Сөздік қорларын байыту
Мақсаты
Білімділік
Оқушылардың экономикалық және стратегиялық ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Технология пәнінен алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтау.
Дамытушылық
Білімге деген құштарлықты арттыру, қызықтыру арқылы білімді тереңдету, зияткерлік қабілетті дамыту. Сөздік қорды байыту.
Тәрбиелілік
Оқушыларды отансүйгіштікке, бір-бірін сыйлауға және ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар
- Тест тапсырмалары
- Жауап парақтары
Барысы
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас өрендер! «Білім биржасы» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер! Бұл ойында №3 мектептің 8 «А» сынып оқушылары өз білімдерін сынайды.
Қатысушылар
Ойынға 6 оқушыдан тұратын 3 топ қатысады. Ойын 4 турдан тұрады.
«Болашақ – білімділер» тобы
Ұраны: Болашақтың ұрпағымыз білімді, сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
«Эврика – тапқырлар» тобы
Ұраны: Тапқырлық таныту мақсатымыз, біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
«Асыл тас – білгірлер» тобы
Ұраны: Асыл тастан шығады ұранымыз, мектептің көкке шырқар қыранымыз.
Эксперт
Әр топтың жинаған капиталын есептеп отыратын эксперт: мектептің технология пәні мұғалімі Оразбаев Алмат Андақұлұлы.
Әбу Райхан әл-Бируни: «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім».
Ахмет Байтұрсынов: «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы».
Турлар құрылымы
-
І тур. Білім аукционы
6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап арқылы топ өз ақша қорын көбейтеді.
-
ІІ тур. Эрудиттер сайысы
Әр топ тест тапсырмаларына жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін ақша қосылады.
-
ІІІ тур. «Таңдау – табыс»
Таңдалған санға сәйкес берілген тапсырма орындалады.
-
IV тур. Сыйлықтар аукционы
Жиналған ақша қоры сыйлықтарға айырбасталады.
І тур — «Білім аукционы»
Ақша бірлігі
Сауда «теңге» бірлігімен жүргізіледі.
Бастапқы капитал
Әр топтың қорында бастапқыда 50 теңге бар.
Бағалау тәртібі
Сұрақтың бастапқы бағасы — 10 теңге. Бағаны әр жолы 5 теңгеге көтеруге болады.
Маңызды ереже
Егер топ өз қорындағы барлық соманы сұраққа жұмсап, қате жауап берсе, топ банкрот болады және аукционға қатыса алмайды.
1-сұрақ — Қауіпсіздік ережесі
Бастапқы баға: 10 теңге
Сұрақ: Материалды аралағанда қандай құралды пайдаланамыз?
Жауап: Материалды аралаған кезде құралдың жүзін демеу үшін арнайы бағыттағыш қолданылады.
2-сұрақ — Қауіпсіздік ережесі
Сауда арқылы анықталады
Сұрақ: Станокқа дайындаманың дұрыс бекітілгенін қанша минут сайын тексеру керек?
Жауап: Әр 2–3 минут сайын станокты өшіріп, тексеру керек.
3-сұрақ — Егіншілік шаруашылығы
Сауда арқылы анықталады
Сұрақ: Арнайы дайындалған топыраққа тұқымды салу қалай аталады?
Жауап: Арнайы дайындалған топыраққа тұқымды салу егу деп аталады.
4-сұрақ — Егіншілік шаруашылығы
Сауда арқылы анықталады
Сұрақ: Органикалық тыңайтқыштарды атаңыз.
Жауап: Көң, тезек, қорда, жасыл тыңайтқыш, шымтезек.
5-сұрақ — Егіншілік шаруашылығы
Сауда арқылы анықталады
Сұрақ: Калийдің дәнді дақылға әсері қандай?
Жауап: Өсімдіктің ауруға төзімділігін арттырады, өнімнің сақталғыштығын және тасымалдауға шыдамдылығын күшейтеді. Эстетикалық және дәмдік сапасын жақсартады.
6-сұрақ — Егіншілік шаруашылығы
Сауда арқылы анықталады
Сұрақ: Екі фазалы егін жинау бір фазалыға қарағанда қанша күн ерте жүргізіледі?
Жауап: Дәннің ылғалдылығы 25–35% болып, ақшыл-сұр тартып піскеннен кейін екі фазалы жинау бір фазалыға қарағанда шамамен 4–12 күн ерте басталады.
І тур аяқталғаннан кейін эксперт үш топтың жинаған капиталын есептеп, қорытындылайды.
ІІ тур — «Эрудиттер сайысы»
Әр топқа тест тапсырмалары беріледі. Топ мүшелері бірлесе отырып орындайды. Әрбір дұрыс жауаптың құны — 10 теңге.
Ғабиден Мұстафин: «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой; ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті».
Тест тапсырмалары
-
1) Металды шапқанда қандай қорғаныс құралын киесің?
- а) қолғаб
- ә) алжапқыш
- б) көзілдірік
- в) бас киім
-
2) Металды қайшымен кескенде қандай қорғаныс құралын киесің?
- а) қолғаб
- ә) алжапқыш
- б) көзілдірік
- в) бас киім
-
3) Минералдық тыңайтқыштар:
- а) көң, тезек, фосфор
- ә) калий, фосфор, азот
- б) тезек, қорда, жасыл тыңайтқыш
- в) қорда, азот, шымтезек
-
4) Азоттың дәнді дақылға әсері:
- а) энергия мен сутегін жеткізеді
- ә) зиянкестерден қорғайды
- б) өсімдіктің денесі мен массасы ұлғаяды
- в) тасымалдауға шыдамдылығы артады
-
5) Астық өсіру айналымы бойынша қалай бөлінеді?
- а) жаздық, қыстық
- ә) көктемдік, күздік
- б) жаздық, күздік
- в) көктемдік, қыстық
-
6) Астықтың орташа өнімділігі:
- а) 9 ц/га
- ә) 7–8 ц/га
- б) 10–13 ц/га
- в) 15–20 ц/га
Қорытынды
ІІ тур аяқталған соң эксперт үш топтың жинаған ақшасын есептеп, нәтижесін хабарлайды.
Абылай хан: «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік».
Келесі кезең — ІІІ тур: «Таңдау – табыс» (берілген сандар бойынша тапсырмалар орындау).
Осылайша «Білім биржасы» ойыны білімді бағалауды, топпен жұмыс істеуді және жауапкершілікті күшейтетін қызықты форматта ұйымдастырылады.