Қысқы өрнектер

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән
Бейнелеу өнері (1-сынып)
Тақырып
Қысқы өрнектер
Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Сабақтың түрі
Аралас
Әдіс-тәсілдер
Түсіндірмелі Сұрақ-жауап Тестілеу INSERT
Көрнекіліктер
Компьютер Интерактивті тақта Презентация Суреттер Плакаттар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қыс мезгілі туралы мағлұмат беру, табиғаттың ерекшеліктерімен таныстыру.

Тәрбиелік

Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыра отырып, туған елдің табиғатын сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың сөздік қорын молайту, қиялын (көз алдына елестетуін) дамыту және шығармашылық қабілетін арттыру.

Сабақтың барысы

I. Қызығушылықты ояту

1) Сабаққа дайындық

  • Сынып тазалығын тексеру.
  • Құрал-жабдықтарды түгелдеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.

2) Өткен сабақты қайталау (сұрақтар)

  • Түстердің түрлері қандай?
  • Негізгі түстер қандай?
  • Жылы түстерге қайсысы жатады?
  • Суық түстерге қайсысы жатады?
  • Композиция дегеніміз не?

3) Тақырыпқа кіріспе

Төрт жыл мезгілінің суреттері көрсетіледі. Оқушылар суреттерге қарап, жыл мезгілдерін өздері ажыратады.

Жұмбақ

Жерге көрпе жазылды.
Қаймақтанды су беті,
Терезеге салынды
Талай гүлдің суреті.

Жауабы: Қыс

Суретшілер туындыларымен танысу

Қыс тақырыбындағы жұмыстар арқылы көркемдік тілдің байлығын байқаймыз (Қастеев, Левитан және т.б.).

Әңгіме: қыс және мерекелер

  • Қыста қандай мерекелер бар? (Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл)
  • 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
  • 1 қаңтар — Жаңа жыл мерекесі.
  • Сыйлықты кім әкеледі? (Аяз Ата)

Презентация арқылы Аяз Атаның бейнесін көреміз. Ойын желісі бойынша тапсырмаларды жылдам әрі дұрыс орындаған сайын «қар» жинап, жаңа жылдық шыршаны безендіреміз.

Тақпақ-ойын

Ойыншық, жеміс, тәтті бар —
Алғың келе ме, кім бар?
Тектен-текке бермеймін,
Білімдеріңді тергеймін.
Кім көп білсе, сол алар,
Рахатын сол табар.

Қыстағы өзгерістер

  • Күн суытады.
  • Қырау түсіп, қар жауады.
  • Су мұзға айналады.
  • Айнала аппақ түске боялады.
  • Терезеге аяз өрнек салады.

Қыстың ұнайтын/ұнамайтын жақтары

Ұнамайды:

Күн суық, боран тұрады, аяз үсіреді, мұз қауіпті.

Ұнайды:

Айнала аппақ, ауа таза, шанамен сырғанаймыз.

II. Мағынаны тану

1) Практикалық жұмыс

«Аяз салған өрнекті» бейнелеу: өрнек түрлерімен танысу, салыну жолдарын талдау және оқушының қалауы бойынша өрнек құрастыру.

Назар:

Пішін, ырғақ, симметрия және суық реңктерді (көк, көгілдір, күлгін) үйлестіріп қолдану ұсынылады.

2) Тестілеу

I. Балама жауаптары бар тест (Иә/Жоқ)

  1. Негізгі түстер — үшеу. (Иә / Жоқ)
  2. Сары — жылы түс. (Иә / Жоқ)
  3. Көк — жылы түс. (Иә / Жоқ)

II. Таңдамалы тест

  1. Мамықтай ұлпа, қанттай аппақ. Қыста жер бетін басады, жазда сайға қашады.
    а) қар ә) мұз б) су
  2. Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым.
    а) таяқ ә) шаңғы б) шана
  3. Аяғы жоқ — жүреді, қолы жоқ — сурет салады.
    а) қар ә) аяз б) кітап

III. Толықтыруды қажет ететін тест

  1. Тікен-тікeн тік пісте, қысы-жазы бір ________.
  2. Ақыл азбайтын тон, білім таусылмайтын ________.
  3. Желтоқсан, қаңтар, ақпан — бұлар қыс ________.

3) Сергіту сәті

Қол-аяқты қимылдатып, қимыл-қозғалыс жасаймыз.

Қар жауады жапалақтап,
Балалар жүр шапалақтап.
Аяз беттен сүйеді,
Балалар тон киеді.

IV. Нәтиже және бекіту

Сұрақ-жауап

  1. Қыс мезгілінде ауа райы қалай өзгереді?
  2. Қысқы спорт түрлерін атаңдар.
  3. Медеу мұз айдыны қай қалада орналасқан?

INSERT әдісі бойынша қорытынды

Білемін

Жылы және суық түстерді, жыл мезгілдерін, олардың ерекшеліктерін.

Білдім

Қыс тақырыбындағы суретшілер еңбектерін, терезедегі аяз өрнектерін жазықтықта бейнелеуді және түстерді тиімді қолдануды.

Білгім келеді

Қыс көрінісін басқа техникалармен салу жолдарын.

Ойынның қорытындысы

Жиналған «қарларды» санап, шыршаның жұлдызын орнатамыз. Оқушылардың жұмыстары (дәптердегі аяз өрнегі) бойынша ортақ бағалау жүргізіледі.