Суретті бояу
Сабақ тақырыбы: Егіншілік пен мал шаруашылығы
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: Қазақстандағы егіншілік пен мал шаруашылығы туралы түсініктерді кеңейту.
- Дамытушылық: танымдық қызығушылықты арттыру, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
- Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, адам еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Сын тұрғысынан ойлау INSERT Бес жол өлең Венн диаграммасы Тест Топтастыру
- Көрнекіліктер
- Карточкалар, суреттер, сызбалар, энциклопедиялар (5 дана)
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
1 минутОқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
5 минут«Суқойма өсімдіктері мен жануарлары» тақырыбы бойынша шағын тест.
-
1) Өзен, көл, батпақ қалай аталады?
- А. Көл
- Ә. Су
- Б. Суқойма
-
2) Мөлдір ағын сулар мен тоғандарда не өседі?
- А. Гүл
- Ә. Жапырақ
- Б. Балдырлар
-
3) Суда жүретін қаз, үйрек, аққу балапандары немен қоректенеді?
- А. Балықпен
- Ә. Құртпен
- Б. Нанмен
-
4) Судың тыныш жағалауын қандай аңдар мекендейді?
- А. Қоян, түлкі
- Ә. Ондатр
- Б. Қасқыр, түлкі
III. Жаңа сабақты түсіндіру және меңгерту
20 минутҚызығушылықты ояту: «Лото» ойыны
Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру және логикалық ойлауын дамыту.
Ойын шарты:
- Оқушыларға жануарлар бейнеленген карточкалар таратылады.
- Мұғалім суретті сипаттайтын сөз тіркестерін айтады, оқушылар сәйкес суретті фишкалармен жабады.
- Көлденеңінен кез келген бір қатар толық жабылса, сол оқушы жеңімпаз атанады.
- Жеңімпаздар марапатталады.
- 1) Балапандарын балықпен қоректендіреді. Біріккен сөз. (Бірқазан)
- 2) Үй жануары. Төлі — лақ. (Ешкі)
- 3) Өте шапшаң орман жануары, саңырауқұлақтар мен жаңғақтарды кептіреді. (Тиін)
- 4) Құстың ұрпағы. (Балапан)
- 5) Қалың шөп арасына ұя салады, киелі құс. (Аққу)
- 6) Ерте кезде бұл жануарға соқа жегіп, жер жыртқан, алып күш иесі. (Өгіз)
- 7) Үй құсы, шөже. (Тауық)
- 8) Бостандық құсы. (Қыран)
- 9) «... қарқ етті, ірімшік жерге салп етті». (Қарға)
- 10) Төрт түліктің бірі, сүтінен шұбат жасалады. (Түйе)
- 11) Балапандарын басып шығарып, балықпен қоректендіреді. (Құтан)
- 12) Дала жануары, құйрығының ұшы қара, біріккен сөз. (Қарақұйрық)
Мағынаны тану: 3 орталықпен жұмыс
Сыныпта үш орталық ұйымдастырылады. Әр орталықта 5–6 оқушыдан жұмыс істейді. Спикерлер сайланып, бағалау парағымен таныстырылады. Әр топтың тапсырмалары бірнеше данадан алдын ала дайындалып, парта үстіне қойылады.
1-орталық: Білім орталығы
- 1-тапсырма: мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын талдау.
-
2-тапсырма: INSERT стратегиясы бойынша кестені толтыру:
ҮБілемін—Білмеймін+Мен үшін жаңалық?Мені таң қалдырды
2-орталық: Шығармашылық орталық
-
1-тапсырма: ұнаған мақал-мәтелдерді көшіріп, мағынасын топта талқылау:
- А) Ел көркі — мал, өзен көркі — тал.
- Ә) Бақпаса мал өспейді, баптамаса егін өспейді.
- Б) Ат қадірін білмесең — жаяушылық көрерсің; ас қадірін білмесең — ашаршылық көрерсің.
-
2-тапсырма: келесі сөздердің біреуіне ребус құрастыр:
Қауын Алма Бидай Жылқы Сиыр Түйе Тауық
-
3-тапсырма: «Бес жол өлең» стратегиясы (тақырып сөздері):
Күріш Қой Ешкі Тауық Жүгері
3-орталық: Ақпарат орталығы
Дарынды оқушыларға
Балаларға арналған танымдық энциклопедиялар (Аруна баспасы).
Үлгерімі төмен оқушыларға
- Суретті бояу.
- «Мал шаруашылығының дамуына нелер қажет?» тақырыбында топтастыру жасау.
Бағалау парағы (үлгі)
| Оқушының аты-жөні | 1-тапсырма | 2-тапсырма | 3-тапсырма | 4-тапсырма | 5-тапсырма |
|---|---|---|---|---|---|
| — | — | — | — | — | — |
IV. Сергіту сәті
1 минутАл, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
V. Қорытынды: Венн диаграммасы
7 минутИнтербелсенді тақтадағы суреттерге сүйене отырып, оқушылар егіншілік пен мал шаруашылығының айырмашылығы мен ортақ белгілерін анықтап, қорытынды жасайды.
Егіншілік
- Дақыл өсіру, өнім алу.
- Жер өңдеу, егіс, суару.
- Ауылшаруашылық техникасын қолдану.
Ортақ қасиеттері
- Адам еңбегін, төзімділікті қажет етеді.
- Табиғат жағдайына тәуелді.
- Ел экономикасына және тұрмысқа маңызды.
Мал шаруашылығы
- Төрт түлікті өсіру, өнім өндіру.
- Жем-шөп, күтім, жайылым ұйымдастыру.
- Малға қатысты дәстүр мен тәжірибеге сүйену.
Бағалау
5 минутСпикерлер бағалау парақтары бойынша қорытынды жасап, топ жұмысының нәтижесін жариялайды.
Үй тапсырмасы
1 минут- Мәтін мазмұнын айту.
- Егін және мал шаруашылығында қолданылатын машиналардың суретін салып келу.
- «Ауылда малды қалай бағады?» тақырыбында шағын әңгіме жазу.