкті нұрын.

Сайрап барлық құстар,

Ән салуға құштар.

Ойын: «Кім жылдам?»

Шарты: Тәрбиеші ойыншықты көрсеткенде, балалар оның атын тез айтуы керек (қоян, машина, доп және т.б.).

Қорытынды тапсырма

Балалар, шарға байланған аюдың сөмкесін ашып көрейік. Ішінде көптеген ойыншықтар бар.

Сұрақтар

Қандай ойыншықтар бар? Атайық.

Мынау не?

Қорытынды: Бұл — менің ойыншықтарым.