Менің сөзім қайсысы
Сырым мен Малайсарының шешендік сөздері
Бұл сабақта оқушылар шешендік өнердің мәнін түсініп, Сырым шешен мен Малайсарыға қатысты даналық сөздер арқылы ой қорытуға, пікірін дәлелдеп айтуға және шығармашылық тапсырмалар орындауға дағдыланады.
Мақсаттар
- Барлық оқушылар: шешендік өнер туралы түсінік қалыптастырады; шешендердің даналық сөздерімен танысып, өзіндік ой қорыта алады.
- Кейбір оқушылар: топ жұмысын ұйымдастырып, шығармашылық тапсырмаларды орындайды; оқулықтан тыс дереккөздерден шешендік сөздер тауып, оқиды.
- Басым бөлігі: шешендік сөздерді толық меңгеріп, шығармашылық тапсырмаларды сапалы орындайды.
Оқыту нәтижесі
Оқушылар шешендік сөздермен жан-жақты танысып, функционалдық сауаттылығын арттырады; шығармашылық тапсырмалар орындап, өз ойын еркін әрі дәл жеткізе алады.
Әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (білу)
- 1 Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
- 2 Топқа бөлу: 1-топ — Төле би, 2-топ — Тайкелтір, 3-топ — Қазыбек.
2) Үй тапсырмасын тексеру
- «Менің сөзім қайсысы?»
- Шешендік сөздерді мазмұндау.
3) Түсіну: мағынаны тану
Бағытталған оқу әдісі арқылы Сырым мен Малайсарының шешендік сөздерінің мәні ашылады: сөздің түйіні, айтылу жағдайы, тәрбиелік мағынасы талданады.
4) Қолдану: шығармашылық жұмыстар (диагностикалық карта)
- 1 «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар», — дейді халық.
- 2 «Бала, менің не жөнімді сұрайсың?» — дейді Малайсары ренжіп.
- 3 «Әлім болсаң — әліңді біл, ағайынның құнын бер», — дейді Сырым.
- 4 Баланың екі түрі болады: үй баласы және ел баласы.
Тапсырма: әр сөйлемнің астарлы мағынасын анықтап, өмірлік мысалмен байланыстырып, қысқаша қорытынды жазыңыз.
5) Талдау: рөлдік ойын және жағдаяттарды шешу
1-топ
Бір кітапқа таласып қалған екі баланы татуластырып, төрелік айтыңыз.
2-топ
«Балдәурен» байқауында сіз төрешісіз. Ақтық сында өте талантты Әлия мен Қуаныш өнер көрсетеді. Соңғы сөз бен таңдау сіздікі: қандай шешім қабылдайсыз?
3-топ
Сабаққа асығып бара жатып, көшеде баласын жетектеп келе жатқан қарияны қағып кетесіз. Қария құлап, немересі қорыққаннан жылайды. Сіз не істейсіз?
6) Сергіту сәті
Егер сіз Сырым шешеннің орнында болсаңыз, қалай жауап берер едіңіз?
7) Жинақтау: жедел тест
- 1 Сырым кімнен бата алуға келеді?
- 2 Байұлының барымтаға барған жігітін қай рудың адамдары өлтіреді?
- 3 Сырым мінген ат қандай?
- 4 Сырым екі жолдасымен кімнің үйіне түседі?
- 5 «Басқа пәле неден?»
8) Бағалау және кері байланыс
Рефлексия сөйлемдері
- Бүгін мен … білдім.
- Маған … қызық болды.
- Маған … қиын болды.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы житондар арқылы бағаланады (қатысу, дәлел, тіл мәдениеті, топтық жұмыс).
Үй тапсырмасы
- Мәтінді мазмұндау.
- Тақырып бойынша тест құрастыру.