Астана қаласына қысқаша шолу

Технологиялық карта

Білім беру саласы
Таным, Қатынас, Шығармашылық
Оқу іс-әрекеті
Тіл дамыту
Тақырыбы
Ел тілегі – Тәуелсіздік
Мақсаты
Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсінік беру, балалардың сөздік қорын дамыту. Тәуелсіздік туралы ойларын қалыптастыру арқылы Отанын қорғайтын, елжанды азамат тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын
Көрнекіліктер
ҚР рәміздері, слайд, Астана қаласының суреті, Л. Асанова мен Қ. Рысқұлбековтің суреттері
Мекеме және автор
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Жамбыл орта мектебі КММ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Тауданбекова Гүлбахыт Тауданбекқызы.

Мерекелік ертеңгілік барысы

Бұл мәтін – Тәуелсіздік күніне арналған «Ел тілегі – Тәуелсіздік» атты ертеңгіліктің сценарийі. Іс-шарада балалар Қазақстанның рәміздерін танып, Отан, отбасы, бірлік туралы ойларын жеткізеді.

Тәрбиешінің құттықтауы

Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті халқымызға бақ қонып,
Кетпесін туған жердің берекесі.

Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар! Бүгін Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Ел тілегі – Тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Алдарыңызда Жамбыл орта мектебінің «Балбөбек» шағын орталығының тәрбиеленушілері. Қарсы алыңыздар!

Сахналық көрініс

  • Балалар «Жаса Қазақстан» әуенімен залға кіріп, айналып келіп ортаға тұрады (қолдарында гүл шоқтары).
  • Күй орындалады.

Тәуелсіздік туралы шумақ

Жиырма төрт жыл, жиырма төрт жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк Ту менен бостандық.

Көк байрағы желбіреген, абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. Баршаңызды ұлық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Ата-аналарға сый

Құрметті ата-аналар! Осы мерекеге арнап бүлдіршіндеріміз жапсыру сабағында өз қолымен жасаған гүл шоқтарын сіздерге тарту етеді.

(Балалар гүл шоқтарын ата-аналарға тапсырады.)

Саяхат: Өскемен – Астана

Алдар Көсе Астанада Тәуелсіздіктің 24 жылдығына арналған той өтіп жатқанын айтып, балаларды сол мерекеге шақырады. Балалар «пойызға отырып», сапарға аттанады.

Жолға шығу

Екінші тәрбиеші: «Өскемен – Астана» пойызына отыруға дайындалыңыздар. 5 минуттан кейін пойыз жолға шығады.

(Компьютерден пойыз дыбысы қосылады.)

Астанаға келу

Тәрбиеші: «Міне, Астанаға да келіп жеттік». Осы жерде слайд арқылы қалаға қысқаша шолу жасалады.

Сұрақтар: Ел және рәміздер

Елбасымыз кім?

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

(Слайдтан көрсетіледі.)

Мынау не?

Ту. Тудың түсі — көк. Туда күн мен қыран бейнеленген.

Мынау не?

Елтаңба. Елтаңбада шаңырақ, екі пырақ, жұлдыз және «Қазақстан» деген жазу бейнеленген.

Түйін

Мемлекеттік рәміздер — елдіктің айғағы, бірліктің нышаны.

Дидактикалық ойын

«Картаны құрастыру» және «Туды құрастыру» ойыны: балалар екі топқа бөлініп, үстел басында тапсырмаларды орындайды.

Отан туралы әңгіме, ән және тақпақ

«Отан деген не?» — балалар жауабы

Еркеназ

Отан — менің әжем мен атам.

Арман

Отан — менің шағын орталығым.

Нұрайна

Отан — менің отбасым.

Тәрбиеші қорытындылайды: әр адамның өз Отаны болады. Отан — туған жеріміз, отбасымыз, тобымыз, айнала қоршаған ортамыз. Осылардың барлығы бірігіп Қазақстан деген үлкен, ғажап елді құрайды.

(Тәрбиеші: «Отбасы туралы орысша қандай өлең жолдарын білесіңдер?»)

Ән: «Ақ мамам»

Сөзі: С. Ә. Дүйсенбиев · Әні: Ә. Бейсеуов

Ел жатқанда жатпаған,
«Мен» деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың
Аман-сау жүр, ақ мамам.

Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген.
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен.

Алдар Көсе балалардың өнерін тамашалағысы келетінін айтады. Ән арқылы отбасы жылуы мен шаңырақтың қадірі айқындалады.

Қазақстан туралы тақпақтар

Ерсұлтан

Отан деген — Атамекен,
Отан деген — туған жер.
Отан — Ана,
Отан — үлкен Қазақстан — туған ел.

Әли

Отанды біз Атамекен
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен Атамыз.