Қазақ әдебиеті оқулығы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Автор және оқу орны

Павлодар облысы, Железин ауданы, Железин №3 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Зеймуллаева Торгынай Сабитовна.

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаев: «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа».

Негізгі өзек — өлең арқылы ән мен күйдің адам жан дүниесіне әсерін таныту, саз өнерінің құдіретін ұғындыру.

Мақсат, міндеттер және күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты

Ән мен күй туралы өлеңді талдай отырып, саз өнерінің қуатын, тәрбиелік және рухани маңызын түсіндіру.

Міндеттері

  • Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту арқылы поэзия мен саз өнеріне қызығушылық пен сүйіспеншілікті арттыру.
  • Оқушыларды өз ой қорытындысын жасауға, шығармашылық жұмысқа бейімдеу.

Күтілетін нәтиже

  • Ән өнеріне қызығушылығы артады.
  • Шығармашылық жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.
  • Өз ойын еркін әрі дәлелді жеткізе алады.

Әдіс-тәсілдер және ресурстар

Сабақтың әдістері

Жеке, жұптық, топтық жұмыс; әңгімелеу, түсіндіру, пікір алмасу, диалог; талдау, салыстыру, ой толғау.

жеке жұптық топтық диалог талдау салыстыру

Сілтемелер мен әдебиеттер

  • Қазақ әдебиеті оқулығы. Қ. Әбдезұлы, С. Тұрсынғалиева. Астана: Арман-ПВ, 2012.
  • Хрестоматия. Қ. Әбдезұлы, С. Тұрсынғалиева. Астана: Арман-ПВ, 2012.
  • Жұмыс дәптері. Қ. Әбдезұлы, С. Тұрсынғалиева. Астана: Арман-ПВ, 2012.

Көрнекіліктер

Интербелсенді тақта, флипчарт, доп, гүлдер, қазақ әдебиеті оқулығы.

Сабақ барысы (құрылымы)

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут
  • Психологиялық ахуал қалыптастыру.
  • Әр елдің амандасу үлгілерін көрсету.
  • Сыныпты сан арқылы екі топқа бөлу.

Білімді өзектендіру (ой-толғаныс)

7 минут

Абай мұражайы туралы бейнефильм көрсету. Одан кейін «Серпілген сауал» стратегиясы арқылы сұрақтарға жауап беру.

«Серпілген сауал» сұрақтары

  1. Абайдың балалық шағы туралы не білесіңдер?
  2. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің негізгі идеясы қандай?
  3. Шендестіру дегеніміз не?
  4. «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін кім аударған?

Түсіну

7 минут
  • Абайдың «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» өлеңін мәнерлеп оқу.
  • «Ән адамның көңіл күйінің көлеңкесі» деген ойды түсіндіру.
  • «Әннің естісі бар, есері бар» тіркесінің мағынасын ашу.

Қолдану

7 минут

Талқылау сұрағы

Әннің адамның ойлау қабілетіне, сезім күйіне әсері орындаушыға байланысты екенін ақын қай шумақта аңғартады?

Талдау бағыты

Әннің адам өміріндегі орнын ақын қалай суреттеген? Мысалдармен дәлелдеу.

Талдау

7 минут

Сергіту сәті

Қысқа сергіту жаттығулары.

2 минут

Практикалық жұмыс

  • Семантикалық кесте толтыру.
  • Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындату.

Жинақтау

7 минут

Салыстыру тапсырмасы

«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» және «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдерін салыстыру: идеясы, көңіл күйі, көркемдік тәсілдері, музыкалық-лирикалық сипаты.

Бағалау

6 минут

Шығармашылық жұмыс

«Жүректен жүрекке жеткен Абай әндері» тақырыбында эссе жазу.

Қорытынды ескерту

Қажет болған жағдайда сабақ материалының толық нұсқасын жүктеу ұсынылады.